Ж. Т. Сарбалаев филология ғылымының докторы, профессор


Сөздік Мүсін скульптура



бет3/11
Дата02.02.2017
өлшемі1,04 Mb.
#8484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сөздік




Мүсін скульптура


Шебер мастер

Туындылар произведения

Қола бронза

Шойын чугун

Мәрмәр мрамор

Қашау долото

Саз глина

Тас камень

Бояу краска
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:


  1. Тамаша туындылар кімдердің қолынан шыққан?

  2. Скульптура – қай сөзден шыққан?

  3. Мүсінші өз шығармасын неден жасайды?

  4. Металдан мүсінді қалай жасайды?

  5. Статуя дегеніміз не?

  6. Мүсін туралы не білесің?

Назар аударыңыз!


Қосымшалар
Жеке тұрғанда болмағанмен, түбірге жалғану арқылы сөзге әр

түрлі лексикалық және грамматикалық мағына беретін сөз бөлшегін қосымша деп атайды.

Қосымша екі түрге жіктеледі: жұрнақ және жалғау.

Жұрнақ дегеніміз - өзі жалғанған сөзге лексикалық немесе грамматикалық мағына беретін қосымшалар.

Мысалы: өнім.

Жұрнақтар сөз тудырушы және сөз түрлендіруші болып бөлінеді. Мысалы: құрылысшы, шаруашылық, үйшік, құлыншақ, ағатай.

Сөзге грамматикалық мағына үстейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Қазақ тілінде 4 түрлі жалғау бар:


  1. Септік жалғау

  2. Көптік жалғау

  3. Тәуелдік жалғау

  4. Жіктік жалғау



Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

3. Төмендегі сөздерден жаңа сөздер жасаңыздар:

өнер, мүсін, дайын, туынды, бөлшектік, монумент, дүние, мәрмәр, сұлу, негіз, өнеркәсіп, азамат, сыйымды.

Керекті жұрнақтар: - дік, -дық, - тік, - тық, -лық, -лік.

4. Берілген сөздерден сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтары бар сөздерді жеке теріп жазыңыздар:

өнерпаз, суретші, кейіпкер, жұлдызша, шығармашылық, қалақша, мүсінші, апай,сәулетші, үйшік, желкенше, күрек, көкетай,сандықша, дағдарыс, қобдиша.



5. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құра:

саз, тас, шойын, мінез-құлық, туынды, бет-әлпет, қимыл-қозғалыс.



6. Қазақ тіліне аударыңыз:

Скульптура – создание объемных изображений из глины, камня, дерева, металла. Отличается трёхмерностью, объемом, пластикой, текучестью формы. Делится на плоскостную и объемную. Главные жанры скульптуры — портрет, исторические, бытовые, символические, аллегорические изображения, анималистический жанр.



7. Есте сақта.

а) «Он саусағынан өнер тамған»- фразеологизмі «Мастер на все руки» немесе «Золотые руки» деген мағынаны білдіреді.

ә) Білімді өлсе,

Қағазда аты қалар.

Ұста өлсе,

Істеген заты қалар.

в) Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.



8. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз, қазақ тіліне тән дыбыстарға назар аударыңыз.
қолдану

Суретшілік өнерді меңгеру

Пайдалану
9. Көп нүктенің орнына «қ» немесе «к» әрпін қойып жазыңыз:
Мен живопись жазғанда бейнені бөле... - бөле... ай...ындауға еш...ашан асы...қан емеспін. Мені ең әуелі қызы...тыратын шығарманың жалпы салмағы мен мінезі. Егер осылардың шешімін тапсам, әрі ...арай нысанның нәзі... жерлері мен әрін іздеуге ...ірісемін. Мен барлы... уақытта ешнәрсеге алаңдамай және де еш...андай жүйеге то...тамай солармен жұмыс істеймін .

(Сергей Калмыков)


4-тәжірибелік сабақ
Егер мақсатың болмаса,

Түк те тындыра алмайсың,

Ал мақсатың мардымсыз болса,

Ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың.

Д.Дидро
Қарындаш
Осы заманғы қарындашты ХҮІІІ ғасырдың аяғында француз оқымыстысы Н. Конте ойлап тапты. Сурет салуға қажетті қарындаштың ұзындығы көбінесе – 18см. болып келеді. Ал, олардың сыртқы түрі әр түрлі болып келуі мүмкін, ол әр суретшінің өз талғамына байланысты. Көп жағдайларда алты қырлы қарындаштар қолдануға қолайлы. Себебі, бұл қарындаштың ұшымен ғана емес, оның қырымен де сурет салауға ыңғайлы. Дөңгелек қарындашқа келетін болсақ, саусақтарда тұрмай жылжи береді.

Қарындаштар қатты, жұмсақ боп екіге бөлінеді. Қатты қарындаштар сызуға пайдаланылады. Олардың сыртынан Т, 2Т, 3Т деген жазуларды көруге болады. "Т" орыстың "твердый" деген сөзін білдіреді, ал 2,3 деген цифрлар қарындаштың қаншалықты қатты екенін білдіреді. Мәселен "2Т" деген қарындаш жай "Т" - дан қаттырақ, ал - "3Т" әлгі екеуінен де қатты.

Сурет салуға жұмсақ қарындаш қолайлы. Олардың сыртына орыстың "мягкий" деген сөзін білдіретін "М" әрпі жазылады. "М" әрпінің қасындағы цифр неғұрлым көп болған сайын, қарындаш та солғұрлым жұмсақ болады. Суретшілер италия қарындашы деген арнаулы қарындашты пайдаланады. Ол жай қарындаштардан гөрі жуан жұғады, қағаз бетіне жұмсақ қара сызықтар салады.

Сөздік

Оқымыстысы – ученный

Ойлап тапты – придумал

Көруге болады – можно увидеть

Қатты – твердый

Жұмсақ – мягкий


Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

  1. Қарындашты кім ойлап тапты?

  2. Қарындаштың түрлерін ата.

  3. Жұмсақ түрі қалай белгіленеді?

  4. Суретшілер қандай қарындашты пайдаланады?

  5. Қатты түрі қалай белгіленеді?

  6. Сурет салуға қандай қарындаш қолайлы?

  7. Суретшілер Италия қарындашын неге пайдаланады?

Назар аударыңыз!


Септік жалғаулары




Септіктер

Сұрақтары

Жалғаулары

Мысалы

1

Атау септік

Кім ? Не ?

-

мүсін

2

Ілік септік

Кімнің ? Ненің ?

-ның, -нің, -дың,

-дің, -тың, -тің



мүсіннің

3

Барыс септік

Кімге ? Неге ? Қайда ?

- ға, - ге, - қа, - ке,

- на, - не, -а, -е



мүсінге

4

Табыс септік

Кімді ? Нені ?

- ды, - ді, - ты,

- ті, -ны, -ні, - н



мүсінді

5

Жатыс септік

Кімде ? Неде ? Қайда ?

- да, -де, -та, -те,

- нда, - нде



мүсінде

6

Шығыс септік

Кімнен ? Неден ? Қайдан ?

- нан, - нен, - дан, - ден, - тан, -тен

мүсіннен

7

Көмектес септік

Кіммен ? Немен ?

- мен, - бен, - пен

мүсінмен


Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

3. Көп нүкте орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңыз:

Мен сурет... жұмсақ қарындаш... салдым.

Бұл қарындаш... француз... оқымыстысы Н. Конте ойлап тапты.

Мұражай... грек шеберлері... қолы... шыққан тамаша туындылар... көрдім. Мүсінші... тас..., мәрмәр... қашаған шығармалары... көрдім.


4. Берілген сөздерден септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, құрамына қарай талдаңыз:

суретшілерге, жүйелерден, жұмыстарды, алаңының, қарындаштармен, жобасы, құрылысты, қаржылар, жазуларды, шарттары.



5. Берілген сөздерді септеңіз:

оқымысты, қарындаш ,суретші.



6. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:

Рисунки простым карандашом это лучший способ для начала знакомства с основами техники рисования. Картинки, нарисованные карандашом, получаются красивые и естественные. Карандаш хорош тем, что им можно рисовать и в помещении и на природе. Графитный карандаш прост в использовании может быть, поэтому его часто так и называют — простой карандаш. Качество карандашного рисунка зависит не только от твердости карандаша, но и от степени заостренности его грифеля. Следует также учитывать силу нажима на карандаш и, конечно, качество используемой для рисования бумаги.



7. Мына мақал – мәтелдерді жаттап ал.

а) Өнерлінің өзегі талмас.(Мастер не знает нужды.)

ә) Сабағы жаман жемістің дәні де жаман.(От плохого семени не жди хорошего племени.)

б) Жеті рет өлшеп, бір рет піш.( Семь раз отмер, один раз отрежь)



8. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:

Суретшінің негізгі және басты міндеті – бояуды, қалам ізін, мәрмәр мен қоланы жанды бейнеге айналдыра білу. Кез-келген картина, оның ішінде портрет те бар, суретшінің жанында көптеген әсерлердің қосылуындағы образдардан туындайды, бояуға да, не мәрмәрға да еш ұқсамайды. Әрбір суретші ішкі сырын сыртқы ортақ тілге «аударумен» айналысады.


5-тәжірибелік сабақ

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет