Ж:Тағамдық токсикоинфекция
17.Бойжеткен 17 жаста, емханаға келген. Шағымдары: эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, көп рет құсу, жиі іш өтуі, аяқтарының құрысуы. Эпидемиологиялық анамнез: базардағы асханада тамақтанған соң 4 сағаттан кейін аурып бастаған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Дене қызуы - 37,5°С. Тері жабындылары бозғылт. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Ішек спазмы жоқ. ҚҚ - 90/60 мм с. б., пульс 98 рет/мин. Нәжісі көп мөлшерлі, сулы, "ет жуындысына" түстес.
Асқазан-ішек жолдарының зақымдалуының қай синдромы осы ауруға тән?
Ж: Гастроэнтериттік синдром
тағамдық токсикоинфекция
18.Ер адам, 37 жаста, бұзылған тағам жегеннен 6 сағат бұрын ауырған: іш ауыруы, жүрек айнуы, көп рет құсу, іш өтуі пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. ҚҚ 100/70 мм с. б. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Нәжісі сұйық, сулы, «ет жуындысы» сияқты. Асқазанды жуып, тазарту клизмасын жасаған соң науқастың жағдайы тез жақсарған.
Осы ауруға аса тән:
Ж: ет жуындысы тәрізді нәжіс, эпид.анамнез, гастроэнтериттік синдром.
тағамдық токсикоинфекция
19.Әйел адам, 32 жаста, шикі қуырылған жұмыртқа жегеннен кейін ауырған. Ауру жедел басталған: дене қызуы 39 С-қа дейін жоғарылаған, қалтырау, бас ауыруы, әлсіздік, іштің толғақ тәрізді ауыруы, 5-6 рет құсу, 10 рет іштің өтуі. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ, эпигастрийде, кіндік маңында, оң жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Соқыр ішектің құрылдауы анықталады. Нәжісі сұйық, жасыл түсті.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Ж:Сальмонеллез (Гастроитестинальды түрі, гастроэнтериттик формасы)
20.Ер адам, 30 жаста, ауруының 2-ші күні ауруханаға келген. Нашар қуырылған жұмыртқа жегеннен кейін жедел ауырған: іштің толғақ тәрізді ауыруы, жүрек айнуы, құсу 3-4 рет, іш өтуі 5-7 рет пайда болған. Объективті: дене қызуы - 38ºС. Іші жұмсақ, эпигастрий мен оң жақ мықын аймағында ауыру сезімді. ҚҚ - 110/70 мм с. б. Нәжісі көп мөлшерлі, жасыл түсті, нашар иісті, шырыш қосылған.
Сальмонеллездің қай клиникалық түрі ең ықтимал?
Достарыңызбен бөлісу: |