Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет



бет10/10
Дата10.11.2016
өлшемі2,31 Mb.
#1471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4. Есептеудің кестелік жағдайлары

Есептеудің кестелік жағдайлары дегеніміз бір таңбалы сандарға амалдар қолдану.

  • Қосудың кестелік жағдайлары екі кезеңге бөлініп қарастырылады:

І кезеңі 1-сыныпта бір таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда, ондықтан аттамайтын 16 теңдік және азайтудың сәйкес жағдайлары оқытылып- үйретіледі.

2+2

3+2 3+3

4+2 4+3 4+4

5+2 5+3 5+4 5+5

6+2 6+3 6+4

7+2 7+3

8+2

ІІ кезеңі 2-сыныпта бір таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда, ондықтан аттайтын 20 теңдік және азайтудың сәйкес жағдайлары оқытылады.

7+4 7+5 7+6 7+7

8+3 8+4 8+5 8+6 8+7 8+8

9+2 9+3 9+4 8+5 9+6 9+7 9+8 9+9

Көбейтудің кестесі 3-сыныпта оқытылады.

2*2

3*2 3*3

4*2 4*3 4*4

5*2 5*3 5*4 5*5

6*2 6*3 6*4 6*5 6*6

7*2 7*3 7*4 7*5 7*6 7*7

8*2 8*3 8*4 8*5 8*6 8*7 8*8

9*2 9*3 9*4 9*5 9*6 9*7 9*8 9*9

  • Көбейтудің теңдіктерін оқытудың әдістемесі:

М: 6 · 2 – бірдей қосылғыштардың қосындысы ретінде;

6 · 3=6 · 2+6=18; көбейтудің келесі санға көбейту кестесін оқыту үшін алдыңғы кесте қайталанады және көбейтудің анықтамасына сәйкес қай санға көбейтсек, сол санды қосамыз.



5. Есептеудің ауызша жағдайлары

Есептеудің ауызша жағдайлары дегеніміз есептеудің кестелік және жазбаша тәсілдерін байланыстыратын тәсіл.

  • Есептеудің ауызша жағдайлары алғаш 2-сыныпта қарастырылады. Оның мысалдары: екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды қосу және азайту (ондықтан аттайтын және аттамайтын жағдайлары); екі таңбалы санға екі таңбалы сандарды қосу және азайту; үш таңбалы сандарды қосу және азайту.

М: 24+3= (20+4)+3= 20+(4+3)

27-3=(20+7)-3=20+(7-3)

35+21=(30+5)+(20+1)=(20+30)+(5+1)

56-21=(50+6)-(20+1)=(50-20)+(6-1)

Көбейту мен бөлудің ауызша жағдайлары


  • 3-сыныпта оқытылып-үйретіледі: екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу (ондықтан аттайтын, аттамайтын, жүздіктен аттайтын жағдайлары); екі таңбалы санды екі таңбалы санға “сынап көру” тәсілі арқылы бөлу.

  • Қалдықпен бөлуге ерекше мән беру қажет: М: 7:2 мен 2:7 жағдайлары.

2:7 мәнін табуда, 2-нің ішінде 7 бір рет те бола алмайды. Сондықтан нәтижесінде 0 шығады және қалдық қалады. Бұл ілгеріде жазбаша бөлуге дайындық болып табылады. М: 24345-ті 23-ке жазбаша бөлу кезінде бірінші толымсыз бөлінгіш 24. Қалдық - 1, 3-ті түсіреміз, 13 шығады, кіші санды үлкен санға бөлгенде, 0 шығады, яғни 0-ді 23-ке көбейткенде, 0 шығады. “Екі санды қатар түсіргенде, нәтижеге 0 түсіріледі” ережесінің қажеттілігі жоқ.

6. Жазбаша есептеулер





  • 13546 4

. . . .

13546 4

12 3. . .

1

1<4 кем.


Жазбаша есептеулер дегеніміз амал алгоритмі. Алгоритм дегеніміз амал орындауда әр қадамды саналы түрде таңдап алу.

  • Қосудың жазбаша тәсілдері алғаш 2-сыныпта енгізіледі.

  • Бөлудің жазбаша тәсілдерін оқытып-үйретуде мына екі мәселеге оқушылардың назарын аударуларыңыз қажет:

1. Бөліндінің мәнінде неше таңбалы сандар шығатынына;

2. Қалған қалдықтың бөлгіштен кем болатынына.






6. Тестің үлгілері:

Тақырыбы: Көп таңбалы сандардың құрылуы, оқылуы, жазылуы.






Берілген тапсырманың мазмұны

Жауаптары

1.

Мына сандарды жаз:

Екінші кластың 207 бірлігі, ал бірінші кластың 435 бірлігі.

Екінші кластың 510 бірлігі, ал бірінші кластың 25 бірлігі

1. 435207; 24510

2. 207435; 510025

3. 207435; 510250



2.

Мына санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз. 327468

1. 30000 + 2000 + 7000 + 400 +68

2. 300000 + 20000 + 750 + 40 + 60 + 8

3. 300000 + 20000 + 7550 + 450 + 60 + 8


3.

Теңдеуді шеш:

63 : х =9



1. х = 63 – 9

х =54


2. х =63 +9

х =72


3. х =63 : 9

х =7


4.

Мына фигураның периметрін тап: 4 см

3 см


5 см

  1. 4 + 5 = 9 (см.)

  2. 4 + 3 = 7 (см.)

  3. 4 + 3 + 5 = 12 (см.)

Тестің келесі үлгісі:

Тақырыбы: Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық.

1.Жылдамдықты табу үшін. -----------------------------------------------

2.Уақытты табу үшін ------------------------------------------------------

3.Қашықтықты табу үшін ------------------------------------------------

4. Жылдамдық – 4 км/сағ

Уақыт – 3 сағат.

Қашықтық?

А) 12 км. Б) 7 км. С) 1 км.

5. Жылдамдық - ?

Уақыт – 5 сағат

Қашықтық - 20 км.

А) 12 км/сағ Б) 4 км/сағ С) 25 км/сағ

6. Қашықтықтың өлшем бірлігін тап.

А) км/сағ Б) сағат С) км.



Тестiң келесi түрi –тапсырмаға сәйкес келетiн жауапты таңдап алу, яғни “сәйкестендiру” тестi. Мұнда тапсырмалар бiр бағанға, жауаптар екiншi бағанға жазылады да, жауап берушi тапсырма – жауап түрiнде жұптар тiзiп жазады. М: а) Тiк төртбұрыштың ұзындығы, екi және ауданының өлшем бiрлiктерiн таңдап ал да, оларды жызып көрсет:

1. Ұзындығы А м2

2. Енi Б см

3. Ауданы В м

Жауабы: 1-Б, 2-В, 3-А.

ә) 12 : 2 = 6

1. 12 + А- бөлгiш

2. 6 + Б – бөлiнгiш

3. 2 + В – бөлiндiнiң мәнi

Жауабы: 1-Б, 2-В, 3-А.



Тестiң кең тараған түрiнiң бiрi – қарама-қарсы жауаптар (дұрыс –қате, ақиқат-жалған, жоқ-иә) көрсетiлiп берiлетiн тест нұсқасы жауаптардың дұрысын көрсету қажет болады.

М: а) Тiк төртбұрыштың ауданын табу үшiн ұзындығын енiне көбейту қажет.

Жауабы: дұрыс.

ә) Көбейткiштердiң орны ауысқаннан көбейтiндiнiң мәнi өзгермейдi.

Жауабы: иә.

б) 48-дiң 8-ге бөлiдiсi 9-ға тең.

Жауабы: қате.

в) Егер бөлгiштi бөлiндiнiң мәнiне көбейтсе, онда бөлiнгiш шығады.

Жауабы: иә т.б.

Тестiң ең кең тараған түрi ретiнде нақты тапсырма бойынша бiрнеше жауаптар (iшiнде бiреуi дұрыс) берiлетiн тест түрi.

Мысалы: а) Ауданның өлшем бiрлiгi:

а) см б) кг с) сағ д) см2 е) см 3

Жауабы: Д.

ә) 8-дiң төрттен бiр бөлiгi:

а) 2-ге б) 3-ке с) 4-ке д) 0-ге е) 8-ге тең

Жауабы: А.

б) 8 : 2 өрнегi –

а) көбейтiндi б) бөлiндi с) қосынды д) айырма е) бөлiнгiш

Жауабы: В.

в) Мектеп бағында 4 алмұрт ағашы және одан 2 есе артық алма ағашы бар. Алма ағашы нешеу?

а) 4 б) 5 с) 6 д) 7 е) 8

Жауабы: Е.

г) 420 : а = 60

а) 10 б) 12 с) 40 д) 70 е) 7

Жауабы: Е.



6. Бақылау жұмысының үлгілері

Біртекті тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысының үлгісі:

1. Есептің қандай амалмен шығарылатынын жаз:

Қорада 10 қозы бар. Ал лақтардың олардан 5-еуі кем. Қорадағы лақ нешеу?

Назымның 4 шары, ал Шынардың 3 шары бар. Барлық шар нешеу?

Ойын алаңында 9 бала бар еді. Олардың 4-еуі үйлеріне кетті. Алаңда неше бала қалды?

Асқардың 10 кітабы бар. Ерболдың 7 кітабы бар. Асқардың Ерболдан неше кітабы артық? Ерболдың Асқардан неше кітабы кем?

2. Есептің шешуін жаз және шығар:

Ажардың 10 дәптері бар еді. Ол 3 дәптерін інісіне берд. Ажардың неше дәптері қалды?

Дастанның 6 асығы бар, ал Ералидің 4 асығы артық. Ералидің неше асыығы бар?

Әртекті тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысының үлгісі:

1. Мынадай сандарды жаз: үш жүз; төрт жүз алпыс екі; бес жүз он; екі ондық тоғыз бірліктен тұратын; алты жүздік бес ондық үш бірліктен тұратын; тоғыз жүздік үш бірліктен тұратын; тоғыз жүздік алты бірліктен тұратын; жеті жүздік төрт ондықтан тұратын.

2. Өрнек құр және мәнін тап:

а) 400 бен 30 сандарының қосындысына 50-ді қос;



х және 40 сандарының қосындысына 30-ды қос, мұндағы х = 400, 500.

ә) 700 бен 80 сандарының қосындысынан 40-ты азайт;



у пен 70 сандарының қосындысынан 20-ны азайт, мұндағы у= 600, 700.

3.Қабырғасы 3 см болатын шаршы сыз және оның периметрін тап.

4. «Гүлдер» дүкенінде 67 гүл бар еді. Түске дейін 29 гүл, ал түстен кейін 20 гүл сатылды. Дүкенде неше гүл қалды?

7. Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын тапсырма түрлері:

1.\Математикалық мазмұнды өлең есептер

1.Түйе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұпақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой

Бәрі нешеу айта ғой? ( 17 бас мал )
2. Бір балық Алты арғымақ...

Екі ешкі, Ауызша жазбаша

Үш үкі, Қосып шық ( 16 )

Төрт түлкі


3. Оу, жарандар жарандар!

Бұл қызыққа қараңдар:

Бір кітапта қанша бет?

Білмей отыр Қамшыбек

Отыз парақ санады.

Он бет тағы қарады

Қане санап көріңдер

Досқа көмек беріңдер. ( 70 бет)


4.Ескі жұрттан Үскі төртеу

Таптық олжа: Тоғыз таға,

Кейбіеуі тіпті тозған. Отыз шеге

Кейі жаңа, Төстен бесеу,

Кәне сан Сегіз семсер,

Балта екеу, Алты кепсер..

Жалғыз көсеу, Зерек бала

Қашау бесеу, Қане сана!

Балға жетеу,

Жауабы: ( 2+1+5+7+4+9+30+5+8+6 = 77 )



2. Қазақтың ауызша есептері

  1. Екі қарға.

Екі қарғаның біреуі оңтүстікке екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне бірі :

  • Достым, мен сені көріп отырмын, - дейді.

Олар бір бірін қалай көреді?

Қарға қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар,

Екі шоқып бір қарар

Жауабы: олар бір-біріне қарама-қарсы отыр, сондықтан бірін-бірі көреді.


  1. Шыпта.

Шыптағы оралған ши мен оралмаған ши алма кезек орналасқан. Шыптада оралған 30 ши болса, оралмағаны нешеу?

Балды бармағыңнан. Шешуі: 29, 30, 31.

3.Қария кішкентай немересіне ескілікті бір әңгіме айтады.»әкесі, - дейді ол, - жеті жасар Лұқпанды базарға жұмсапты. Оған ақша беріп: «үш нәрсе сатып әкел» депті Лұқпан базарға барып, бір қауын сатып әкеліпті.


  • Балам-ау, әкелгенің бір ғана қауын ғой, депті әке.

  • Бұл бір ғана нәрсе емес, үш нәрсе, - депті сонда бала.

  • Қалайша үшеу? – деп сұрапты әке таңданып.Лұқпан әкесінің сұрағынане деп жауап берді екен. ( «Қырық қазына» кітабынан)

Жауабы: Баланың «үш нәрсе» дегені қауынның қабығы, шырыны, дәні.

Балалардың математикалық түсінігін қалыптастыруда қазақ зиялыларының бірі ағартушы-ғалым А. Байтұрсыновтың берген есептерінің ролі өте зор. Олар:



  1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді. Жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды ? (1 адам)

  2. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Неше мысық отыр? ( 4 мысық)

  3. Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу болғаны. (6 бала)

  4. Бір үйдің 4 аты бар еді. Еркек жаны 2 әке, 2 ұл еді. Еркектері кісі басы бір аттан мінгенде, бір ат артық болып болып шықты. Бұл қалай? (атасы, әкесі және баласы бір аттан мінгенде, 1 ат артық қалады.)

3. Математикалық фокустар:

а) Туған айдың реттік номерін 21-ге арттыр, шыққан санды 16-ға кеміт, шыққан санды 5-ке кеміт. Нәтежиесі бойынша туған айды айтуға болады. Мысал : туған ай қыркүйек болса, онда реті 9-ды 21-ге арттыру керек.

(9 + 21 =30), оны 16-ға кеміту (30-16 =14) керек. Алынған нәтежиені 5-ке кемітіп, ( 14-5 = 9), яғни қыркүйек айы екенін айтып беру керек.

ә) Туған күнге 20-ны қосып, шыққан санна 17-ні азайту керек. Алынған нәтежиені 3-ке кемітсе, туған күн шығады. Мысалы, 27 наурыз, 27+20 = 47,

47-17=30, 30-3 =27

б) Бір сан ойла. Оған 15-ті қосып, шыққан санды 13-ке кеміт. Нәтежиесін айтқызып, оны 2-ге кеміт. Шыққан сан ойлаған сан болады. Мысалы:

6+15 = 21, 21-13 = 8, 8 – 2 = 6

ШЖБМ жағдайында компьютерлік технологияны қолдану

Компьютерлік технология – мамандардың өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіншілік туғызады. Компьютерлік оқыту технологиясы жағдайында компьютер жұмыс құралы ретінде: мәтінді дайындау және есте сақтау құралы; мәтіндік редактор; сызба, кесте құралы; графиктік редактор; есептегіш машина; модельдеу құралы сияқты қызметтерді атқарады.



«Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында»: «республика мектептерін Интернетке қосу; қазiргi заманғы электрондық оқулық басылымдарын әзiрлеу және оқу үдерiне енгізу, жалпы бiлiм беретiн мектептiң негізгі пәндерi бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыру және оларды дәстүрлi оқыту құралдарымен кiрiктірудi жүзеге асыру...» міндеттері қойылып, «2010 жылдың соңына қарай мектептердегi компьютерлердiң саны 20 оқушыға 1 компьютерден келетiн арақатынасқа жеткiзiлетiн болатыны» айтылғаны белгілі. Сонымен бірге, жалпы білім беретін мектептер 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетін болса, бастауыш буында «Информатика» пәні екінші сыныптан бастап оқытылатыны жоспарланып отыр. Осыған орай, университет қабырғасында болашақ мамандарға математика сабақтарында компьютерді қолдануға үйрету қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Компьютер мектептегі оқу-тәрбие үдерісін түрлендіруге мүмкін болатын тиімді техникалық құрал болып табылады.

Компьютерлік оқыту технологияларының негізгі формалары мыналар.



  1. компьютерлік сауаттылық.

  2. компьютерді оқу-тәрбие үдерісінде қолдану.

  3. модельдеу.

  4. компьютерлік оқыту бағдарламалары.

  5. қашықтан оқыту. (Internet желісі).

Компьютерлік сауаттылық дегеніміз болашақ маманның компьютердің құрылысы, компьютерге қосылатын құралдар (тышқан, дискодод, монитор, қатты дискілер, принтер, модемдер мен факс-модемдер, мультимедия құралдары) мен олардың қызметтерін білуін және компьютерге арналған бағдарламалар (қолданбалы, жүйелі, инструменталды) жайлы түсініктерінің болуын және компьютермен жұмыс жасай алуын айтамыз. Компьютер оқыту үдерісінің кез келген кезеңінде, атап айтсақ, жаңа материалды өтуге дайындық, жаңа материалмен таныстыру, материалды қайталау, бекіту, сондай-ақ оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларын тексеру кезінде қолдануға болатынын білуі тиіс. Компьютерге арналған бағдарламалардың ішіндегі қолданбалы бағдарламаның өте жиі қолданылатын түрлері ретінде мыналарды атауға болады:

    • мәтіндік редактормен жұмыс жасау;

    • кестемен жұмыс жасау;

    • типографиялық құжаттарды дайындау – баспа жүйесі;

    • мәліметтер базасын басқару жүйесі – ақпараттарды өңдеу;

    • презентацияларды дайындау (слайд-шоу);

    • экономикалық мақсаттағы бағдарламалар (бухгалтерлік бағдарламалар, қаржылық талдау бағдарламалары, құқықтық мәліметтер базасы);

    • суреттер салуға, анимациялық және видеофильмдер дайындауға арналған бағдарламалар;

    • автоматтандырылған жобалар жүйесі (әртүрлі затар мен механизмдерді сызу және жобалау бағдарламалары);

    • мәліметтерді статистикалық тұрғыдан талдауға арналған бағдарламалар;

    • компьютерлік ойындар, оқыту бағдарламалары, электронды сөздіктер, электронды оқулықтар.

Мамандардың компьютерді оқу-тәрбие үдерісінде қолдана алуы жоғарыда аталған қолданбалы бағдарламалардың кейбір түрлерін орындай алудан тұрады. Бастауыш мектептің оқу үдерісінде қолданылатын жұмыс түрінің бірі – мәтіндік редактормен жұмыс жасай алу. Маман математика сабақтарына қажетті күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарларын, бақылау жұмысының және тест тапсырмаларының мәтінін жаза алуы, ШЖБМ ерекшелігіне орай сабақ кестесін құрастыру, ол үшін Word-та жұмыс жасай алуы қажет. Осы бағдарлама бойынша аспаптар панеліндегі әрбір әйнектердің нені білдіретіндігін, мәтінді теру, ондағы қателерді түзету, сөздердің не сөйлемдердің, сандардың не өрнектердің орындарын ауыстырып қою, өшіру және сақтау операцияларын орындай алулары қажет. Мысалы студент біріктірілген екі (1 және 3-сыныптарға) сыныпқа арналған тест тапсырмаларын ұсынуы мүмкін:

      • 3 пен 3-тің қосындысының мәні нешеге тең?

    • А) 5 Ә) 4 Б) 6

  • 7 мен 4-нің айырмасының мәні нешеге тең?

    • А) 3 Ә) 4 Б) 5

  • 3 пен 3-тің көбейтіндісінің мәні нешеге тең?

    • А) 5 Ә) 9 Б) 6

  • 12 мен 4-тің бөліндісінің мәні нешеге тең?

    • А) 3 Ә) 4 Б) 5

Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында кестені қолдану да негізгі жұмыстардың біріне жатады. Мұнда болашақ мамандарға кестені Word-та да және Eхsel-де де салуға болатыны айтылады. Eхsel-де жұмыс жасаудың бір артықшылығы – математикалық есептеулер автоматты түрде орындалатыны. Сонымен бірге, оқушылардың білімдерін мониторингілеу кезінде әр түрлі диаграммалар тұрғызуға да үйренеді. Мысалы кестеде біріктірілген үш сыныпқа арналған арифметикалық амалдарды орындау дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалар келтірілген.


