Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер. Жаулау. Бақыраш, қол бақыр. Жаулау бұрын болушы еді (Қарағ., Шет).
Қылдыбақыр.Шелек. Қылдыбақырдытолтырып су алып кел
(Қарағ., Шет).
Төймөңке. Кесенің ең кішкене түрі. Тəймөңке кесемен балаларға құйып бер (Қарағ., Шет).
Қасқарша.Мойны ұзын жез құман. Қасқаршаосы күні сирек ұшырайды (Қ. орда, Сыр.).
Сапалкесе.Үлкен кесе. Ол бір сапалкесеайран ішті (Қ. орда, Тер.).
Чөлеңке.Кесе. Сусын ішетін чөлеңкеалдың ба? (Моңғ. қаз.).
Шəугім//чəугім.Шəйнек. Мейманға чəугімбер, беті-қолын жусын
(Шымк., Арыс).
Құм. Құмыраның үлкен түрі. Құмға ашытқан ағарған кəстрөл-мəс- трөлге ашытқаннан əлдеқайда пайдалы (Түрікм., Таш.).
Шайдос.Мойны ұзын құман. Бұрын шайдоскөп еді. Кəзір оны
жезқұмандеп кетті ғой (Шымк., Сарыағ.).
Бөрдек.(Орал, Қара.). Құдықтан су алу үшін кенеп, не теріден істелген шелек сияқты ыдыс.
Құрал-сайман атаулары.Мыштар//ныштар. Бəкі. Менің мыш-тырым қалтамда қалып қойыпты (Шымк., Ленг.). Батыс қазақтары бұны шаппа//шаппапышақдейді.
Забиял.Қазан революциясынан бұрын Завиялов зауыты шыға- рып тұрған бəкі. Бұрын забиялбəкілер көп болатын (Көкш., Щуч.).
Кемпірауыз. Шеге суыратын құрал. Орталық-солтүстік облыстарда тістеуік, батыс аймақтарында атауыз дейді. Кемпірауыз шегені дем- де суырып алады («Қаз. əдеб.», 16. 08. 62).
Аша. Айыр. Айырды бұтағының санына қарай үшаша, төрташадеп атайды. Сахнада тарелке айналдырғанша, қолыңа ашаалып, қырман басындағы веялкаға барғаның жөн болар («Қызыл жұлд.», 9.11.56). Солтүстік облыстарда аша деп үйдің тіреуін, бағанасын ай- тады. Оңтүстік аймақтарда (Шымк., т. б. обл.) айырды бесақадейді.
Шеккі. Таразы. Ана тұрған бидайды шеккіге өлшет (Орал, Жəн.). Сиқов жолдас астық өлшеп алуға тұрақты адам тағайындамай жəне шеккіменқамтамасыз етпей отыр («Коммунист», 2. 07. 54).
Нəрбі.(Қарағ., Шет). Темір тесетін құрал.
Жөмке.Қысқаш. Шоқты жөмкемен қысып алып тастаймыз
(Орын., Бөр.).
Жұтпа.(Қарағ., Шет). Маядан шөп суырып алатын құрал. Бұл құрал Қостанайда сүңгуір, Көкшетауда шотағаш, Маңғыстауда қар-мақдеп аталады.
Созан.Түйенің ауытын тігетін ағаштан не темірден жасалған үлкен ине. Созаныңдыберші, мен тігейін (Түрікм., Таш.).
Бұлардан басқа төмендегі сөздерді де атауға болады: мəстүрік// нəстүрік (ағаш жонатын құрал), əтешкір//шаттауық (от қысқыш), алқа(құлып), кергі(қайла), қадаубас(темір кесетін құрал) т. б.