Салт, əдет-ғұрыпқа, ойын аттарына байланысты сөздер.
Тəріп.Əдет-ғұрып. Біздің тəрібіміздемұндай жоқ (Қарақалпақ қаз.).
Дəп.Дəстүр, əдет-ғұрып. Мұндай дəпбіздің елде де бар (Гур.,
Маңғ.).
Азат омыртқа//аян омыртқа (Алм.). Мал сойған кісінің ақысы есебінде берілетін ет.
Асар//уме.Адамдардың топтасып көмек, жəрдем беруі. Асарғакөп адам шақырдым (Қ. орда, Сыр.). Өзбек тілінде хашар.Батыс қазақтары мұны уме дейді. Мен умеге жақындарымды ғана шақыр- дым (Ақт., Қараб.). Бұл сөз кейде «жəрдем» сөзінің синонимі ретінде де қолданылады. Мысалы, Егіс уақытында қаладан умеге көп адам келеді (Ақт., Қараб.).
Шөп шапқам жоқ өзіме, Өткіздім байдың үмесін. – Əй, Мырқымбай, қайтейін,
Бай деумен-ақ жүдейсің (Б.Майлин). Есім қосу. Жиын-тойда ат қойып ойнайтын ойын түрі. Есім қос-қанда ойынды басқарушы отырғандарға түгел есім қойып шығады (Орын., Ад.).
Мəлкітотай.(Орын., Ад.). Əйгелек, қол үзбек. Ойынның бір түрі.
Шатыраш.Дойбы. Шатыраштыжөнді ойнай алмаймын (Орын.,
Ад.).
Күн райына, табиғатқа, уақыт мезгіліне байланысты сөздер.
Жам.Теңіздің терең, өзек жері. Тымық күндері де жамныңбеті толқып жатады (Гур., Маңғ.).
Желауыз.Оңтүстік-батыстан соғатын теңіз желі. Желауызжиі соғып тұрады (Гур., Маңғ.).
Қышын.Солтүстіктен соғатын теңіз желі. Оның күшті түрін қарақышындейміз (Гур., Маңғ.).
Айлақ.Шығанақ, теңіздің қолтығы (ор. бухта.). Кеме айлаққаке- ліп тоқтады (Гур., Маңғ.).
Чат//шат.(Сем., Үрж.). Тау ішіндегі терең сай.
Ақбайтал.Үскірік, боран. Қыста ақбайталкүндерінде суық бо- лады (Көкш., Еңб.).
Шұбарлыжер.Ағашты, бұтақты жер. Шұбарлыжергеқар көп тоқтайды (Көкш., Щуч.).
Долы.Бұршақ. Жемісімізді долыжауып, ұрып тастады (Шымк., Ленг.).
Шабыр.Қырқалы, ойлы-қырлы жер. Білемін, оның үйі шабыр-дыңішінде еді (Қарағ., Шет).
Жарын.Келесі жыл, келер жыл. Қайрақбай бізге жарынкелем деп отыр (Ақт., Жүр.). Бұдан да бітік өседі, Еккен тарың жарынғы(Н.Байғанин).