3 Пәннің мазмұны
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
|
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
Күндізгі бөлім
|
Сыртқы бөлім
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
С¤Ж
СӨЖО
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
С¤Ж
СӨЖО
|
1
|
Кіріспе
|
3
|
3
|
15
|
1
|
1
|
19
|
2
|
Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары
|
4
|
4
|
15
|
1
|
1
|
19
|
3
|
Қазақ тілінің стилистикалық құралдары
|
4
|
4
|
15
|
2
|
2
|
20
|
4
|
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері
|
4
|
4
|
15
|
2
|
2
|
20
|
Барлығы: сағат
|
15
|
15
|
60
|
6
|
6
|
78
|
3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Кіріспе.
Стилистиканың тіл ғылымының басқа салаларындай тек өзіне ғана тән тұлға – бірліктері жоқ: ол фонетиканың объектісі – дыбыстарды, лексикологияның объектісі – сөздерді, морфологияның объектісі морфемдерді, синтаксистің объектісі – сөз тіркестері мен сөйлемдерді, солардың бәрінің жиынтығын зерттейді. Бірақ стилистика тілдік тұлға-бірліктердің, жоғарыдағы ғылым салаларындай, құрылысы мен мағыналарын ғана емес, белгілі бір қолданыс саласының мақсат-міндеттеріне сай қызмет ету жағдайларын зерттейді. Тілдік қатысымның әр түрлі саласында қызмет еткенде тілдік құралдар қалай өзгереді, қандай мағыналық, эмоционалдық реңк үстейді, адамға қалай әсер етеді, соларды бір-бірімен салыстыра отырып қарастырады. Мысалы, лексикология тілдегі синонимдік қатарларды тіркеп, көрсетумен шектелсе, стилистика әр синонимдік қатардың қандай қолданыста қандай мағыналық, эмоционалдық реңк үстейтінін, қайсысы қандай сөйленім кезінде қолданылатынын ашып көрсетеді.
Қазақ тілі стилистикасы ғылымының алдында оның мәселелерін қазіргі талаптарға сай зерттеу міндеті тұр. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында жазылған алғашқы оқулықтан басқа, стилистиканы тұтас ғылым ретінде не жекелеген мәселелерін тереңірек зерттеген еңбектер жоқтың қасы.
Стилистика өз ішінде мынадай салаларға жіктеледі:
1. Құрылымдық стилистика немесе тіл стилистикасы;
2. Қолданымдық стилистика немесе сөз стилистикасы;
3. Көркем әдебиет стилистикасы;
4. Нормативті, практикалық стилистика.
Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық сапа-қасиеттерін нақты қолдану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданымдық стилистика, керісінше, тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларында қолдануымен байланыстырып зерттейді. Ал көркем әдебиет стилистикасы тілдік құралдардың көркем шығармадағы өмірін, яғни көркем шығармада өнер тудырушы құбылыс ретіндегі қызметін зерттейді. Практикалық стилистиканың міндеті – стилистикалық тілдік мәдениетті, сөз қолданудың стилистикалық нормаға сәйкес дағдысын қалыптастыру.
Қазақ тілі стилистикасы пәнінің мазмұнын стилистиканың негізгі байлығына жататын тілдік құралдар, олардың стилистикалық мағыналары мен бояулары, қолданылатын орындары және қазақ тілінің функционалды стильдері құрайды. Көркем әдебиет тілі де стилистикалық нормаларды реттеуші маңызды сипатқа ие, сондықтан ол да стилистикада әрдайым зерттеу нысаны болады. Стилистика қазіргі қазақ тілі курсының барлық салаларымен, қазақ әдеби тілінің тарихымен, тіл мәдениеті, көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәндерімен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |