Жаңа дәуір философиясы


«Эмиль немесе тәрбие туралы»



бет12/15
Дата07.03.2022
өлшемі49,07 Kb.
#134514
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
annotation11176

«Эмиль немесе тәрбие туралы» деп аталатын еңбегінде Руссо тәрбиенің ескі феодалдық-таптық жүйесін қатаң сынға алды. Ол тәрбиенің мақсаты адамгершілігі жоғары, зиянды кеселдерден таза, еңбекті қадірлейтін белсенді азамат тәрбиелеу деп біледі. Өзге де ағартушылар секілді Руссо тәрбиенің қоғам өміріндегі мәнін бәрінен де жоғары қойды, оның мәнін «жаңа адам» қалыптастырудағы және басты моральдық, әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлімен түсіндірді.
Дени Дидро (1713-1784 жж.) Ламетри, Гольбах, Гельвеций және басқа да француз материалистерімен пікірлес болды. Олар өз зерттеулерінде ағылшын эмпирик ғалымдарының физикадағы, математикадағы, астрономиядағы, жалпы жаратылыстану ғылымдарындағы жетістіктерін кеңінен пайдаланды. Ол үш онжылдық қатарынан жалғасқан кең ауқымды ағартушылық жобаға – «Энциклопедия немесе ғылым тілі мен өнердің, кәсіптің түсіндірме сөздігін» жариялау ісіне дем беріп, идеялық қозғау салды.
Дидро зерттеулерінде феодалдық қоғамның «адамның ақылына сыймайтын» ескі көзқарастарын сынаумен бірге, таным мен өнер теориясы, дін мен этика мәселелеріне де өзінің назарын аударды.
Дидроның философиялық көзқарастары «Табиғатты түсіндіру туралы толғамдар», «д`Аламбердің Дидромен әңгімесі» және «Материя мен қозғалыстың философиялық қағидалары» атты еңбектерінен анық көрінеді.
Өзін француз ағартушыларының ізбасарымын деп жариялаған ІІ Екатеринаның шақыруымен Дидро Ресейде 1 жыл болады. Мемлекеттік заңдарды шығару және қабылдау, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, крепостнойлық құқықты жою, Ресей университетін ашу жөніндегі мәселелерде ол күн сайын патшайымға өзінің ақыл-кеңесін беріп отырды. Екатеринаға «Ресейде халықпен сайланатын парламентке құрылған конституциялық монархия орнату» жөніндегі өзінің жобасын ұсынды. Бірақ «патшайымның көзін ашқысы келген» ағартушының әрекеті сәтсіз аяқталды. Оның жобалары жақсы қабылданғанмен, Адмиралдықтың архивінде шаңға көміліп қала берді. Осыған қарағанда, ол жобалар күнінен бұрын дүниеге келген сияқты. Үлкен өзгерістер енгізу үшін жақсы ниет, ынта-ықылас таныту тым жеткіліксіз еді.
Дидро мәңгілік шексіздік, материалдық тұтастық пен әлемнің дамуы туралы идеяларын негіздеді. Сана (ойлау) мен болмыс (шындық) бір-біріне қарама-қарсы болғанмен, екеуі біртұтастықты құрайды. Себебі екеуі де бір субстанцияның – материяның атрибуты болып табылады деді. Дидроның ойынша, болмыс тек материя мен қозғалысқа ғана тән болып келеді. Табиғат материалды, ол барлығының субстанциясы, яғни негізі болып табылады. Сезімділік – бейорганикалық табиғаттың белгісін көрсетеді. Бүкіл әлем белгілі бір деңгейде жанды болып келеді. Материяға белсенділік, қозғалыс тән болса, абсолюттік тыныштық – бұл дерексіз және ол табиғатта жоқ. Сол сияқты рухани субстанция да табиғатта жоқ, ол жеке адамнан тыс қаралғанда ғана рухани болады.
Таным теориясы мәселесінде Дидро өзінің замандастары секілді «сезімділік пен ойлаудың арасында ешқандай айырмашылық жоқ» деген пікірде болды. Ал білімнің көзі – әсерлену, ойлау дегеніміздің өзі «өңделген әсерлер» деді. Біздің миымызда ойдың пайда болуына сөз әсер етеді, сөз шындық өмірді жинақтап тұрған «тетіктер» секілді қызмет атқарады. Ол заттардың жекелеген қасиеттерін дерексіздендіріп, ойлаушының назарын жалпыға аударады және бұл қасиет сөздердің басым көпшілігіне тән болып келеді.
Дидро сезімдік қабылдау мен ойлаудың арасындағы байланыс пен бірлікті анықтай келіп, «деректерсіз ойлау қажетсіз алып-сатарлыққа, ал ақылмен өңделмеген көп дерек хаосқа (бейберекетсіздікке) әкеледі» деді. Басқалай айтқанда, білімнің тұрақтылығы табиғатпен, өмірлік тәжірибемен және осы тәжірибенің негізінде ой-қорытындылар жасау қабілетімен байланысты анықталады.
Діни мораль қағидаларын теріске шығара отырып, Дидро адамдардың бақытқа деген ұмтылысын адамгершілік әрекетке негіз етті. Ол адамның жеке мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ақылмен үйлестіруді насихаттады. Табиғатты материалдық тұрғыдан түсіндірсе де, осынау ұлы «энциклопедист», білгір оқымысты қоғамдық қатынастар турасындағы көзқарастарында қиялшыл-идеалист, яки утопист-идеалист болып қала берді. Қоғамның құрылысын ол қоғамның саяси ұйымдасуына тәуелділікте қарастырды. Ал қоғамның саяси ұйымдасу ерекшелігі ондағы заңнамалардан, түптеп келгенде, қоғамдағы үстем етуші идеялардан көрінеді. Байсалды қоғам құрудағы жалғыз үміт-арманын «білімді басшыға» артып қойды.
Шафтсберидің «Лайықты еңбек және рақымшыл жандар туралы зерттеулер» атты еңбегінің аудармасына қатысты ойларында Дидро діншіл католик ретінде көрінбейді. Ол кейбір мәселелерде өзінің атеистік көзқарастарын білдірген, дінге деген жалаң сенім оны ұстанушыларға рақымшылық пен адамгершілік әкелетініне күмән келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет