Балалардың тақпақтары Би: «Тышқандар»
Ақшақар:: - Балалар,сендердің тамаша өнерлеріңді көріп, көңіл күйім керемет болды, рахмет бәріңе!
Аяз Ата:Ақшақар,қызым, көңіл күйің әр уақыт осындай болсын!Сен менімен бірге жұр,маған немере бол,талай-талай жерлерге,осындай кештерге барғын келе ме?
Ақшақар:Аяз Ата!Рахмет сізге алғысым шексіз!
Аяз Ата:Ал,олай болса немереме мен де өзімдің өнерімді көрсетейін.
Балалардың тақпақтары Би: «Jingle Bells»
Аяз Ата:Балалар,енді біз басқада сендер сияқты балаларға барып, олардың да өнерлерін тамашалайық! Сау болыңдар балалар!
Ергежейлі:Аяз ата, біздің балалар сізге манадан бері өз өнерлерін көрсетіп, әні мен биін ортаға салып жатыр. Ал енді бізге беретін сыйлығың қайда?
Аяз ата:- Ой балалар, өнерлі екенсіңдер, әнші, биші екенсіңдер. Бірақ мен қартайдым. Көп нәрсені ұмытып қала беретін болдым. Сендерге дайындаған сыйлықтарды қайда қалдырғанымды білмей ұмытып отырмын.
Балалар,сендер маған көмектессеңдер сыйлықтар қайда қойғанымды есіме түсіріп қалармын.
Ергежейлі:Не істеуіміз керек?
Аяз Ата:Үш рет қол соғып,екі рем аяғымызды еденге ұруымыз керек.
(Балалар Аза Атаның айтқанын орындайды) Аяз Ата:Есіме түсті,есіме түсті.(Тышқанға қарап)Тышқан шыршаның айналасын көрші,сыйлықтар сонда болуы керек.
Тышқан шыршаны айналып, сыйлықтарды алып шығады. Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтар үлестіреді. Аяз ата: Балақандарым, сендер менің сыйлығыма ризасыңдар ма?
Балалар: Иә.
Ергежейлі:Ендеше балалар, Аяз атаға рахметімізді айтайық.
Балалар: Рахмет!
Аяз ата мен Ақшақар шығып кетеді. Ергежейлі:Келді міне Жаңа жылым елімізге!
Жаңа жылым құт әкелсін жерімізге!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Шуақ шашып баршамызға тарайды.
Осымен «Ғунча» тобының Жаңа жылдық ертеңгілігі де аяқталды, келесі жылымызда аман-есен кездескенше! Сау саламатта болыңыздар!