Туыстық атауларға байланысты сөздер. Сой. Тұқым, тек. Бұл сөз Батыс Қазақстан өлкелерінде кездеседі. Ақсақты алсаң сау қуар, соқырды алсаң сой қуар (Орал, Чап.). Біздің бой-сойымыз шамалас екен (Орал, Қазт.). Баласы ана сойынане ата сойынатартпауы мүмкін («Ауыл шаруашылығы», Москва, 1929, 29-бет). Бұл сөз батыс аймақтарында туып-өскен жазушылардың тілінде де кездеседі. Мы- салы:
Сұрасаң арғы түбі аға сойдан,
Негізі беріш ұлы ағатайдан (X.Ерғалиев). Кемпес.Кемпір. Кемпес,бері келіп кетші (Орал, Орда). – Кемпес,ə,
кемпес,– деп, Зағипа жеңгейге қарады (Ғ.Сланов).
Құдағай. Құдағи. Көршілердің құдағайы келіп жатыр (Орал, Чап.). Бар барын айтады, жоқ – зарын айтады. Құда базына айтады, Құдағайназын айтады (Мақал).
Тума. Туысқан, жекжат. Кеше біздің көптен бері күтіп жүрген ту-маларымызкелді (Орал, Чап.).
Халық қызық көрген күн,
Тумағатумасенгенкүн(Н.Байғанин).
Таға.Нағашы. Оның тағасыкеліп, мейман болып жатыр (Шымк.,
Сарыағ.).
Қоңсы. Көрші. Бұл кісі біздің қоңсымыз (Шымк., Сарыағ.). Жаман туыстан жақсы қоңсыартық (Қарақалпақ қаз.). Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсықондырмас (Қарақалпақ қаз.).
Ақа. Аға. Бұл сөз Орал облысының батыс аудандарында айтыла- ды. Ақа,қалаға барасыңыз ғой, мен де барсам қайтеді (Орал, Орда).
Жам. Ру, ата. Жағалбайлы бірнеше жамға бөлінеді. Неше жам-сыңдар?(Орын., Ад.).
Үріптес.Ағайындас, туыстас. Иманғали менің үріптесім(Гур.,
Маңғ.). Біз манағы келіп жеткен жігітпен үріптеспіз(Орын., Ад.).
Қабыз.Нəсіл, ұрпақ. Олардың арғы қабзыбір (Гур., Маңғ.).
Аданас. Туысқан, тума. Қалада менің екі аданасым жұмыс жасай- ды (Орал, Қазт.). Аданастар, келіңіз, дем алайық (И.Бейсин. Дұрыс жазу қағидалары, 1914).
Əпше//əпке//əкпе.Апа.Əпшесіқалада оқуда (Шымк., Сарыағ.).