Кіріспе
«Шетел әдебиеті тарихы» пәні – жоғары оқу орындарында соңғы кездерде оқытылып жүрген пән. Бұл курста Шетел әдебиеті тарихының кезеңдері, қалыптасуы, Шетел әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармалары жөнінде мәселелер кеңінен қарастырылады.
Курстың мақсаты: Шетел әдебиетінен іздейтініміз - өзіміздің еліміздің руханиятына ұқсас жағы, тарихи байланыс, көрнекі ойлау жүйесі, мақсат-мүддеміз.
Курстың міндеті: 1. Шетел әдебиетінің ақын-жазушыларымен танысу;
2. Шетел әдебиеті шығармашылығының қыр-сырымен танысу;
3. Шетел әдебиетін ұлттық әдебиетімізбен салыстыру;
Курс мазмұны: Шетел әдебиетінің қалыптасу тарихы, кезеңдері туралы, антикалық әдебиеті жөнінде, Батыс Еуропа, Орта Азия елдерінің әдебиетімен таныстыру.
Оқыту әдістемесі: Оқыту негізгің оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары жне жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.
Пәнді меңгеру нәтижесінде: студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының өзекті проблемалары мен зерттеу арналарынан толық мағлұмат алады. Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының теориялық және ғылыми әдістемелік бағыттарын меңгеріп, оқытудың әдіс-тәсілдері туралы мәліметтер жинақталады.
Пререквизиттер:
Постреквизиттер:
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.
Студент білу керек:
Курстың теориялық білімін
Қосымша мәліметтерді
Курс бойынша негізгі әдебиеттерді
Студент орындау керек:
Достарыңызбен бөлісу: |