3-сынып

1-сынып

2-сынып

64:8

77:11


6·4

10·3


50:10

15:3


42:6

3+2

4-2


10-5

7+1


4+4

5+5


2+4

20+10

6+6


13-5

8+3


20-1

14-7


8+4

Мамандар ғылыми-зерттеу жұмыстарын (реферат, баяндама дайындау), курс және диплом жұмыстарын, баспасөз беттерінде не жинақтарда басып шығаруға мақалалар дайындау жұмыстарын орындайды. Материалдарды дайындау барысында белгілі бір жұмыс түрін редакциялай алулары, мәтінге кестені, суретті, диаграмманы не көшірмелерді дұрыс орналастыруы қажет.

Математика сабақтарының қызықты өтілуі немесе оқушылардың пәнге деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыруда презентациялар дайындау және оларды орынды қолдану маңызды болып табылады. Сабақтың бір кезеңінде ғана қолдануға болатын бір-екі слайд түрін немесе бір сабаққа жоспарланған барлық тапсырмалар бойынша бірнеше слайдтар дайындауға болады. Ол PowerPoint бағдарламасы бойынша жүргізіледі және де болашақ мамандар слайдтар дайындау, олардағы суреттер не жазулардың дизайнін жасау, слайдтардың ретін өзгерту, слайдтардың тақырыбы мен мәтінін теру мен сақтауға үйренеді. Презентация автордың түсіндіруі арқылы үлкен экранда ұсынылатын материалдарының негізгі бөлімдері немесе негізгі мәселелерін, қозғалыстағы немесе қозғалмайтын заттарды (суреттер, видеофильмдер, мультипликациялар) көрсету болып табылады.

Үшінші сынып оқушыларының нөл мен бірдің қасиеттері жөніндегі білімдерін бекіте түсуге арналған сабақтың тапсырмаларын толығымен презентациялап алып, өткізуге болады.



Амалдарды орында:

  1. 3 ∙ 1 1 ∙ 4 99 ∙ 1

10 ∙ 1 100 ∙ 1 1 ∙ 999

Қандай қорытынды жасауға болады?

  1. 3 : 3 100 : 100

5 : 5 10 : 10

Қандай қорытынды жасауға болады?

3. 0 ∙ 5 100 ∙ 0

10 ∙ 0 0 ∙ 99

0 : 10 0 : 999



Қандай қорытынды жасауға болады?

2 – жаттығу.

∙ 1


 - бір таңбалы сан

3-жаттығу

1∙ 


 - бір таңбалы сан

7-жаттығу7

Мұғалім 10 дәптер әкелді де, оны екі-екіден балаларға бөліп берді. Әр бала неше қалам алды?



  • Бұл есеп пе?

  • Есепке айналдыруға бола ма?

«Компьютер ойнайық» айдарымен көбейтудің «ерекше» жағдайлары жөніндегі білімді тиянақтау жұмысы жүргізіледі.

Студенттердің көрнекі құралдарды дайындау және оларды математика сабақтарында шығармашылықпен қолдана алуларын үйрету де көзделген. Сондықтан олар компьютердің көмегімен суреттер салу, сәйкес түсті таңдап алу, бояу, заттың контурын түспен бөліп көрсету, қоршау, оларды өшіру және сақтау жұмыстарын орындай алулары тиіс. Аталмыш жұмыстар компьютердің Paint бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатыны белгілі, сондықтан студенттер суреттердің өздері салулары, оларды бояулары мүмкін, сондай-ақ, суреттегі заттардың сызықтарының қалыңдығын және түсін анықтау, суреттерді толығымен бояу (толтыра бояу), қажет емес нәрселерді өшіруі, салнған объектілерді өзге бір бағдарламаға көшіру және сақтау операцияларын орындап, оны ШЖБМ жағдайында қолдана алулары тиіс. Сонымен бірге, компьютерде сақталған суреттерді тауып, оларды көшіру, мөлшерлерін өзгерту (кішірейту не үлкейту), қажетті суреттерді іздестіріп, оларды белгілі бір бағдарламаға көшіре алу, оларды орналастыра алу да жүзеге асырылады.




&LKJ Q (

Компьютерлік оқыту технологиясында оқыту құралы ретінде электронды оқулық пен интернет жүйесі маңызды орын алады. Осыған сәйкес «оқушы – электронды оқулық» және «мектеп-интернет» жүйесін құруға болады.

Студенттер үшін электронды оқулық – университет қабырғасында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде мемлекеттік аралық бақылау мен бітіру емтихандарына дайындалуға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электронды оқулықтар бойынша ШЖБМ оқушылары да тапсырманы қызыға орындайды.

Қашықтан оқыту технологиясы (Internet желісі) белгілі бір қашықтықта отырып, компьютерлік телекоммуникация және басқа байланысу орталықтары көмегімен оқып-үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара тәжірибе алмасу тәсіліне негізделген.

Қашықтан оқытудың дидактикалық құралдарына электрондық және мультимедиялық оқулықтар мен оқу құралдары, теле, видео-аудиодәрістер және т.б. оқу-танымдық қызметті ұйымдастырудың формалары жатады.

Қашықтан оқыту технологиясының артықшылығы – оқыту барысында қоладылатын мультимедия жүйесінде оқытылатын оқыту бағдарламаларын оқушылар тез қадылдайды және оқу өзіне ыңғайлы жерде, тиімді уақытта жүргізіледі. 2007 жылы «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын сырттай оқу бөлімі студенттерне арналған «Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәнінен қашықтан оқытуға арналған курстық кейс дайындалды. Мұндай құралдар студенттің болашақта атқаратын қызметіне қажетті білімдерді қайталау мен жүйелеуге септігін тигізеді. Курстық кейсте пәннің бағдарламалары (типтік, жұмыс оқу, силлабустар) оқу-әдістемелік кешен келтіріледі, сонымен бірге, материалдар модульдік-блоктық тұрғыда беріледі.

Қашықтан оқыту жүйесінің материалдарын қолдана алу үшін студенттер интернетпен жұмыс жасауға, ондағы іздестіру жұмыстарын жүргізуге, табылған материалдарды әр нұсқада сақтау, оны басқа құралдарға (диск, дискета, флешка) көшіре алуға, сонымен бірге, электронды пошта ашып, онымен жұмыс жасауға үйренулері тиіс.

ШЖБМ жағдайында мамандар оқушылардың білімдерін мониторингілеуде белгілі бір тақырып, тарау бойынша не қорытынды бақылау кезінде тест тапсырмаларын қолданулары мүмкін. 12 жылдық білім беретін мектептің бастауыш буынына арналған «Атамұра» баспасынан Информатикадан байқау оқулықтары шығарылды. Оқулыққа қосымша ретінде оқушылардың компьютермен жұмыс жасай алу біліктерін дамыта түсуге бағытталған, математикадан оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауға арналған бірнеше тапсырмалар берілген. Қосымшада берілген тапсырмаларды оқушыларға орындату үшін студент өзі құралмен жұмыс жасау әдістемесін игеруі тиіс.

Мамандар мынадай КТ-ның тұжырымдық ережелерін білулері тиіс:

- оқыту – оқушының компьютермен жұмыс істеуі;

- бейімдеу – компьютерлік бағдарламаны баланың жеке ерекшеліктеріне қарай ыңғайлау;

- диалогтық сұхбаттасу – оқушының компьютермен өзара қатынасы;

- басқару – кез келген уақыттағы оқытушының енгізген түзетуі; оқытушының нұсқау беруі; сыныпішілік желіні басқаруы;

- дидактикалық басқару – жеке және топтық жұмыстың тиімді үйлестірілуі;

- психологиялық басқару – оқушының компьютермен жұмысы кезінде қолайлы жағдай жасау;

- бағалау – оқушылардың алған білім дәрежесін анықтау.



«Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында»: «Шағын жинақталған мектептерде оқу процесiн толыққанды және сапалы өткiзу үшiн негiзгi және аға буындағы бiрiктiрiлген сыныптар бiрте-бiрте қысқарады. Ауылдық жерлерде шағын жинақталған мектептердiң балалары үшiн бейiндi мектеп-интернаттар салу және ашу көзделiп отыр. Ашық білім беру ортасын құру үшiн оқу процесiн ұйымдастырудың қашықтан оқыту әрi басқа инновациялық нысандары кеңiнен енгізілетiн болады» деген болашақта атқарылатын жұмыс түрлері анықталған.

Пайдаланылған әдебиет тізімі


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: – Алматы, 1999.

  2. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. – Алматы, РОНД, 2002.

  3. ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттары. – Алматы, 1998.

  4. Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. ІІ – бөлім. – А., Республикалық баспа кабинеті, 1996.

  5. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана, Фолиант, 2007.

  6. Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. – Алматы, «Атамұра», 2005.

  7. Н.Б.Истомина. Методика обучения математике в начальных классах. – М., 2000.

  8. В.С.Кукушин. Современные педагогические технологии. Начальная школа. – Ростов-на-Дону: изд-тво «Феликс», 2003.

  9. Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы (ред. басқарған Ғ.Бегалиев). – А., 1950.

  10. Сайпин М. Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту. – Алматы, «Мектеп», 1984.

  11. Начальная однокомплектная школа (математика, трудовое обучение, изобразительное искусство, музыка, физкультура). – М., «Просвещение», 1980.

  12. Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. – М., АПН РСФСР, 1956.

  13. Однокомплектная школа /под ред. Т.И.Шамовой, И.В.Прокопофич / . - М.,1977.

  14. Савченко А.Я. Организация учебнего процесса в малокомплектной школе. - М., 1970.

  15. Организация и методы работы учителя с несколькими классами. – М., Учпедгиз, 1953.

  16. В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ. – М., Учпедгиз, 1957.

  17. Стрезикозин В.П.Урок в сельской малокомплектной школе. – М., 1972.

  18. Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе. – М., 1969.

  19. Самостоятельная работа учащихся на уроках в малокомплектной школе / под ред. М.А.Мельникова и А.М.Пышкало/ - М., Педагогика, 1974.

  20. Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру (мұғалімге арналған әдістемелік құрал). – А., «Мектеп», 1974

  21. Оспанов Т.Қ. және т.б. «Математика - 1», «Математика – 2», «Математика – 3», «Математика – 4» оқулықтары. – Алматы: «Атамұра», 1997-2000, 2001-2004.

  22. Оспанов Т.Қ. және т.б. Математиканы оқыту әдістемесі. 1,2,3 және 4 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар. – Алматы: «Атамұра», 1997-2000.

  23. Математикадан дидактикалық материалдар.1,2-сыныптар. (Құрманалина Ш.Х.. Қосанов Б.М. және т.б.) – Алматы: «Атамұра», 1997, 1998.

  24. Фролов П.Т., Соловецкий И.С. Особенности педагогического процесса в малокомплектной школе (Сборник). – М., «Просвещение», 1991.

  25. Мосеева О.И. Формирование самоконтроля у шестилетних детей при обучении математике в МКНШ. Автореферат ..... к.п.н. – М., 1988.

  26. Сламбекова Н.М. Шағын комплектілі бастауыш мектепте жазбаша шығармашылыққа негізделген тіл дамыту әдістемесі. П.ғ.к. ...... диссертация. – Алматы, 2001.

  27. Муканова С.Д., Сламбекова Н.М. Проект «Модель малокомплектной школы Республики Казахстан».- журнал «Открытая школа», № 11,12, 2003.

  28. Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектеп жұмысын ұйымдастыру. – Алматы, 2001.

  29. Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері. – Алматы, 2001.

  30. Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002.

  31. Астамбаева Ж.Қ. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы. – Алматы, 2008.

  32. Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: - Алматы, 2002.


МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ ………………………………………………………...... 3

І ТАРАУ. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ ..................................................................................................... 4


ІІ ТАРАУ. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН МЕҢГЕРУ БАРЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ................................................................... 19


ІІІ ТАРАУ. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР ............................................................................................ 45


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ……………………………. 85



- -


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет