Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет21/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
орындаған жоқ
Тапсырманың 70% -ынан кем дұрыс орындалды 180-нен кем емес сөз /мин
Бағаның төмендеуіне әсер ететін 
қателердің, кемшіліктердің класси-
фикациясы 
Қателер: 
– мәтін мазмұны бойынша 
сұрақтарға дұрыс жауап бермеу;
– оқылған мәтіннің негізгі ойын 
табуды білмеуі;
- оқылған мәтіннің негізгі ойын, 
оны растайтын негізгі түсініктерді
табуды білмеуі;
- шығармадағы оқиғалардың ретін 
сақтап айта алмауы; 


53
Бағалау нормалары 
5-9- сыныптар үшін оқу жылдамдығының нормалары (минутына сөз).
15-кесте 
сынып
1 жартыжылдық 
соңында
2 жартыжылдық 
соңында
5
«2» – 90 сөзден кем
«3» – 90-104сөз
«4» – 105-119 сөз
«5» – 120 сөзден артық
«2» –100 сөзден кем
«3» – 100-114 сөз
«4» – 115-124 сөз 
«5» – 125 сөзден артық
6
«2» –100 сөзден кем
«3» – 100-114 сөз
«4» – 115-124 сөз 
«5» – 125 сөзден артық
«2» – 110 сөзден кем
«3» – 110-120 сөз
«4» – 121-129 сөз 
«5» – 130 сөзден артық
7
«2» – менее 110 сөз
«3» – 110-115 сөз
«4» – 116-124 сөз
«5» – 125 сөзден артық
«2» – 120 сөзден кем
«3» – 120-125 сөз
«4» – 126-134 сөз 
«5» –135 сөзден артық
8
«2» –115 сөзден кем 
«3» – 116-125 сөз
«4» - 126- 134 сөз
«5» – 135 сөзден артық
«2» – 130 сөзден кем
«3» – 130-134 сөз
«4» – 135-139 сөз 
«5» – 140 сөзден артық
9
«2» – 120 сөзден кем
«3» – 121-130 сөз
«4» – 130-139 сөз
«5» – 140 сөзден артық
«2» – 140 сөзден кем
«3» – 140-142 сөз 
«4» – 142-144 сөз
«5» –145 сөзден артық
Оқу жылдамдығын бағалау 
Оқулықтағы 
мәтін 
бойынша 
түсінуі 
мен 
оқуын 
күнделікті
бақылау негізінде оқу жылдамдығы 
дағдыларын тексеру жүргізіледі. 
Бағалау барысында оқушылардың 
оқу жылдамдығын меңгеру табыс-
тылығы ескеріледі. (дұрыстығы, оқу 
шапшаңдығы мен мәнерлілігі) және 
оқу жылындағы бағдарламаға сәйкес
қойылатын 
талаптар 
бойынша 
оқылған мәтіннің мазмұнын білуі 
(негізгі ойды таба білуі, сұраққа жауап 
беруі, мазмұнды айтып беруі). 
Баға оқуы бойынша арнайы 
сұрақтарға жауап беруі негізінде 
және мәтіннің мазмұнын айтып беруі 
мен кіріктірілген сұрақтарға жауап 
беруі бойынша қойылады. 
Ағымдағы тексеріс және білімін 
бағалау жекелеген біліктілігі мен оқу 
жылдамдығы дағдыларын көрсету 
мақсатында өткізіледі.
Жекелеген жағдайларда сабақ 
соңындағы жауабы бойынша баға 
біріктіріліп қойылуы мүмкін. Мұндай 
сұрау формасы негізінен қорытынды 
сабақтарда қолданылады. Сұралатын 
оқушыларды (3-4 адам) мұғалім 
алдын-ала белгілеп қояды және 
фронтальды 
жұмыс 
процесінде 
сыныптың басқа оқушылары жиі 
шақырылады, 
олардың 
жауабы 
толық болуы қажет. Әрбір баға 
оқушыны ынталандыратындай болу 
қажет.
Оқу жылының басында, орта-
сында, аяғында оқу жылдамдығы 
тексеріледі. 
Оқу 
жылдамдығын 
тексергенде таныс емес бірақ 
қолжетімді мәтіндерді іріктеп алу 
қажет. Оқу жылының басындағы оқу 
жылдамдығын тексеруге арналған 
мәтін көлемі былтырғы жылдың 
мәтін көлеміне сәйкес келуі қажет.
5-9-сыныптар 
Оқушыға «5» деген баға қойылады, 
егер ол: 


54
– мәтінді дауыстап, шапшаң, 
түсініп, әдеби нормаларды дұрыс 
сақтап оқиды; 
– шығарманың негізгі ойын, оны 
растайтын негізгі түсініктерді тауып 
оқиды; 
– мұғалім көмегімен мәтінді 
бөліктерге бөліп, тақырып қояды 
(8-9-сыныптар – жеңіл мәтіндерді өз 
бетімен орындау); 
шығарманың басты кейіпкерін 
атайды, оның іс-әрекетін сипаттайды, 
қойылған сұрақтарға дұрыс жауап 
береді және оқылған мәтіннің маз-
мұнын толық, ретімен, дұрыс бере 
біледі;
Оқушыға «4»деген баға қойылады, 
егер ол: 
– негізінен дұрыс, шапшаң оқиды;
– мағыналы кідірістерді сақтай 
отырып оқу барысында үтір, екпін, 
интонация түсіретін 1-2 қателіктер 
жібереді; 
– шығарманың негізгі ойын беру-
де қателіктер жібереді, оны мұғалім 
көмегімен түзетеді; 
шығарманы бөліктерге бөлуде
тақырып қоюда қателіктер жібереді, 
оны мұғалім көмегімен түзетеді;
– шығарманың басты кейіпкер-
лерін атап, олардың іс-әрекетіне 
мұғалім көмегімен сипаттама береді;
– мәтіннің мазмұнын баяндауда, 
сұраққа жуап беруде қателіктер 
жібереді, бірақ оны өзі мұғалім 
көмегімен түзетеді;
– жатқа оқуда 1-2 қате жібереді, 
оны өзі түзетеді, барынша мәнерлеп 
оқымайды.
Оқушыға «3» деген баға қойылады, 
егер ол: 
– шапшаң оқуы жеткіліксіз, кейбір 
сөздерді буындап оқиды; 
– оқу барысында 3-4 қате жібереді; 
синтаксистік кідірістерді сақтаудан 1-2 
қате жібереді; мағыналық кідірістерді 
сақтаудын 3-4 қате жібереді; тыныс 
белгілерінен, екпіннен, логикалық 
екпіннен қате жібереді;
– шығарманың негізгі ойын анық-
тайды, әңгіме бөліктерін мұғалім 
көмегімен айтады;
– шығарманың басты кейіпкер-
лерін атап беруде, олардың іс-
әрекетін сипаттауда қиналады;
сұраққа жауап беруде және 
шығарманың негізгі мазмұнын толық 
айтып беруде қателеседі. ;
– жатқа толық оқып бере алмайды.
Оқушыға «2»деген баға қойылады, 
егер ол: 
– буындап оқиды;
– синтаксистік кідірістерді сақтауда
5-тен көп қате жібереді;
– шығарманың негізгі ойын 
анықтай алмайды, әңгіме бөліктерін 
мұғалім көмегімен айта алмайды;
– шығарманың басты кейіпкер-
лерін атап бере алмайды, бірақ 
олардың іс-әрекетін сипаттап береді;
– сұраққа жауап беруде және 
шығарманың негізгі мазмұнын 
толық айтпайды, үзік-үзік қана 
айтады; мұғалім көмегін пайдалана 
алмайды;
– жаттауға тиісті мәтіннің көп 
бөлігін білмейді. 
Оқушыға «1» деген баға қойылады, 
егер ол:
– мәтінді буындап оқуда қиналады;
– оқылған мәтіннің мазмұнын 
бұзады,көптеген қателіктер жібереді;
– 
оқылған 
шығарманың 
мазмұныны түсінбейді; оқылған 
мәтіннің мазмұнын бұзады;
– өлеңді жатқа білмейді.
Оқу 
жылдамдығын 
тексеруге 
арналған үлгі мәтіндер: 
5-сынып
ІЗДЕНУ 
Ермек пен Әсия бір сыныпта 
оқиды. Пәндер бойынша үлгерімдері 
жақсы. Бүгін де ана тілінен тест 
тапсырған. Бұл тесттің ерекшелігі – 


55
іздену қажет. Оны апайы айтты.
– Тесттегі сұрақтарға жауапты ана 
тілі оқулығынан табуға болады. Тек 
талмай іздену керек, – деді.
Ермек те, Әсия да тест тапсыр-
маларына сай жауаптарды белгіледі. 
Өз ойларынша дұрыс. Әсияның 
тестке қайтарған жауаптары түгелдей 
дұрыс болып шықты. 
– Ұқыппен даярлағаның көрініп 
тұр. Өз бетіңше жауап іздегенің бай-
қалады.
– Ал, Ермек сен ғұлама ғалым 
әл-Фарабидің туған жерін дұрыс бел-
гілемепсің? 
– Апай, ондай сұрақтың жауабын 
таба алмадым. Содан соң, күмән-
данғаным рас. 
– Мен сендерге үнемі айтамын 
ғой. Іздену керек деп. Ізденіс қана өз 
жемісін береді, – деді апай сынып-
тағы оқушыларға өз сөзін нықтай 
түсіп. (110 сөз)
6-сынып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет