Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары



бет148/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

TIONA FAO national
FEATURES OF SPEECH IN CHILDREN WITH HEARING IMPAIRMENT


Abstract
This article discusses the speech characteristics of children with hearing impairments.
For correct understanding of features of mental development of children with hearing disorders it is necessary to consider regularities of their communication, features of formation of various types of speech.The first task of the school for children with hearing impairments is to teach children with hearing impairments oral speech. The results of this problem are considered starting with the preparatory classes.The formation of speech in children with hearing impairment is one of the most difficult and important tasks of their training and education. The works of foreign and domestic authors on the speech problems of children with hearing disorders are analyzed.
Key words: children with hearing impairment, oral speech, written speech, phrasal speech, dactyl speech, social personality, communication.
Адам өмірінде сөйлеу тілінің маңызының қаншалықты зор екені бәрімізге мәлім. Ауызша сөйлеу тілі қарым-қатынас және ойлау құралы болып табылады. Бүкіл сурдопедагогика тарихында мүлде естімейтін баланың тек жазбаша және саусақпен сөйлеу тілін ғана қалыптастырып қоймай, ауызша сөйлеу тілін де дамытуға ұмтылған. Ауызша сөйлеу тілін тұрмыста, қоғамдық еңбекте кеңінен қолданады. Ауызша сөйлеу тілін үлкен қашықтықта жеткізуге болатын телефон, радио, теледидар сияқты қазіргі заман байланыс құралдарында ауызша сөйлеу тілін қолдану қарқыны үздіксіз кеңейіп келеді. Міне, сондықтан да естімейтін балалардың арнайы мектептерінде барлық оқу-тәрбие үрдісі баланың жалпы дамуы мен кемістігін түзетумен қатар оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамытуға көп көңіл бөледі. Өйткені ауызша сөйлеу тілі естімейтін баланың толыққанды дамып, еститін адамдар қоғамына бірігуіне үлкен себепші болады.
Есту қабілеті зақымдалған балалар сөйлеу тілін тек арнайы оқытудың көмегімен ғана меңгереді. Мұнда олар сөздік қимыл-қозғалыс түйсіктерімен толықтырылған көру арқылы қабылдау қабілетіне сүйенеді.
Есту қабілеті зақымдалған оқушылардың сөйлеу тілінің теориялық негізі қарастырғанда, оны тілдің табиғатымен, адамның танымдық және әлеуметтік дамуындағы рөлімен, есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық және сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерімен байланыстырып қарастыру қажет. Сөйлеу тілін меңгерудің психологиялық негіздері Л.С. Выгосткий [1], А.Р. Лурия [2], А.Н. Леонтьев [3] еңбектерінде көрсетілген.
Психологтар Л.С. Выготский [1], А.Н. Леонтьев [3], Д.Б. Эльконин [4] және сурдопедагог С.Н. Марциновская [5] зерттеулерінде адам дамуындағы іс-әрекеттің рөлі көрсетілген және есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытуда қарым-қатынастық, оқу-танымдық, заттық, ойындық және еңбек әрекетіне оқытудың педагогикалық технологиясы мен әдістерін жасаған. Заттық және ойын іс-әрекетінің қалыптаспауы, көп түрлі көмекші заттарды қолданудағы тәжірибесінің аздығы, ауызша сөйлеу тілінің және қарым-қатынас жасаудағы жетіспеушілік есту қабілеті зақымдалған балаларда көрнекі ойлауына әсер етеді.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының ерекшелігін дұрыс түсіну үшін олардың қарым-қатынас жасауының заңдылықтарын, сөйлеу тілінің әр түрінің қалыптасу ерекшелігін қарастыру қажет. Бұларсыз оқыту және тәрбиелеу үдерісін дұрыс ұйымдастыру және ауызша сөйлеу тілін дамыту үшін педагогикалық үдерісін және психологиялық түзетуді жүзеге асыру мүмкін емес. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу мәселелерін ғалымдар – Ф.Ф. Рау[6], С.А. Зыкова[7], Р.М. Боскис [8], Ж.И. Шиф [9], К.Г. Коровин [10], Е.П. Кузьмичева [11], Л.П. Носкова [12] және т.б. зерттеген және солардың зерттеулерінің нәтижелеріне сүйенеміз.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілі сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау қиындық-тарын зерттеу көрсеткендей, есту қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларында дыбыс айту бұзылыстар, сөздік қорының аздығы және фразалық сөйлеу тілінің қалыптаспағандығы байқалған. Сондай-ақ сөйлеу тілін қабыдау қиындығы, айтқан сөзді түсінбеушілік, құрбыларымен және жақындары-мен қарым-қатынасының бұзылуы болады. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің даму деңгейін зерттеу кезінде әртүрлі сыныптардағы балалардың 60-70% айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасауда қиналатындығын көрсетті.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың психофизиологиялық дамуын зерттегенде профессор Н.Г. Морозова, Л.П. Носкова [12] есту қабілетінің төмендеуі сөйлеу тілінің дыбыстық құрамын қабылдауын қиындатып қана қоймай, оның дамуының өзіндік ерекшелігін пайда қылдырады. Есту кемістігі салдарынан сөйлеу тілінің қатты зақымдалуы немесе мүлдем болмауы екі обьективті жүйенің бұзылуынан болады. Оның біреуі сөйлеу тілінің ритмика – әуенділік жағы, ал екіншісі – фонематикалық жүйесінің бұзылуы немесе тілдің дыбыстық жүйесі.
Қазіргі ғылымда сөйлеу механизмдерін психофизиологиялық, психологиялық, психолингвистикалық және тіл тану тұрғыдан қарастыру тән. Н.А. Бернштейннің теориясы бойынша, адамның миы көп канал-ды құрылғы болып табылады, оның ішінде бір әрекеттің ішінде әртүрлі деңгейдегі түрлі операциялар орындалады. Бір әрекеттер сезіну деңгейінде орындалады; ал басқа әрекеттер фонды автоматизм деңгейінде орындалады. Сөйлеп тұрған кезде адам айтайын деп тұрғаны туралы ойланатын болса, ол сөйлеу тілінің бірқалыптылығын бұзады.
Сөйлеу тілі мен ойлау қабілетінің арасында диалектикалық байланыс болғандықтан, оларды меңгеру логикалық ойлауын қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу тілі қалыптаспаған баланың ойлауы аномальды, ал дамуы жеткіліксіз болады.
Әр адам есту қабілеті зақымдалған баланы кездестіргенде, сол баланың естуін қайтадан қалыптас-тырғысы келеді. Ол мүмкін болмаса сөйлеуге үйреткісі келеді. Міне есту қабілеті зақымдалған баланың ата-анасы арнайы мектептен осындай нәтижені күтеді. Естімеушілік – бірініші кемістік, ал екіншілік кемістік сөйлеу тілінің бұзылысы болып келеді. Егер біріншілік кемістік қайтарымсыз болса, онда екіншілік кемістікті жеңуге болады.
С.А. Зыковтың айтуынша тілді меңгеруге қажеттілік, осы ықпалдың әсерінен келіп шыққан. Сабақ-тан тыс кезінде қарым-қатынас жасау мүмкіндігі көп те, ал сөйлеу мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан бала-лар жестті қалдануға жүгіреді. Жесттік сөйлеудің пайда болуының өзі, естімейтін балалардың сөйлесу қажеттілігінен туған. Егер айналадағылардың барлығы жестпен сөйлесетін болса, онда есту қабілеті зақымдалған балада ауызша сөйлеуге үйрену қажеттілігі болмайтыны бәрімізге белгілі. Сөзсіз де сөйлесу-ге болса, онда сөздің керегі болмай қалады.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды сөйлеуге жиі мәжбүрлейді. Олар қолдануға қажеттілігін сезінбей, дайын сөздер мен сөйлемдерді қайталайды. Оларға сөйлеу тілінің маңызы жайлы үгіттейді. Бірақ не мәжбүрлеу, не үгіттеу сөйлеу тілін қолдануға көмектеспейді, егер оған қолайлы жағдай жасал-маса. Естімейтін бала емес, сондай-ақ баланың өзіне тек үгіттеу арқылы сөйлеу тілін үйрену қиын болады.
Баланың мектеп-интернаттағы өмір сүру жағдайы оның сөйлеу тілін дамытуда маңызды рөл ойнай-ды. Балалар қоршаған ортамен сөйлесу негізінде қатынас жасамаса, сөздік орта болмаса, онда сөйлеу дағдылары мен біліктіліктері тез ұмытылады.
Сыныптан тыс уақытта балалардың сөйлесуі табиғи жағдайларда (асханада, жуынатын бөлмеде, ойын бөлмесінде, аулада, кітапханада және т.б.) жүзеге асады. Сөздік жағдайлар педагог есебінен көрне-кіліктерді, сөздік құралдарды (сюжетті-рөлді ойындар, үйдегі. Үстел басындағы сюжетті көріністер) табиғи жағдайға жақындатып жасау керек. Жағдайдың мазмұны оқушылардың өмірінен, көрген кино-ларынан, оқыған кітаптарынан алынады.
Есту қабілетін ерте жаста жоғалту адамның жан-жақты жамуына кедергі бола алмайды. Есту қабілеті зақымдалған бала толық жетілген әлеуметтік тұлға бола алатынын ғылым және тәжірибеде дәлелдеген. Бұл мүмкіндікті іске асырудың шарты, оны сөйлеуге үйрету болып табылады. Еститін балаға қарағанда естімейтін баланың сөйлеу тілі арнайы оқу жағдайында қалыптасады. Есту қабілеті зақымдалған бала-ның сөйлеу тілінің ерекшелігі оқытуды бастаған жасына, кемістігінің сипатына, педагогикалық әсер етудің әдістері мен тиімділігіне байланысты.
Есту қабілеті зақымдалған балалар мектебінде ауызша сөйлеу тіліне оқыту жұмысы әр түрлі ұйым-дасқан формаларда өтеді. Оларға: арнайы сабақтар, дыбыс айтуға үйретудің жеке сабақтары, сөздік жаттығулар, әртүрлі сабақтарда дыбыс айтумен жұмыс істеу, сыныптан тыс жұмыс. Бұл жұмыстардың барлығының мақсаты – есту қабілеті зақымдалған балаларда ауызша сөйлеу тілінің қарым-қатынас құралы, ойлаудың негізі ретінде қалыптастыру болып табылады.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды сөйлеуге үйретер кезінде мыналарды қарастырамыз:

  1. Естімейтін балалар өздері өмір сүріп жатқан қоғамның тілін меңгеру қажет. Жестпен сөйлесу толық қарым-қатынас құралы болып есептелінбейді. Есту қабілеті зақымдалған бала дерексіз ойлап үйрену үшін, оған сөйлеу тілін меңгеру керек.

  2. Айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуі үшін, естімейтін бала ауызша және жазбаша сөйлеу тілін меңгеру керек.

Есту қабілеті зақымдалған бала сөздік қорын белсенді қолданып, меңгерген білімдерін сөйлеу тілінде қолдану керек.
Естімейтін балаға бірден дыбыс айтуды үйрететін болсақ, оған ол қызықсыз болады. Алдымен бала мен мұғалім арасында өзара түсінісу болу керек. Педагогикалық үдерістің негізінде есту қабілеті зақым-далған баланы оқытуда көрнекілік пен ойынды қолданады. Есту арқылы қабылдауы мен дыбыс айтуға үйрету жұмысы белгілі бір жүйелілікпен және бірізіділікпен жүргізіледі. Балаларды ауызша сөйлеуге үйрету кезінде, онда «естимін-айтамын» деген шартты рефлекторлы байланысты қалыптастыру керек. Ол үшін бала мектепке келгенде оған айтылған сөздің барлығын айтқызу керек. Алғашында дыбыс шығарып айту, кейін ішінен айту, естіп-көріп және есту арқылы қабылдау процесін қалыптастыры, еліктеу арқылы дыбыс айту дағдыларын меңгереді.
Оқыту кезінде үлкен адамдардың сөйлеу тілі естімйетін бала үшін еліктеу үлгісі болады. Сол үшін олардың сөзі анық болуы керек, өйткені балалар дыбыс күшейткіш аппарат арқылы олардың сөзіне елік-теп, соған қарап қалыпты темппен, сөздік және логикалық екпінмен сөйлеу дағдысын меңгереді. Ересек адамның сөйлеу тіліндегі кез-келген ақау, баланың дұрыс дыбыс айтпауына әкеліп, нәтижесінде көптеген адамдардың сөзін түсінбей қалады. Барлық сөздік материал қалыпты айтумен, ырғақпен, екпінді буын-мен, орфоэпиялық ережені сақтаумен берілу керек. Ересектердің сөзі эмоциямен безендіріліп, интона-цияға бай болуы керек.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды ауызша сөйлеуге үйрету әдісі - сурдопедагогиканың қиын және өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Балалар ауызша сөлеу тілін тек арнайы сабақтарда ғана емес, сондай-ақ педагогтың, тәрбиешінің сөзіне еліктеу, ойын, қарым-қатынас кезінде меңгереді. Осы жағдайда ауызша сөйлеу тілін меңгеру баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Бланың дұрыс сөйлеуін дамыту үшін дыбыстық талдау-жинақтау әдісін қолданудың маңызы зор. Осы әдіс көмегімен балаларда ауызша сөйлеу тілін дамытуға қажетті нақты бір білім, дағдылар қалыптасады. Осы білімдер мен дағдылар есті-мейтін балаларды ауызша сөйлеуге үйретудің мазмұнын анықтайды. Дыбыс айтуға қойылатын талаптар: дауысы, интонациясы, темпі және дыбыс айтудың нақтылығы қойылады. Осы талаптардың барлығы естімейтін балаларды арнайы бағдарлама бойынша дыбыс айтуға оқыту мазмұнында бейнеленеді. Психологиялық көзқарас бойынша ауызша сөйлеу тілі тек адамға тән қарым-қатынас құралы.
Ауызша сөйлеу тілі көмегімен адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы қамтамасыз етіледі. Оның нақты міндеті осы болып келеді. Сол үшін ауызша сөйлеу тілі ойлау құралы болып табылады. Ауызша сөйлеу тілі, дактильді сөйлеу тілі сияқты коммуникация құралы ретінде заттық тәжірибелік іс-әрекетпен байланысты дамиды, сөздік маиериалды таңдаудың негізгі принципі – соған деген қажеттіліктен шығады. Әртүрлі жағдайда сөздерді қолдану, оның бірте-бірте мағынасын түсінуге алып келеді. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту, олардың ауызша сөйлеуін көру арқылы қабылдауын және дыбыс айтумен көп жұмыс істеуді талап етеді. Бұл екеуі де өзіндік қиындықпен ұзақ уақытты талап етеді.
Әрине ауызша сөйлеу тілі, дактильді сөйлеу тіліне қарағанда қиын меңгеріледі. Бірақ ауызша сөйлеу тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту нәтижелі болып келеді. Басқа тілі сияқты ауызша сөйлеу тіліне үйрету, оны импрессивті жағын қабылдаудан басталады. Бірақта импрессивті сөйлеуді дамыту баланың белсенді экспресиивті сөйлеу тілін қалыптастырумен тығыз байланысты.
Ауызша сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы болып табылады, яғни балалар қоршаған ортамен қарым-қатынасқа ауызша сөйлеу тілі арқылы түсіп үйренеді. Қарым-қатынасқа түсу барысында олар тілдің лексикалық, грамматикалық мағынасын игереді.
Есту қабілеті зақымдалған балаларда ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру оларды оқыту мен тәрбиелеудің аса күрделі де маңызды міндеттерінің бірі.
Есту қабілеті зақымдалған балалар тұлғасының толығымен дамуы, еститін адамдар қоғамында олардың бейімделу факторларының бірі ауызша сөйлеу тілінің қалыптасуы болып табылады.
Ауызша сөйлеу тілі бір жағынан тыңдаушыға, екінші жағынан – сөйлеушіге бағытталған. Ауызша сөйлеу тілі тілді тасымалдаушы және ойлаудың құралының маңызды рөлін орындайды.
Ф.Ф. Раудың [6] пікірінше, есту қабілеті зақымдалған балалар үшін ауызша сөйлеу тілі грамматика мен лексиканы меңгеруге мүмкіндік бермейді. Бұл жұмысты көбінесе дактилология мен жазбаша сөйлеу тілі жүзеге асырады.
Л.С. Выготскийдің [1] пікірінше, бала басқа адамдардың ауызша сөйлеу тілін дұрыс қабылдаса, өзінің де ауызша сөйлеу тілі дұрыс дамиды.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сыртқы сөйлеу тілімен қатар ішкі сөйлеу тілі де бірге даму керек. Есту қаблеті зақымдалған балаларды ауызша сөйлеу тілімен (шығару) қатар жазбаша (оқу және жазу) сөйлеу тіліне оқыту керек. Себебі жазбаша сөйлеу тіліне оқыту арқылы балалардың іштей ойлауы дамиды.
Естімейтін балалардың сөйлеу тілін шығару дағдыларын көру және кинестетикалық сезіну арқылы да қалыптастыруға болады. Бірақ қалдық естудің қандай да болмасын аз деңгейі тек естіп қабылдауға ғана емес, сонымен қатар сөздік ойлауға әсер етеді.
Сонымен, есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің дамуының алғашқы кезеңі – ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру болып табылады. Бұл балалардың олардың жазбаша сөйлеуіне және сөз аралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет