Тіркесу тəсілі арқылы: ақ балық, ақ сыла, құты балық (балық атаулары), қосалқықайық,парталқайық,қабаданқайық(қайық түрлері), үкі сүзу (мұз ойып, балық аулау), қайық жүгірту (қайық жалдап пайда табу), жылым айдау (жылым ауын тарту), балық бағу(балықпен кəсіп ету), қазына арық, бау арық, атыз арық, жанамаарық, қауын арық (арық түрлері), бір қайтым жер, бір қос жер, біратыз жер, бір мойын жер, бір сала жер (егіндік жер мөлшерлері), күдері су, бір иін су, баспа құлақ су, үлкен құлақ су (егістікке берілетін су мөлшері) т.б. атаулар қалыптасқан.
Сөз мағынасының жаңаруы, өзгеруі арқылы жалпыхалықтық көп- теген сөздердің мағына жағынан дамуы нəтижесінде көп мағыналы сөздер туған: ауыз (арықтарға су жіберетін жер), қулау (судың арықты бұзып кетуі), челдеу//шелдеу (егіске жіберілген судың алдын қырнап ашып отыру), қарауыл (аудың жатқан жерін көрсететін белгі), құрсақ(жылым аудың балық жиналатын жері), сүзгі (балық сүзетін құрал), тас (бекіренің қатты шеміршегі), шөгеру (ау салу), өре (ау торының кере жазылған бойы) т.б.
Кəсіби сөздерде басқа да мағыналық құбылыстар кездеседі. Бір- сыпыра кəсіби сөздер жалпыхалықтық сөздерге омоним болып ке- леді: қаза(аудың бір түрі), самал(мұз оятын құрал), жылым(теңізде
балық аулайтын ау), бал (кішкене арық). Белгілі кəсіпке байланысты синоним ретінде қолданылып жүрген сөздер де бар. Мысалы, Досқа- раев аудың балық жиналатын жерін құрсақдеп те, қоржын,мат-ня деп те, ау салу, ау тарту үшін жағадағы қолайлы орынды рет деп те, майлықдеп те атайтынын жəне көксеркені тісті, торды кереге,қайықты ыдыс, ау салуды ау төгу, ау жабу, ау шөгеру, қайықтың ішіндегі көлденең ағашты азна, отыра деп атайтынын анықтаған.
Бірсыпыра кəсіби сөздер басқа ұлт тілдерінің əсерімен жасалып қалыптасқан. Арал, Каспий балықшыларының тілінде орыс сөзінің əсерімен прогон(мұз астында ауды айдайтын ағаш), шөмейке(шемая балық), көшкі(кошка, якорь), ақан(ахан, охан – ау түрі), шан(балық тұздайтын үлкен бөшке), мойке(мойка – балық жуатын ыдыс), багор(ұзын сапты қармақ темір), бояқ(боек – қалқы), бөднек(неводник – желкенмен жүретін қайық), путен(путина – балық аулау маусы- мы) т.б. сөздер пайда болған. Диқаншылар тілінде: рош(рожь – қара би- дай), обрат(обработка), қанау(канава – бас арық) т.б. сөздер жасалған. Парсы, тəжік, өзбек, ұйғыр тілдерінен: уат(кішкене арық), нам(ылғал), белкүрек(күрек), пахта(мақта), шиіт(мақтаның тұқымы), қоза(мақта өсімдігі), жоя(атыз, қауын-қарбыз егетін жер), пал(мақта, қызылша түптерінің жиегі), өстен(бас арық, канал), чөнек (ұсақ арықшалар) т.б. сөздер енген.
Кəсіби сөздер ұлттық əдеби тіл лексикасының дамып жетілуіне, толығып отыруына үлес қосады. Мəселен, тек ауылшаруашылығы саласында қазіргі кезде əдеби тілге еніп, бүкілхалықтық сипат алып кеткен кəсіби сөздер аз емес. Мысалы: дақыл, қозапая, шиіт, танап,жүйек,құлпынай,мұрап,сақман,көлтабандапсуару,шөгінді,оттық,көшет, күнбағыс, айқабақ, бақ, бағбан т.б. бір кезде шағын ортада ғана белгілі кəсіби сөздер болатын. Осындай сөздердің термин болып кеткені аз емес.
Қазақ тілінің өз сөздерінен термин жасауда кəсіби сөздердің зор мəні бар. Кəсіби сөздер терминдік лексиканы қалыптастыруда негізгі арналардың бірі болып табылады. Мұның өзі кəсіби сөздер мен тер- миндер сипатындағы жақындыққа байланысты. Термин ретінде қа- лыптасып кеткен кəсіби сөздер де белгілі бір ұғымның нақты, дəл мағынасын анықтайды. Ұлттық тілде олардың мағынасын дəл беретін баламалары жоқ. Мысалы, жылым, танап, қозапая, дақыл сөздерін басқаша атауға, басқа сөзбен ауыстыруға болмайды. Бұдан екеуінің арасында айырма жоқ деп қарамау керек. Ұлттық тілдегі кəсіби сөздердің бəрі бірдей ғылыми термин болып қалыптаса бермейді. Олардың ішінен тек баспасөз арқылы əдеби тілге еніп, ғылыми ұғымдарды білдіру талабына сай келетіндері ғана термин бола алады.
Терминдер ғылыми негізде, ал кəсіби сөздер халықтық негізде əртүр- лі кəсіптің дамуымен байланысты қалыптасады.