Киім-кешекке байланысты атаулар. Бөйтік. Теріден тігілген аяқ киім. Бөйтігіңдіки де, жылқыға бар (Моңғ., қаз.).
Көбенте чапан. Мақталы шапан. Зақыдан (базардан) көбенге ча- пан алдым (Монғ. қаз.). Моңғолша көбенте– мақталы деген сөз.
Зодық. (Моңғ.қаз.). Балуандардың киімдері. Моңғол тілінен енген сөз.
Аяққап. Аяқкиім. Магазиндерден іздеп отырып, өзіме аяққап та- уып алдым (Түрікм., Таш.). Түрікменше – аяққап. Жорап.Нəски, шұлық. Тонадағы сүр жорабымдыжудың ба? (Түрікм., Таш.).
Бөстек. (Қарағ., Шет). Жабағыдан жасалған бір кісілік көрпеше. Біздің бұрынғы ескі-құсқы бөстектерғана шашылып жатыр (Б.Соқпақбаев).
Бестақа.(Гур., Маңғ.). Өкшесі аласа етік.
Жалбай. Тымақ сыртынан киетін жалаң қабат бас киім. Жалбайы-мыз қалып қойды (Орын., Ад.). Бөркімнің сыртынан жалбайымды ки- месем, бүгін күн суық екен (Қост., Жанг.).
Жадағай.Астарсыз жұқа шапан. Ол шыли жадағай киетін
(Шымк., Арыс).
Тайжақы//құлынжарғақ//дақа. Құлынның не тайдың терісінен іс- телген сырт киім. Бұрын тайжақыныкөбінесе құлын терісінен жасап
киетін (Шымк., Арыс). Төрдегі екі терезенің аралығындағы қабырға- да жаннат қаптал ішік, қара құлынжарғақілулі тұр (С. Мұқанов).
Бұлардан басқа киім-кешекке байланысты төмендегі сөздерді атауға болады: жапатай (елтірі құлақшын), мөкі (кебістің түрі), шеп-шер//шəпшер(шарық тəрізді аяқкиім), байтаба(жүннен тоқылған шұлғау), екше(кимешек), бөкіс(киіз қонышты етік) т. б.
Азық-түлік, тағам атаулары.Қорықтық. Қойшылардың қызған тас салып пісірген сүті. Жолда қойшылардан қорықтық істеп ішіп, жырғап алдық (Моңғол қаз.).
Бодық.Малды сойып, терісіне орап, жерошақтағы күйдірілген құмға көміп пісірген ет. Далада істеген бодық қандай тəтті болды (Моңғ. қаз.).
Ұрпақ.Еттің нанына себілетін ұн. Қамыр илегенде себетін ұнды
ұрпақдейміз (Шымк., Сарыағ.).
Ұша.Қойдың сүбемен, құйрықпен тұтас алынған бел омыртқасы.
Біреудің төсін жесең, өзіңнің ұшаңдысайла (Мақал, Гур., Маңғ.).
Құлақ нан. Етке салатын нан. Етке салатын нанды біз құлақ нандейміз (Көкш., Щуч.). Оңтүстікте қамыр,батыста етнаны,солтүстікте жұқа нан дейді. Орда (Орал облысы) қазақтарының тілінде Түрік- менстандағы қазақтар ішінде күртік. Əсел.Бал. Біздің жақта керек болса, əселде табылады (Шымк.,
Сарыағ.).
Келімдəрі. Қызыл бұрыш. Кежеге келімдəрі сап ішкенде жақсы бо- лар еді (Алм., Кег.).
Пендір.Брынза. Колхоздарда пендіржасайды (Түрікм., Таш.).
Төңкерме (Көкш., Щуч.). Ұн мен майды араластырып қуырып іс- тейтін майлы, тəтті тамақ. Мұны кейде тастампай деп те атайды.
Тураған. Еттен қалған қамырды майдалап турап, сорпа құйып, тұз- дықтап беретін тамақ. Мен турағандыжасамаймын (Шымк., Сарыағ.). Кейбір жерде бұны нарын дейді. Қызылорданың кейбір аудандарында турамадейді.
Жылытпа.Кешегіден қалған ас. Жылытпаныжеп кетейік (Қ.орда,
Сыр.).
Курпы//курпі.Ұнның кебегі. Ұнның курпісіжиналып қалды (Орал,
Жымп.). Курпісіаз шықты, бидай майда тартылыпты (Орын., Ад.).
Қазақ сөйленістерінде нанның төмендегі түрлері кездеседі: қазан-жаппай//қазанжаппа.Қазанға жауып пісірілген нан. Ас жақсысы қазанжаппай, сөз жақсысы – лөббөй (Мақал, Ақт., Караб). Қаттама.Жұқа нанның арасына қаймақ салып, майға пісірген нан. Мейман келді ғой, қаттама пісір (Алм., Шел.). Кісе нан (Гур., Маңғ.). Ішіне туралған ет салынып, табаға пісірілген нан. Загара.Жүгері, тары
ұнынан істелген нан. Там басында дағара, дағара толған загара (Қа- рақалпақ қаз.). Көмпек (Түрікм., Таш.). Ашытып пісірілген бөлке нан. Маңғыстауда өтпек дейді.