Мақташаруашылығынабайланыстыкəсібисөздер. Шымкент облысының тұрғындары тілінде мынандай сөздер кездеседі:
Бур.Қозаның ең алғашқы түйінінде қоза көсегін орап тұратын жа- пырақтар.
Гүлше.Гүл шығара бастаған шанақ.
Шанақ. Мақта талшығы жетіліп ашылғанға дейін ыстықтан қор- ғап тұратын қалқан.
Бұл сөзбен байланысты шанақ байлау (шанақ салу), шанақ төгу(шанағы түсу) деген тіркестер қолданылады. Бұл сөз шанақтау бо- лып етістік тұлғасында да қолданылады. Мысалы: Қазір барлық жер- де жаппай шанақтап,гүлдей бастады («Оңтүстік Қаз.», 7.07.59).
Қоза. Мақта өсімдігі. Қоза баптау – мақта өсімдігін күту. Қозакөшетімақта өсімдігінің түбі.
Терім. Мақта теру. Ұстаздар басшылық етіп, терімде ұйымшыл- дық көрсетуде («Қызыл ту», 13.10.66).
Шиіт. Мақта өсімдігінің тұқымы, дəні. Осы сөзбен байланысты төмендегі тіркестер қолданылады: тұқымшиіті(келесі жылы себі- лу үшін, суық түскенге дейін теріп алған мақта дəні). Қабықты шиіт(қабығы алынбаған мақта өсімдігінің тұқымы), ақ шиіт (түгі алын- баған түбітті шиіт).
Бидай,жүгері,тарыдақылдарыменбайланыстыкəсібиатау-лар.Бозтұмсық//бозмұрт.Тарының шала піскен кезі. Тарының жары пісіп, жары піспей тұрған кезін боз тұмсық дейміз (Орын., Ад.). Мəдек.Жүгерінің жеміс беретін сабағын біз мөдекдейміз (Сем.,
Үрж.).
Ақпорми(Сем., Үрж.). Үлкен, толық болып шыққан жүгері.
Борми(Сем., Үрж.). Нашар шыққан жүгері. «Коминтерн» колхозы бидайдың əрбір гектарынан 4, 64 центнер, бормидан7, 56 центнерден
артық өнім алды («Қызыл жұлдыз», 24. 06. 56).
Қобанбидай.Қатты бидай. Бұл күнде қобанбидайғақатты бидай деп есім берді (Орын., Ад.).
Опайдау.Егін бастыру.
Бəһөрібидай(Шымк., Ленг.). Көктемде егілетін бидайдың бір түрі.
Қырқын.Бидайдың келтегі, шар басы. Қырқындыбұрышқа жи
(Қарағ., Шет).
Көкнайза(Сем., Мақ.). Қара бидай.
Ақкөйлек.Бидайдың ішкі жұқа қабығы. Бидайдың ішінде ақкөй-лекдеген жұқа қабығы болады (Сем., Мақ.).
Дүмбе(Сем., Мақ.). Күздік бидай.