Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет



бет4/10
Дата10.11.2016
өлшемі2,31 Mb.
#1471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ендігі ретте Орал қаласындағы педагогикалық колледжінің аға оқытушысы Н.Мусинаның 2-3-4-сыныптарды біріктіре өткізген сабағының үлгісін келтірейік.


2-СЫНЫП

3-СЫНЫП

4-СЫНЫП

Сабақтың тақырыбы:

Жіңішке дауысты дыбыстар, олардың айтылуы мен жазылуы

Буындардың екі түрлі айтылуы мен жазылуы


Қос сөздердің күшейткіш буын арқылы айтылуы.


Сабақ мақсаты:

Жіңішке дауысты дыбыстарды игерту, олардың айтылуына қарай жазылатынын есте қалдыру.

Буын туралы білімдерін тиянақтау, дыбыстың әсерінен буынның екі түрлі айтылып, жазыла-тындығын меңгерту.


Қос сөз туралы түсі-ніктерін толықтыру, сөздің алдынан кү-шейткіш буын қосу ар-қылы жаңа мағыналы сөз жасауға болатын-дығын меңгерту.

ә) Тәрбиелік мәні:

Отанды сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу, эстетикалық сезімін қалыптастыруға, ізгілікке баулу.

б) Ой-өрісін дамыту

Әр сынып оқушыларынан сұраққа жауап алып, талдау-жинақтау әдісі арқылы оқушылардың ой-өрісін арттыру.

С а б а қ к ө р н е к і л і г і:

Сурет: (Алма, әтеш, қарбыз, көгершін, орақ, ұя, құс, түйе)

Перфокарта


«Қай дыбысты жоғалт-тым?»

Бар-бер


«Тез тап!»

Асылан-Ерлан



1.Қос сөзге сөйлем жаз.

Сан-сән

Күн-құн


ОР-өр

Ыс-іс


Асан-Әсет

Үміт-Ұлдай

Омар-Өркен

Ыбырай-Іңкәр



2. мына сөздерге (үйрек-қаз, тау-тас) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.

3. мына қос сөздерге (айта-айта, бара-бара) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.



Кесте

Жуан дауыстылар:

а, о, ы, ұ;

Жіңішке дауыстылар:



ә, е, ө, і, ү.

Жуан буынды сөздер: орман, ыдыс, құлын.

Жіңішке буынды сөздер:



бәйшешек, өріс, үлкен.

қып-қызыл, әп-әдемі, біп-биік, тіп-тік, жып-жылы, тәп-тәтті, өп-өткір, қап-қара.

а)Күйтабақ.

ә) Жұмбақ жазылған плакат. Кіп-кішкене қараша,

Тұрған жері тамаша.

Бірақ сәтте жер-көкті,

Алады шарлап қараса. (Көз)

б) магнитофон. «Отан». (Ө.Тұрманжановтың өлеңіне жазылған).

в) мазмұнды сурет (көктемгі табиғат көрінісі).

г) тақтамен жұмыс. «Отан». Ө.Тұрманжанов.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді,

Отан дейміз туған жер, атамекен.

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, тас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгіме.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың түрі: шеберлік пен дағдыны қалыптастыру, жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың барысы: Тақтаға ілінген суреттер бойынша сөздік диктант жазу.



Жазылған сөздердегі жуан дауысты дыбыс-тардың астын бір, жі-ңішке дауысты дыбыс-тардың астын екі сызу.


Жазылған сөздерді шартты белгісімен буынға бөліп, буындардың жуан және жіңішке болып келетінін ажырату.

Перфокартамен жұмыс.

1.Қос сөз деген не?

2.Жазуда қос сөздің арасына қандай белгі қойылады?

3. Қос сөздер қалай жасалады?

4.Қос сөзге екі сөйлем жаз.

5.Мына қос сөздерге (үйрек-қаз, тау-тас) сөйлем құра.

6. Мына қос сөздерге (айта-айта, бара-бара) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.


Ескерту: ...- Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс. ..- Оқушылың өздігінен орындайтын жұмысы.

Тапсырманы қалай орындағандарын бір-біріне тексерттіру. Осы кезде дайындалған кестені пайдалануға болады.









Перфокарта бойынша берілген тапсырманы қалай орындағандарын тексеру, бағалау. Көрнекілігіне дайындалған кестені пайдаланып, күшейткіш

буын арқылы да қос сөз жасалатынын түсіндіру.



...Тапсырманы қалай орындағандарын тез қарап шығу.

«Қай дыбысты жоғалттым?», «Тез тап» ойынын ойнату.









Тақтадағы суреттерді пайдаланып, күшейткіш буынды қос сөзі бар сөйлемдер жазуды тапсыру.

Көрнекіліктегі жазылмаған дауысты дыбысты таптырып, оның жуан не жіңішке дауысты дыдыбыс екенін анықтау және сөз мағынасына көңіл бөлу. Әр сөзді мұғалім оқып тұруы керек: Сан-сән,

күн-құн, ор-өр, ыс-іс.



Бірінші дыбысы аталған дауысты дыбыстан басталатын кісі аттарын айту. Айтылған кісі аттарының жуан не жіңішке буынды сөз екенін анықтау. Асан-Әсет; Үміт-Ұлдай;

Омар-Өркен; Ыбырай-Іңкәр.



Мысалы: Ағашта қып-қызыл алма өсіп тұр. Біздің үйде әп-әдемі әтеш бар және т.б.

Оқулықпен жұмыс.

68-жаттығу.

169-жаттығу.

... Сурет бойынша жазған сөйлемдерін тексеру, ондағы қос сөздің жазылуына көңіл бөлу.

...Жаттығуды қалай орындағандарын тексеріп, бір-бірінің білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.






.. Оқулықпен жұмыс.159-жаттығу.

...Жаттығудың қалай орындалғанын тексеріп шығу.

...Сергіту. Музыкамен қозғалыс жасау. (Күйтабақ).

...Жұмбақ жазылған плакат. Шешуін тапқан соң, асты сызылған сөздерге тақырыпқа байланысты талдау жасау. Үш сынып оқушыларын қатар қатыстыруға болады.

Көз сөзіндегі дауысты дыбысты ата, ол жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па?

«Көз» сөзінде неше буын бар, ол қандай буын, себебін түсіндір.

Жұмбақта қос сөз бар ма?

Кіп-кішкене (күшейткіш буын), жер-көкті (әр түрлі сөз). Қос сөздер қалай жасалған?



Сабақты қорытындылау. «Отан» (Ө.Тұрманжанов). ...Өлеңді магнитофоннан тыңдату, мәтін мазмұнына сай сурет пайдалану, өлеңді қалай түсінгендерін сұрау.

Тақтаға осы өлеңнің бірінші шумағын бұрын жазып қойып, мәтінді қалай түсінгендерін байқаған соң:



Өлеңнің 1-2 тармағынан дауысты дыбыстарды таптыру, астын жаздыру. Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді,


Өлеңнің 3-4-тармағындағы сөздерді буынға ажыраттыру. Отан дейміз туған жер, атамекен.

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.


Өлеңнің 4-тармағындағы сөздерді пайдаланып, күшейткіш буынды сөз тіркестерін айтқызу.

Біп-биік тау, қап-қалың орман, кеп-кең тоғай, үп-ұлкен көл.

2-3-сынып оқушылары жаңылысса, 4-сынып оқушыларының толықтыруына болады.

...Үйге тапсырма: §4. 67-жаттығу. §15. 168-жаттығу §13. 166-жаттығу

Кербұлақ ауданы, Көкбастау шағын комплектілі бастауыш мектеп мұғалімі Н.Базарбаеваның біріктірілген 1 және 2 сыныптарға арналған күнделікті сабақ жоспарын келтіреміз.

Сабақ: математика


1- сынып

2 сынып

Тақырыбы :

7 санын қосу және азайту тәсілі.

(89-90 б.)



78+22 және

100-22 жағдайларындағы

қосу мен азайту тәсілі


Мақсаты :

  1. 7 санының құрамын білуге үйрету;

7 санының құрамы жайлы түсінікті 2 санның қосындысы түрінде жазуды,

сәйкес кері амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру.



Санның құрамы, амалдардың қасиеттерісәйкес ондықтар мен бірліктерге амалдар жүргізу сияқты білімге сүйене отырып, орындалатын қосу мен азайту тәсілдерін түсіндіріп беру.

  1. Өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

Цифрларды дәптерге әдемілеп жазуды жаттықтыру.

  1. Оқушыларды адамгершілікке баулу; тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Әдістері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімен.

Көрнекілігі: разрядтық кесте, карточка, суреттер, үнтаспа.

Формасы: Ұжымдық-дербестік.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру барысында байқалған кемшіліктерді жою, білімін, білікті бағалау.



ІІ. Өткен материалды қайталау:

1.Оқушылардың білімін тексеру

а) тез есептеу сәті.

ә) көркем жазу.


7 . . . . . . . 1

70 . . . . . . . . . 79

б) матем диктант

7 бірлік

5 бірлік

3 бірлік



7 ондық 3 бірлік,

9 жүздік, 4 бірлік

8 жүздік, 6 ондық


ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:

Практикалық іс әрекет:



  1. 7 асықты қоржынның екі басына қалай бөліп салуға болады?

7 = 1 + 6 7= 2 + 5

7 =3 + 4 7 = 4 + 3

7= 5 + 2 7 = 6 +1 7 = 7 + 0

2. Өздігімен жұмыс:

№ 1ж.  + 7

қосындыларды құрастырады

№ 1ж.  - 7

қосынды кестесінің негізін туындайтын жағдайларды қарастыру.

3. Тақтада ілініп тұрған сюжетті суреттерге сәйкес әңгіме құрып, 7 цифрын пайдаланып, 7 санының құрамын схемаға сәйкес анықтау.

7 7 7 7
6 1 5 2 3 4 7 0

Бұл тұста қосудың ауыстырымдылық

қасиетін еске түсіру арқылы білімі

бекітіледі.


1. 70 асықты қоржынының екі басына қалай бөліп салуға болады?

70 = 70 + 0 70 = 10 + 60

70 = 20 + 50 70 = 30 + 40

70 = 40 + 30 70 = 50 + 20

70 = 60 + 10 70 = 0 + 70


  1. № 1ж. Мұғ. басш. жұмыс. Оқуш. назарын берілген 4 мысалға аударту:

  1. + 22

70 + 20, 8 + 2. 90 + 10

мұнда, 78 + 22 қосындысын ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жазып, 78 + 22 =

(70 +8) + (20 + 2), содан кейін терімділік қасиетін пайдаланып мынандай жазу шығарып беріледі:

78 + 22 = (70 +20) + (8 + 2),

осыған сүйеніп ондықтан аттайтың жағдайлардағы түрлі тәсілдерді қалай пайдалануға болатының түсіндіреді:

78 + 22 = (78 +20) + 2

78 + 22 = (78 +2) + 20


  1. №2 ж. – оқуш өздігімен орындайды:

66 + 34 = (60 +6) = (30 + 4)

66 + 34 = (60 +30) = (6 + 4)

66 + 34 = (66 +4) + 30

66 + 34 = (66 +30) + 4



Сергіту сәті.

Үнтаспа музыка ырғағына сәйкес.

Оңға, оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр

Алға қарай бір адым,

Атрқы қарай бір адым.

Жоғары- төмен қарайық

Орнымызды табайық.


IV. Оқылған материалды бекіту кезеңі:

2.№3 жұмыс. Мұғ.басш жұмыс

100 – 22; 100 – 10;

90 – 20; 10 – 2; 70 + 8;

Мына жазулар нені білдіреді? – деп талдай отырып

айырманың мәнін түсіндіруге болады.

100 – 22 = (100 – 20) – 2;

100 – 22 = (100 – 2) – 20.



5. 1) №3 – дәптермен , өзіндік жұмыс

көк к. минус 9 см

қызыл к. + 7 см ?

ж.к. – 3 см

9 < 7 + 3


2) Практикалық жұмыс – дәптерге кесінділерді сызып, тапсырмаларды орындайды.


  1. №4 ж оқуш. өз бетімен орындайды.

100 – 34; 100 – 0,

90 – 30, 10 – 4, 60 + 6,

100 – 34 = (100 – 30) – 4

100 – 34= (100 – 4) – 30



IV. Оқылған материалды бекіту кезеңі.

6. Өздігімен есептер шығарады:

  1. № 4

Үлкен қ – 10 ? артық

Кіші қ – 7

10 – 7 = 3

3 – үі артық



  1. № 5. Салыстыр.

9 – 3 9 – 4

9 – 5 9 – 6

9 – 7 9 – 8

9 – 1 9 – 2



№ 5.

Қ – 35 тг.

Т. қ. – 28 тг. қымбат ?

36 + (36 + 28) = 100 тг.

Жауабы = 10 тг.

№ 6 - әр қатардағы сандарды кему ретімен жаз.





IV. Өткен сабақты бекіту кезені:

Мұғ.: Балалар, біз бүгінгі сабақта 7 санының құрамымен таныстық, ал енді одан басқа



  • 7 саны қандай сан, ол сан туралы не білесіңдер?

  • «Жеті ата, «Жеті» қазына;

  • «Жеті күн», «Жеті шелпек»

  • 7 саны туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  • «Жеті рет өлшеп, бір рет кес»;

  • «Жерден жеті қоян тапқандай».

V. Қорытынды кезен:

1) Үйге: Жасыл қоршаумен берілген тапсыманың шешуін табу.

2) Оқушылардың білімін бағалау.


  1. Сабақты қорытындылау.

М.Сайпин «Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту» атты еңбегінде күнделікті сабақ жоспарын жасауда мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмысты екі жұлдызшамен (**), ал өзіндік жұмысты бір жұлдызшамен (*) белгілеуді ұсынады. Біз осы ұсынысты басшылыққа алып, сабақ жоспарымен дайындауда рет нөмірінің маңдайшасына жұлдызшаларды сәйкесінше белгілейміз.

Біріктірілген 1 және 2 сыныптардың күнделікті сабақ жоспары:


1 сынып

2 сынып

6 санын қосу және азайту

Білімді тиянақтау

Мақсаты

Санға 6-ны қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру, қосылғыштардың біреуі 6 болатын өрнектер құрастыра білуге және тез есептеуге дағдыландыру

Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту тәсілдерін көрсетіп беру, оны есептеулер жүргізуде қолдануға машықтандыру; есеп құрастыру және шығару, түрлендіру.

Сабақтың түрі; аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері; әңгіме, көрнекілік, оқулықпен жұмыс.

Көрнекілігі: карточкалар, геометриялық фигуралар, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

Ескерту: ** - мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс.

* - оқушылардың өзіндік жұмысы.



1 сынып

2 сынып


1** Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, қазір математика сабағы, мен сендерге жұмбақ оқимын, шешіп көріңдер.

а) Бір шеңберді бір шеңбер

Көтеріп тұр білсеңдер.

Бұл не? (8 саны)

ә) Бүкірлеумін, имекпін

Мойынындай үйректің

Оқымасаң, білмесең

Мені аласын күнде сен. ( 2 саны)

2** Өткен материалмен жұмыс

а) Сандарды оқы, жаз:

Тақтада мынадай сандар жазылған?

Бір таңбалы сандарды 1 сынып, екітаңбалы сандарды

2 сынып оқушылары жазады.

0, 1, 14, 26, 3, 80, 18, 5, 91, 7.

(жазу барысында әр сынып оқушыларыда дауыстап, қандай санды жазғанын айтып отырады).

ә) көркем жазу сәті

6. . . . . . . . . 1 66 . . . . . . . . . . 61

3. * + 6,  - 6 өрнектер жазыңдар.

3**. Жаңа материалмен жұмыс.

- Балалар № 1 жаттығуға қарайық не берілген?

- түсіндірмелер және кесте.

- Осы түсіндірмелер және кестені пайдаланып, жазбаша есептеу тәсілдерін үйренейік.



4**. Қандай қосындылар жаздық.

0 + 6 2 + 6 4 + 6

1 + 6 3 + 6 6 + 4

6 + 0 6 + 2

6 + 1 6 + 3

Енді мәнін табайық

- Неше қосынды болды?

- 10 қосынды.

- Басқа қосынды жаза аламыз ба? (жоқ)





5**. а) Оқулықпен жұмыс.

№ 3 жаттығуға қарайық

а) 0-ден болатын өсу ретімен жазайық. 0, 5, 10.

1-ден бастап, 4 сан аттай жазайық.

1, 6; 2, 7; 3, 8; 4, 9;

ә) Кему ретімен жазайық

10, 5, 0. 9, 4; 8, 3; 7, 2; 6, 1;


5*. № 2 жаттығуды талдап жіберейік.

(Тақтаға плакат ілінеді. Онда жазбаша есептеудің алгоритмі жазылған.) Сандарды баған түрінде жазып орындап көрейік.




6**. Сергіту сәті

Бір, еік, үш,

Дем аламыз жинап күш.

Қандай есеп болса да,

Шығарамыз біз.






7*. Сандардың парын табыңдар

әр оқушының тапсырмаларын алып, тексеремін.



  1. ** Балалар, № 3 тапсырмаға қарайық.

- Берілген өрнектердің мәнін тауып көрелік.

- Алдымен сандарды қалай жазатынымызды еске түсірейік.

- Бірінің астына бірін келтіріп, жазамыз.

- Осылай етіп, барлық мысалдарды өздерің орындаңдар.



8.** Әр оқушының білім деңгейлерін тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі.

№ 1 тест

  1. 6 + 1

а) 5 ә) 6 б) 7 в) 4

№ 1 тест

  1. 15 + 10

а) 20 ә) 25 б) 30 в) 35

№2 тест

х + 0 = 5

а) 5 ә) 4 б) 3 в) 6


№2 тест

х + 2 = 24

а) 22 ә) 24 б) 25 в) 26


№2 тест

Нүктені тап.

а) ○ ә) б), в) .


№2 тест

Шаршыны тап

а) ○ ә) б), в) .

9. ** Сабақты қорыту

- Балалар біз сабақта не өттік?

- Математика сабағы сендерге ұнады ма?

10.** Бағалау:

Әр оқушы тапсырманы орындағанына қарай геометриялық фигуралар («5» - бесбұрыш, «4»-төртбұрыш, «3» –үшбұрыш, «2»-дөңгелек) таратылған. Фигуралардың санына қарай оқушылардың білімі бағаланады.


5. ОҚУ ПӘНДЕРІНЕН ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР (Слайдтар түрінде)

Мұнда қазақ тілі мен математикадан тапсырмалар ұсынылып отыр. Әр нөмір бір слайдты білдіреді.



ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ БАҒДАРЛАНҒАН ЖАҒДАЯТТЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

1. Дыбыс пен әріп туралы алған біліміңді пайдалана отырып, жағдаяттан шығып көр.

Дыбыстар мен әріптердің бірлескен жиналысы болды. Үзілісте ән айтып сергіп қалғысы келген дыбыстар «Ән айтайықшы» деген ұсыныс жасады. «Біз ән айта алмаймыз»,– деп сыбырлады әріптер.



Ізденуді ұйымдастыр. Әріптерді неге айтуға, тыңдауға болмайтынын дәлелде.

2. Сөз құрамы туралы алған біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр.

  Саяхаттап жүрген балалар судың жанына келгенде айтысып қалды.

– Бұл – көл! –деді Самат.

– Жоқ, бұл көл емес, көлшік! – деді Мақсұт.



Қалай ойлайсың, балалар «көл» және «көлшік» сөздері үшін неліктен айтысты?

3. Сөйлем түрлері туралы алған біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр.

Бір топ бала «Қонақтар келді» деген сөйлемге таласты да қалды. Марғұлан бұл сөйлемді хабарлы сөйлем десе, Жәмила лепті сөйлем дейді. – Мұны сұраулы сөйлем деуге болады, – дейді Гүлназ.



Сендер қалай ойлайсыңдар?
Тіл дамыту тапсырмалары

1. Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр.



2. Тірек сөздерді қолданып, сипаттау мәтінін құрастыр.
Прямая со стрелкой 9

Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет