Ж. З. Оразбаев, Т. Е. Ермеков, М. В. Долгов


Жобалау-жоспарлау және құрылымдық шешім



бет33/40
Дата14.12.2021
өлшемі10,16 Mb.
#126249
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
Байланысты:
tutynu-zhane-ondiris

Жобалау-жоспарлау және құрылымдық шешім

Өндірістік тұрқы – бір қабатты төрт аралықты ғимарат, көлемі 184х18 м, биіктігі 5,90 м бастап 10,70 м (4,20 –9,0м) дейін жүк көтергіштігі 1-3 тонна 2 арқалық-крандармен жабдықталған. Ғимараттың қаңқасы үлгілік жиналмалы темір-бетонды колонналардан жасалған. Колонналар қадамы – 6м, аралығы жиналмалы т/б екі құламалы баған жабыны 12м. Үлгілік ұяшықтары 12х6м. Қабырғаларында фахверкалар көзделген. Сыртқы қабырғалары бет жағы фактураланған керамзитті-бетонды панелдерден жасалған: шатыры көп қабатты, орамалы, жылытылған. Жабын панелдері үлгілік жиналмалы т/б өнеркәсіптік үлгідегі ойлы-қырлы көлемдері 6х3м және 6х1,5 м.

Іргетас – қаңқасының жиналмалы т/б колонналары астындағы тіректі стакан. Сыртқы қабырғалары астында іргетас блоктары. Бағанның төмеңгі жағындағы белгі – 0,9-1,0 м. ҚТҚ ұсақтау учаскесінің маңайындағы ішкі қабырғаларында 4-7 осьтерде дыбыс оқшаулау мақсатында газ-бетонды блоктар орындалсын.

Компостирлеу корпусының ғимараты сөнбеген әктің блокталған қоймасынан, компосты дайындау учаскесінен және компосты дозалау қоймасынан тұрады, бір аралықты, корпусының аралығы 12 м, колонналары 6м, аражабын бағандарына дейінгі биіктігі 4,2 м. Ғимараттың ұзындығы 114м. Жиналмалы т/б құрылым өндірістік цех ретінде қабылданған.

Тұрмыстық кәріздегі су тұндырғышы – бір қабатты ғимарат көлемдері 18х6м, жабын панелінің етегіне дейінгі биіктігі 3,6м (5,5). Қабырғасын кірпіштен жасауға болады.

Технологиялық судың тазарту құрылғысы – жиналмалы т/б бір аралықты ғимарат ұзындығы 42, аралығы 12м, баған етігне дейінгі биіктігі 3,6м (5,5). Сыртқы жағындағы қабырғаларында көлемі 50 м3 айналымдағы суды толтыру резервуары салынған (ТП 901-4-53.83).

Кіреберіс жолдар жағында сыйымдылығы 50м3 4 үлгілік өртке қарсы резервуарлар орналасқан (ТП 901-4-57-83).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет