Жерсуландыруғабайланыстысөздер. Бұл атауларға əсіресе оңтүстік-шығыс өлкелер бай. Ирригацияға байланысты сөздердің ба- сым көпшілігі, басқа кəсіби сөздер сияқты, əдеби тіл лексикасының баюына аса қажетті.
Əнер.Үлкен, бас арық. Егінге əнерденсу жібердік (Шымк. обл.).
Жанарық.Егістік жердегі оқ арықтан тарайтын арық. Жанарық деген егіске жақын жүреді (Шығ. Қаз.).
Қарық (Қ. орда, Қарм.) Ұсақ арық, бақша ішіне жіберілетін кіші- леу арық.
Қолшық.Кішкене арықшалар. Бұл қарықтан да кіші болады
(Жамб. обл.).
Қол арық. Ең кішкене арық. Суды оман арықтан қол арыққа бұр- дық (Қарағ., Шет).
Оман арық. Үлкен, бас арық. Оман арықтың суын егінге байла- дық (Қарағ., Шет).
Құлақарық//құлақ.Егінге су жіберетін арықтың аузы, жолы. Егінге құлақты кең ашпаса, су жақсы тарамайды (Шығ. Қаз. обл.). Кейбір атыздардың су жүретін құлағынақазық қағып, талдырғылап тас- тапты. Ескі суы қашыртқылануда («Ленин жолы», 26. 08. 59).
Ата жап. Егіс басына үлкен арықтан су жеткізетін кіші арық. Атажаптан қауын аралығына арық арқылы су тарайды (Қ. орда. Тер.). Бұдан басқа да толып жатқан бау арық, оқ арық, жанама арық, атызарық,қазынаарық,көларық,желкеарықсияқты түрлері бар. Енді бір топ сөздер егінге су жіберу əдісі, мерзімімен байланысты қолда- нылады. Олардың көпшілігі сусөзімен тіркесіп келеді. Мысалы:
Жерсуы.Егіндік жерді жыртпастан бұрын берілетін су. Былтыр
80 гектар жерге жерсуынбердік (Алм. обл.).
Желке суы (Алм. обл.). Егіннің екінші рет суарылуы. Семей облы- сында қайрақсуыдейді.
Қайрақсуы.Егінді екінші рет суару. Егінге енді қайрақсуын жіберуім керек (Сем., Мақ.).
Орақ суы. Егінді орудан 15-20 күндей бұрын жіберілетін су. Егін- ге орақ суынжіберіп келдік (Сем., Үрж.).
Құлақ су (Сем., Үрж.). Бір байлам, яғни бір бөгеумен егіннің мөл- шерлі бір бөліміне жіберілетін су. Мұның басқа үлкенсудеген
түрі бар. Бұл колхозға қарасты құлақ су бар, бірақ оны дұрыс пайда- ланбағандықтан су далаға кетіп жатыр («Қызыл жұлдыз», 23.06.40).
Топырақсуы(Алм. обл.). Егіннің бірінші рет суарылуы.
Баспақұлақсу.Бірнеше құлақ су. Бүгін егінге бір баспақұлақсу жібердік (Сем. обл.).
Біриінсу.Жарты күндік су.
Жердің өлшеміне байланысты төмендегі сөздер кездеседі: бір ке-сімжер(гектардың сегізден бір бөлігі), бірқосжер(1 гектарға жақын жер), бір қайтым жер (ширек гектар жер), бір танап жер, бірмойынжер т. б.