Ж. К. Сүйінжанова 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы


Рефераттың құрылымы тұрақты үш бөлімнен тұрады



бет45/48
Дата28.01.2022
өлшемі428 Kb.
#115353
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
стилистика лекция

Рефераттың құрылымы тұрақты үш бөлімнен тұрады:

а) Кіріспе бөлім

ә) Негізгі бөлім

б) Анықтамалық немесе қорытынды бөлім.

1. Кіріспе бөлімде еңбек туралы мәліметтер беріледі: еңбектің атауы, автордың аты-жөні, басылымы, көлемі, қандай мәселені баяндайтыны немес қарастыратыны, неге я қандай мәселеге ғылыми талдау жасалатыны, еңбектің құрылымы (қанша бөлім, тарау, атауы т.б.).

2. Негізгі бөлімде яғни, рефераттың өзінде азат жол (абзац) белгіленбейді. Мұның өзі осы бөлімде қаралатын мәселені, көтерілетін проблеманы логикалық өзара жүйелі байланыста берілген бір бүтін дүние деп есептеуге мүмкіндік береді. Мұнда еңбекте қаралатын мәселенің негізі мазмұны, яғни мақсаты мен міндеті, негізгі қарстырылатын мәселе, оның сипатталуы, оның шешімі, ғылыми негізделуі, тұжырымы, автордың сол мәселеге байланысты келісім-көзқарасы, дәлелі қарастырылады. Қажет болған жағдайда әр түрлі салыстырмасы сандық көрсеткіштер, сызба-суреттер, кесте-формулалар т.б. келтіріледі.

3. Анықтамалық бөлімге ғылыми еңбекке қатысты басқа да ақпараттар, мысалы, еңбектің библиографиясына енгізілген әдебиеттердің саны, рефераттың жеке ойлары мен ескертулері т.б. енгізіледі. Реферат автордың қортындысын келтіре отырып, өз ойын тұжырымдайды. Бірақ бұл ақпараттар рефератқа көбіне енгізілмейді.

Реферат жазуға дайындық тақырыпты таңдап алудан басталады. Содан кейін тақырыпқа байланысты әдебиеттерді іріктеп, танысып, рефераттың жазылу мақсатын анықтау қажет.



Ғылыми мақала-академиялық мәтін түрлерінің бірі. Кез-келген ғылым саласына байланысты мақала жазу үшін автор өзінің зерттеу нысанасын жан-жақты, терең зерттей білу керек.

Ғылыми стильдің ауызша түрлері: диалог пне монолог жатады. Монологқа лекция, диалогқа-пікірталас, алқалы жиын, сұхбат жатады. Монолог бір жақтан ғана өрістеп, дамып отыратын ой болса, диалог екі немесе бірнеше адамның арасында өзара жалғасын тауып отыратын ой болып табылады.



Дәріс-жоғары мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде жетекші орын алады. Дәріс типтік жоспар мен жұмыстық оқу жоспарына сәйкес, соңғы жетістіктермен толықтырыла отырып баяндалатын білім деңгейі.

Алқалы жиын-ғылыми стиль жанрларының ауқымды және күрделі түрі. Ол ерекше дайындықты қажет етеді. Оның мазмұнды, әрі тартымды өтуі ұйымдастырушыға тікелей байланысты.

Пікірталас(дискуссия)-ғылыми стильдің ауызша түрлерінің бірі. Оны өткізудегі мақсат-шешімін күтіп тұрған өзекті мәселеге арналған даудың шешімін, ой-пікірін ортаға сала отырып табу.

Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік-сөзтек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылыми стильде синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде. Сонымен бірге әрбір ғылым саласының өзінің ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктер болып отырады.

Публицистика (латынша «publicus»-көпшілік, «әлеумет» деген мағынада) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.

Публицистикалық стиль өзіне тән сипаты мен сөйлесу жағдайларының әртектілігіне қарай күрделі құбылыс болып табылады. Публицистиканың тілі мен стилі жөнінде көп айтылып жүрсе де бұл мәселенің арнайы функционалды-стилистикалық тұрғыдан зерттелуі жөніндегі еңбектер санаулы.

Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистика тілінің өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы, қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық ильдің ауызша және жазбаша түрлері болатынын айтады.

Публицистикалық стильге қойылатын талап- қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болу. Ол- тілдік құралдарды қолдана білуден байқалады.

Публицистика қоғам өмірімен тығыз байланысты болады. Оның үгіт- насихаттық сипаты басым. Публицистика өзінің тақырыбына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолданады, қажетті синтаксистік құрылысты пайдаланады.

Публицистикалық стильдің ауызша түріне радио, теледидар шолушылары мен комментаторлардың әңгімелерін т.б. жатқызуға болады.

Публицист бүгінгі күннің басты мәселелері ертеңгі күннің болашағын болжайтын зерттеуші қызметін атқаруы тиіс. Бұл газеттің кейбір жанрларын, бәрінен де бұрын мақала мәселесін жасауда айрықша қажет. Мазмұнның теориялық бағыты, стилистикалық талдау мен жүйеліліктің бірлестігі, жасалған ережелердің сендіруші деректері ғылыми тілдің кейбір құралдарының әр түрлі айтылымдарынан көрініс табады. Газеттің, бүкіл публицистиканың қандай да бір қоғамдық мәселені хабарлап, оған оқырманды сендіруге тырысуы, басқа функционалды стильдермен салыстырғанда экспресивтіліктің құралдары мен әдістерінің мөлшері публицистикалық тілде өте жоғары болатындығы кездейсоқтық емес. Газет тілінің экспрессиясы әр түрлі формада жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі біздің заманымызда бұқаралық оқырман жоғары білім мен мәдениетке ие болғанда, айтылымның өз құралы мен сипаты осыдан он шақты жыл бұрынға қарағанда басқаша екендігі көрінеді.

Публицистиканың негізгі ұстанымын В.Г. Костомаров экспрессия мен стандарттың қосарланған бірлігі ретінде анықтайды. Қандай да бір мөлшердегі экспрессия мен стандарттың қосындысына жалпы тілдердің барлығы да тән. Алайда дәл осы газет публицистикасында басқа тілдесу түрлеріне қарағанда бұл бірлік айтылымды ұйымдастырудың стилистикалық ұстанымы болып табылады. В. Г. Костамаровтың тұжырымдамасының құныдылығын осы мағынада түсіндіруге болады. (Л. И. Скворцов. Теоретические основы культуры речи. М., 1980, 76-б.).

Жазба публицистика баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дәрежесін көрсетеді. Қазақстанда бұрын баспа орны болмаған, бірен- саран шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі- «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» қиссасы 1816 жылы шықты.

1920 жылдары республикалық тұңғыш газет «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») шыға бастады. Бұл тұста қазақ публицистикасы жаңа белеске көтерілді.

Публицистика- елдегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге араласатын құрал. Онда еліміздің ішкі- сыртқы саясаты және мәдениет пен мораль проблемалары сияқты мәселелер сөз болады.

Кешегі кеңестік кезеңдегі әдебиетіміздің ірі өкілдерінің көпшілігі ( М.Әуезов, С.Мұқанов, С,Дөнентаев, т.б) өздерінің публицистикалық шығармалары арқылы көрініп, елге танылған. Келе- келе әдебиеттің көрнекті өкілдеріне, яғни ұлы жазушы немесе ақын дәрежесіне жеткен.


Функционалдық стильдің ерекше бір түрі-көркем әдебиет стилі. Стильдің бұл түрінде де сөздер екшеліп, сараланып қолданылады.Көркем шығармада өмір фактілері шынайы суреттелетіндіктен, ондағы сөздер, көркемдік бейнелегіш құралдар белгілі бір стильдік мақсатта жұмсалады. Шығарманың кейіпкері өмірдің әр түрлі құбылыстарында әр қырынан суреттеліп, әрекет жасайды. Ол әрекетке аң да, құс та, адам да , табиғат та қатысады. Осы әрекеттің бәрін бейнелеп, көркем шығарманы жасайтын-жазушы. Жазушы шеберлігі-жазушы стилі. Жазушы стилі-жазушының сөз қолдану тәсілдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет