Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары



бет81/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

Keywords: student, motive, sociology, educational motivation, psychology, theory.


Мотивация – психология ғылымындағы өте бір күрделі ұғым болып табылады.
С.Л. Рубинштейн өзінің “Жалпы психология негіздері” атты еңбегін іс-әрекеттің міндеттері, мотивтеріне, арнады. Оның айтуынша іс-әрекеттің өзінде бағытталуына орай мақсаты нақты көрінеді және әрекет орындалуына қарай мотивтері белгілі болып отырады. Әрекет мотивтері өте күрделі, олар түрлі қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде өрбіп дамиды. Сондай-ақ мотивтер адамның қоғамдық өмірінде де қалыптасады. Адамзатқа мотивтер арқылы қоғамның әсері көп жағдайларда бағалау әрекеті көмегімен беріліп, жүзеге асып отырады [1,303 б.].
Оқу мотивтерінің даму мәселесі үнемі психолог-ғалымдарды қатты толғандырып келген жайт. А.Н. Леонтьев, М.И. Божович, Н.Г. Морозова, Л.С. Славиналар өз еңбектерінде оқу мотивтерінің дамуы туралы зерттеді.
Студенттер үшін мотив жәй ғана оқу, студенттер үшін бағаның рөлі жоғарылайды. Олар үшін басты мотив – болашақққа дайындық болады.
Мотивтердің дамуы жайлы қарастырар болсақ, төмендегідей кезеңдерге бөліп қарауымыз керек.
Бірініші кезең – оқу әрекеті кезінде таныс болған мотивтер, яғни студенттің әрекетінің алғаш бағаланған және қоғам арқылы пайдалы, құнды деп табылған кезеңдегі мотивтер жүйесі.
ІІ-кезең ЖОО өмірінде топ ұжымында болатын өзара қарым-қатынастар негізінде туындайтын мотивтер.
ІІІ-кезең-қоршаған өмірде алдағы мамандықпен, өмірлік мақсат-міндеттермен тығыз байланысты болатын мотивтер жүйесінің кезеңі. [2,85 б.]
Оқыту мотивациясы ағарту ісінде: ұйымдастырушы, дамытушы, ынталандырушы, бағыттаушы қызмет атқарады.
М.Лорф, Г.Розенфельд /ГДР/ мына пікірді ұсынады: яғни білімді игеру тек қана қабілетті ғана дамытып қоймай, сонымен бірге мотивацияның да өсуіне әкеліп соғады. Мұндағы ескертетін жайт: студент меңге-ретін оқу материалы олар үшін маңызды, қажетті, ұғынымды деп табылуы керек [3,128 б.]. Оқу-танымдық мотивтері оқу әрекеті үшін мейлінше дұрыс болады (А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов).
Ендігі біздің мотивация туралы зерттеу ісіміз оның іс-әрекет арқылы ұйымдасқан түрде эксперимент-тің ауысып, өзгеруіне байланысты бағытта қаралатын болады (П.Я. Гальперин, П.Голу, В.Ф. Моргух, Г.С. Абрамова, В.В. Давыдов, В.В. Репкин, А.К. Дусавицкий, Н.Ф. Талызина).
Біздің зерттеуімізде студенттердің әлеуметттенуіне оқу мотивациясының әсерін психологиялық тұрғыда орындайтын 3 қызметі талданады, оның негізгісі – дамытушылық қызметі, функциясы.
Дамытушы қызметі оқытуда қажетті психологиялық жағдайдың бірі болып табылады. Біздер оны басқа 2 қызметтен айрықша бөліп аламыз: диагностикалық қызмет – процесс немесе әрекеттің бастапқы, түпкі деңгейін анықтайды. Ал, қорытынды түрі - әрекеттің соңғы деңгейін анықтайды. Дамытушы қызметтің оқу процесі кезінде ауыспалы жағдайларды басқарып отырудан, мақсатқа жету әрекетін қамтамасыз етуден, бұл әрекетке бақылау жасаудан және қажет кезінде оқу процесін өзгертуден тұрады.
Сол себепті, осы айрықша мәселелерді тірек ете отырып, біз келесі қорытындыға келеміз: оқу-таным-дық мотивтерін оқу әрекеті барысында, негізінен оның жеке құрылымының бірі, бағалау арқылы дамытамыз.
Білім берудің жалпы міндеті – оқу-танымдық мотивтерін түрлі бағалау түрлері арқылы дамыту мүмкіндігін айрықша ғылыми негіздеу. Бұл үшін, келесі жеке міндеттерді шешуге болады.
1. Жоғары оқу орнында бағалау тәжірибесіне бақылау және талдау жүргізілу керек, одан шыққан мәліметтер әдебиеттердегі теориялық және бағалау әдістерінің түрлерімен салыстырылуы міндетті.
2. Бағдарламада қалыптастырушы эксперимент ұйымдастыра отыру, ол үшін соған лайықты, қажетті оқу бағдарламаларын, оқу мотивациясы дейгейін анықтайтын әдіс-тәсілдерді қолдану.
3. Тәжірибелік жағдайларды немесе кезеңдерді ойластырып, онда мотивтердің жемістілігін, қажетті-лігін анықтайтын түрлі бағалау түрлері көрініс табатындай болуы тиіс.
4. Соңғы мәселе: осы зерттеу негізінде практикалық нұсқаулар, жоғары, оқу орындарының мұға-лімдері үшін оқу-танымдық мотвитерін қалыптастыру туралы әдіснамалық нұсқаулар дайындауымыз қажет.
А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтар зерттеген оқу-танымдық мотивтері студенттердің өз оқу әрекеттеріндегі нәтижесіне бағдарлануды ғана емес, сонымен бірге осы нәтижеге жетудің әдіс-тәсілдерін меңгеруді де қарастырады. Оқу мотивтерін осылай түсінген жағдайда ғана, бұл мотивтердің іс-әрекетпен тығыз байланысты екенін, іс-әрекеттің заттық-операциялық сипатымен байланыстылығын ұғынуға мүмкіндік береді. Біздің мотивацияны зерттеу ісіміз – мотивацияның логикада эксперименттік ауысуын тек іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ғана жүзеге асады. (П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, В.В. Репкин, А.К. Дусавицкий, П.Голу, Н.Ф. Талызина, В.Ф. Маргух, А.К. Маркова, Л.К. Золотых, Г.С. Абрамова, т.б.). Біздер оқу әрекеті мотивациясын дамытушы бағалау типтерінің өзгеру көмегі арқылы генезисін зерттейміз.
Жалпы зерттеуімізде студенттердің әлеуметттенуіне оқу мотивациясының әсерін психологиялық тұрғыда дегенде, бүкіл мотивацияның түрлерін, яғни оқу процесінде практикалық, іске асатын бағалау деп түсінеміз. Олар: сөз арқылы бейнеленген мұғалім бағасы, мұғалім бағасының балл арқылы бейне-ленуі – баға арқылы, студенттің өз жұмысына өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға беру арқылы бағалауы т.б. Қазіргі кезде қалыптасқан дамыту бағалауын шешу мәселесіндегі басты идеяның мазмұны мынадай: білімді игерудің бірінші кезеңінде сипатталатын мұғалім бағасын қолдану тиімді және сол уақытта белгілі бір шамада мұғалім басқаруымен студенттердің өзін-өзі бақылауын, өзіне-өзі баға беруін қосу керек. (Ш.А. Амонашвили, Л.В. Занков, В.В. Шаталов, Ф.Ленард) .
Нарықтық қатынас заманында еліміздің рухани баюының бас себепкері–оқу-ағарту саласында да көп алаңдаушы мәселелердің көбеюі жұртшылықты таң қалдырмас деп есептейміз.
Себебі өздері екі ойлы жастарымызды білім ордаларында ұстап, білім алуға жетелеп итермелейтін бір-ақ ынталандырушы процесс – бағалау ғана қалады.
Міне, бағалаудың өзектілігі бүгінгі таңда бізді де педагогтарды да қатты ойландырып, зерттеуге тура келеді.
1. Психология, яғни бұл ғылым бағалауды оқытудың негізін құрайтын және негізгі оқыту шарты деп қарайды.
2. Педагогикада яғни, жоғары оқу орнында бағасына тәрбиелік, ынталандырушы рөлге, сипатқа ие болу жағын көздейді.
3. Кибернетика, яғни әрбір жүйеде кері байланыс механизмінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің болатындығын растайтын ғылым. Мақсатты әрекетке жағдай болып ауыспалы қалыптың тіркелуі және соның негізінде алынған мәліметтер арқылы процесті басқару болып табылады.
Оқытудың мақсаты – баға алу, ұпай жинау емес. Баға қою-сыртқы мотивацияны, сонымен бірге “өзін-өзі бақылау”, “өзін-өзі бағалауға” негізделген ұпайлар саны соның ішінде негізгі ұпай – мақтауды не сыйлықты білдірмей, оқыту шарасы, тексеру техникасы, жұмыстың мазмұнын сипаттайтын ішкі мотивация болады.
Ішкі мотивтер – бүкіл әрекетке, оқытуда да сыртқыға қарағанда тиімдірек болады.
Оқыту технологиясының тұрғысынан өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалаудың маңыздылығын жоғарыда айтылған жайлардан білуге болады.
Мұғалімнің бағалау әрекеті өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауды ауыстыра алмайды. Білімгер өз әрекетінің нәтижесін көре білуі тиіс. Оқыту процесінде қателіктер табу, жұмысқа толықтыру енгізу, дұрыс, қате жақтарын көре білу өте маңызды. Студент нәтижелі орындайтын тапсырма арқылы оның мотивациялық аумағы үлкен әсер алады (білім мен шеберлігін тиімді қолдануда қуануы).
“Адам өзі не жасай алатын болса, соны жасауды ұнатады”, – дейді психолог С.В. Олпорт.
С.М. Жақыпов өзінің зерттеулерінде былай дейді: ”біздің зерттеулеріміз көрсеткендей-ақ оқыту барысында танымдық процестердің өнімді бірлігін ұйымдастырудың қажетті шарты – оқыту үрдісіне қатынасушылардың, яғни оқытушы мен білім алушының танымдық әркеттерінің қалыптасуы және дамуы болады [5,55 б.]. Ұйымдасқан оқыту жағдайларында алдын-ала жоспарланған білім алушының танымдық әрекеті оқыту үрдісіндегі өзара әрекеттесуші индивидтердің субъект-субъектілі кеңістігінде өрби отырып, оқып-білім алушылардың танымдық әрекеттерін дамытып, қалыптастыру үшін алғашқы жағдайларды жасайды оқыту үрдісінде танымдық әрекет ерекше психологиялық феномен бола отырып, оқыту жағ-дайларында танымдық процестер негізінде (әсіресе қабылдау, ес пен ойлау) қалыптасқан, танымдық әрекеттің тұтас жүйесін құрайды, онда ойлау жүйе құраушы фактор рөлін орындайды.
Оқыту үрдісінде танымдық әрекеттердің психологиялық негізі-білім беруші мен білім алушылар әрекеттерінің бірлігі шарасында қалыптасатын біріккен-диалогты танымдық әркет болып табылады. Оқып-білім алушылардың танымдық әрекеті интериоризацияланған біріккен-диалогты танымдық әрекет сияқты болады.
Таным тәсілі ретіндегі теориялық ойлау сипаттамаларын қарастыру және жоғарыдағы ғалымдар еңбектерін терең талдай келе бірқатар жобаларды негіздеуімізге тура келді.
Анатолий Залманович Зак өз жұмысында ойлауды логикалық және психологиялық жағынан тұтас нәрсе деп зерттеді. Балалардың міндеттерді шешуіне орай (теориялық, эмпирикалық тәсілдер арқылы жүзеге асуына байланысты) таным теориясын зерттеген мамандар жасаған ойлау түрлерінің сипаттама-ларына бұл автор сүйенген (танымды зерттегендер: Э.В. Ильенков, Л.К. Науменко, П.В. Копнин, М.К. Мамардашвили, С.Л. Рубинштейн, В.С. Швырев, В.А. Штафф және т.б.).
Біріншіден, теориялық ойлау танылатын обьект жөнінде яғни, оның мәнді, ішкі, қажетті байланыс-тары жайлы түсінік, ұғымның қалыптасуына бағытталған.
Ал, эмпирикалық ойлау керісінше, танылатын обьектілердің дайын анықтамаларына сүйене, олардың сезімдік қабылданатын сыртқы қасиеттері мен байланыстарын бейнелейді.
Психологиялық тұрғыдан, теориялық ойлау мәселесі психикалық құбылыстарды әрекеттік қатынаста оқып-меңгеру бағытында зерттелді.
Теориялық ойлау-заттардың мәнін бейнелеуге қажетті обьективті шындықты адамның тану тәсілі. В.В. Давыдовтың жалпы теориясына сәйкес, бұл кезең эмпирикалық тәсілден теориялық бағытталу тәсілдеріне көшуімен сипатталады. Студенттердің ойлауының дамуын анықтау, даму кезеңдерін және деңгейлерін айқындау – оқыту сапасын арттыруға мотивация жасаудың мәнді формасы болады.
Студенттердің интеллектуалды дамуын зерттеген үлгілер көрсеткендей-ақ, оқыту тек қана оқу материалын меңгеруге қажетті психикалық қабілеттердің қалыптасу деңгейіне сәйкес келгенде ғана жүзеге асуы мүмкін. Мұндай негізгі, түпкілікті қабілеттің бірі ретінде – жүйелілікті алуға болады.
"Оқытудағы белсенді әдістер" термині 1960 жылдардың соңында пайда болды. "Жаңа дегеннің өзі-жақсы ұмытылған ескі" дегендей-ақ, белсенді оқыту әдістерін тіпті ерте грек оқымыстылары Сократ) б.э.д. 399-469) басқарылатын диалог ретінде қолданған екен. Онда тыңдаушылар пікірталасқа тартылып, тек қана мәселесін шешіп қоймай, оған қажетті білімді игеруге тырысқан екен.
Ал, қазіргі күндегі белсенді оқыту әдістерінің негізінде топтық пікірталас орын алады.
Белсенді оқыту әдістерінің философиялық негізі болып біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет табылады, ол өз кезегінде оқыту процесінің мүмкін болатын жоғарғы тиімділігіне қол жеткізу шарты болады. Бұл дегеніміз, біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет белсенді оқыту әдістерінің философиялық критериі ретінде болады деген сөз немесе басқаша айтқанда, біріккен-диалогты танымдық іс-әрекетті қалыптастыру мүмкін болғанда белсенді оқыту әдістері жайлы айтуға болады. Бұл әдістердің ең қара-пайым түрі: имитациялық жаттығулар. Олар шартты-белгілілік формалар арқылы беріледі.
Ұйымдастырушы – техникалық күрделілігіне қарай белсенді оқыту әдістерінің келесі түрі – нақты жағдайларды талдау.
Студенттердің әлеуметттенуіне оқу мотивациясының әсерін психологиялық тұрғыда көп тараған түрлерінің бірі – топтық пікірталас болып табылады. Топтық пікірталастың модификациясы болып “ми шабуылы” табылады. “Топтық пікірталас” термині батыс европалық философиялық әдебиеттерде, ал “ми шабуылы” термині – ағылшын-американ филсофиялық әдебиеттерінде қалыптасып бекіді.
Оқыту мотивациясының негізгі құрылымдарының бірі – міндеттің шешілуіне бағытталған тәсіл ретіндегі оқу-танымдық мотивтер болып табылады. Студенттердің әлеуметттенуіне оқу мотивация-сының әсерінен қалыптасуы олардың оқу әрекеттерінің сипатымен анықталады және де ең алдымен олардың теориялық білімді игеруге бағыттылығымен байланысты болады. Бұл білімдердің мазмұны оқылатын материалдық мәнді қатынастары, әрі соған байланысты міндеттерді шешудің жалпыланған тәсілдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет