Жақ-бет аймағындағьі ақаулар мен деформациялар



бет17/17
Дата30.12.2021
өлшемі111,87 Kb.
#106696
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
4ddb9eaa-e2ef-470f-a934-0b98ec393b50 (1) (1)

4.1 Жедел лимфадениттер

 

Науқас басын қимылдатқанда ыңғайсыздық білініп, қабынған түйін немесе түйіндер аумағында әлсін-әлсін ауыру сезімі туады.



Аурудың алғашқы белгісі, қабынған аймақта көлемі шағын, домалақ, ауырмайтын немесе аздап ауыратын ісік пайда болады. Науқастың ауру тарихында тістер бадамшасының, жақ-бет аймағындағы тағы да басқа ағзалардың қабыну процестері болғаны аталған.

Сары су лимфаденитінде науқас организмінде жалпы өзгеріс байқалмайды, тек дене қызуы аздап көтеріліп (субфебрилді) лейкоцитоз (аздаған) болады. Қарап көргенде ауырған жағында қоршаулы ісік, терісі қозғалмалы өзгеріссіз болады.

Сипап көргенде ауыратын үлкейген, қозғалмалы тығыз, сопақша пішінді, лимфатикалық түйіндер байқалады. Мұқият тексергенде қабынудың алғашқы ошағы периодонтит, пародонтоз, перикоронарит, стоматит, тонзилит, шиқан немесе бет жарақаты т. б. анықталады.

Алғашқы қабыну ошағын жойған кезде сарысулы лимфадениттің кері дамуы басталады.

Емдеу дұрыс жүргізілмесе, сарысулы лимфаденит іріңді лимфаденитке айналады.

Науқастар, солқылдаған ауыру сезімінің қабынған аумақта күшейе түскеніне, мазасыздығына, тамаққа тәбетінің жоқтығына, дене қызуының көтерілуіне (37,2—38,0 дейін) шағым жасайды. Жергілікті периодонтиттің клиникалық көріністерінің басым болуына байланысты, лимфатикалық түйін шекараларының анықтығы жоғалады. Ол қозғалыссыз, басқа түйіндермен жабысып бірігіп, іріңдей бастайды. Қабынған түйіндер аумағындағы тері ісінген, қатты, қозғалыссыз, қызарған, артынан ол жұмсарады. Науқастың жалпы жағдайы ауырлайды. Шеткі қан айналысында, лейкоциттердің көбейгені байқалады. 10— 12 103 мкл, нейтрофилез сол жаққа жылжыған, эозинопения.



Патологиялық анатомиясы. Лимфатикалық түйіндегі қабыну оның қызаруынан және синустарының кеңеюінен басталады. Эндотелий клеткалары жиырылып, домалақтанып, қозғалып макрофагтың міндетін атқарып, микробтар мен бөтен заттарды ұстайды.

Аденофлегмона. Инфекциялық қабыну процесі үдеуінен лимфатикалық түйін қапшығының сырт жағындағы тіндерге жайылып лимфаденитке тән клиникалық сурет жойылып көбінесе остеофлегмонаға ұқсайды. Сөйтсе де аденофлегмонаның дамуы, ағысы остеофлегмонаға қарағанда жәй және ақырын болады. Дененің қызуы аденофлегмонада 37—38,7°, өте сирек жағдайда 39° көтеріледі.

Лейкоцитоз, нейтрофилез болады, ЭТЖ 30—

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет