«Жаңа жылдық ертегі»



бет3/5
Дата06.02.2022
өлшемі26,04 Kb.
#80155
1   2   3   4   5
Байланысты:
жаңа жыл сценарий 2020

Балалардың тақпақтары
Би: «Губки бантиком»
Ақшақар:(Қолын соғып)тамаша өте керемет би болды. Ал Ергежейлі сенің көңілің неге түсіп отыр, бұл думанды кеште сен неге мұңайдын?
Ергежейлі: - Ақшақар бәрі тамаша керемет, бірақ, осы думанға біреу жетіспей тұрған секілді ме?
Ақшақар: - Балалар біздің ортамызға кім жетіспей тұр?
Балалар жауабы: - Аяз ата!
Ергежейлі: - Ендеше балалар бәріміз дауыстап Аяз атаны шақырайық?
Бәрі бірге: - Аяз ата - а – уу, а-уу.
(Бір кезде қатты жел тұрып, музыкамен ортаға қарқылдап күліп, зәулім сарайды басына көтеріп мыстан кемпір келеді)
Ергежейлі: - Бұл Аяз ата емес қой балалар?
Мыстан кемпір: - Бұл жерде менсіз өтіп жатырған қандай мереке той-думан, менде бұл мерекеге қатысып көрейін? Қадірменді қонақтар, мен де бұл мерекеге құр қол келмедім! Міне, қолымдағы нәрсеге қараңдар, жесең тілді үйіретін, жемесең өмір бойы есіңде жүретін, жеген адамдарды қайтадан жасартып, армандары мен тілектерін бұлжытпай орындайтын алмамды ала келдім. Осы алманы Ақшақарға сыйлаймын! Мына алманы жеп өмірде жасарып, армандарың орындалып жақсы ғұмыр кешіп жүр. Ой, ой ұмыттым мені басқада балалар күтіп отыр еді, мен соларға қарай ұшайын. (музыкамен қарқылдап күліп, жасара-сыңдар, жасарасыңдар!!!)
Ха,ха ха.. - деп алмасын беріп, залдан шығып кетеді.
(осы кезде жарық сөнеді)
Ақшақар:- Ммм......ым.........қандай тәтті алма, мұндай алманы қалай жемеске ааа........
(залдың жарығы қайта жанады. Ақшақар ұйықтап қалады)
Ергежейлі:(таңғалып,басын шайқап)Жоқ, жоқ, бұлай болуы мүмкін емес! Саған не болды Ақшақар?Мыстан кемпір саған алманы сиқырлап алдап берген екенғой, енді не істеймін ?Ендеше балалар біз Аяз атаны шақырайық? Бәлкім ата көмектесе алатын шығар?
Балалар бәрі: Аяз ата а-уу, а-уу, - деп дауыстап шақырады.
Музыкамен залға Аяз ата сиқырлытаяғын ұстап келеді.(Балалалар орындықтарынан тұрып қол шапалақтап қарсы алады)
Аяз ата: Амансыңдарма ұлдарым!
Амансыңдарма қыздарым!
Қандай солғын жүздерің,
Неге сонша мұңайдың.
Бізді күтіп алаңдап,
Шаршадыңдар ма балаларым!
Сендерге не болған балаларым? Неге көңілсізсіңдер?
Ергежейлі: - Ой, ата сіз бізге көмектесіңіз, Ақшақарды жаңа сіздің алдыңызда Мыстан кемпір келіп, сиқырлы алмасымен алдап ұйықтатып тастады.
Аяз ата: - Жарайды ендеше мен мына қолымдағы сиқырлы таяғымның күшін пайдаланып көрейін? Таяқшасын әрлі, берлі айналдырып, Оф,Оф, сим-салябим, абрака-дабра-уф-уф - деп таяғын сілтеп Ақшақарды қайтадан өз қалпына келтір, сиқырлы таяғым! - деп айтады. (Ақшақар оянбайды)
Ергежейлі:Аяз ата,балалар,Ақшақар сағаттың үнін естіп оянып қалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет