ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет30/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

Адамды бірінші 
сөз емдейді, одан кейін дәрі емдейді, одан 
кейін пышақ емдейді
». Яғни бір ауыз жылы 
сөз адам бойыны дауа болатынын айтып 
отыр. Сондықтан жиі айтатын сөздеріміз-
ге өте мұқият болуымыз қажет. Керемет бір 
мамандықты игеретінімізді, қоғамға пайда-
лы азамат болатынымызды жиі айтсақ, оның 
тезірек орындалуына жол ашқан боламыз.
Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана 
жылыта алады.
Ғабиден Мұстафин


107


108


109
ӨЗІҢДІ ЖӘНЕ ӨЗГЕНІ 
ӨЗГЕРТУДІҢ ЖЕҢІЛ ЖОЛЫ
Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол
өзгерісті тап қазір жаса.
Махатма Ганди
Жеңілдік – адам баласының табиғатына өте 
жақын ұғым. Себебі басқа жаратылыстарға 
қарағанда адам баласының болмысы әлсіз. 
Мысалы, жануарлар дүниеге келгеннен кей-
ін аз уақыттың ішінде әлемге тез бейімделіп 
кетеді. Өздері жылдам аяққа тұрып кететін-
діктен, анасының көтеріп жүруіне, тербетіп 
ұйықтатуына мұқтаж емес. Адамға қарағанда 
сыртқы формасы жағынан кішкентай болға-
нымен, кейбір хайуандар ыстыққа да, суыққа 
да төзімдірек. Адамның өз тамағын өзі тауып 
жеуі үшін орташа есеппен жиырма жылдай 
уақыт керек. Он-он бес жыл ата-анасы мәпе-
леп бағып, өмірге бейімдеп көп нәрсені үйре-
туі қажет. Ал басқа жаратылысқа мұншалық 
күш-қайрат жұмсалуы шарт емес. 


110
Байқағанымыздай, адам баласының өмірге 
бейімделуі – ұзақ процесс. Сол сияқты жаңа 
дағды қалыптастыруы да бірден бола қоймай-
ды. Қоғам мүшелерінің бір-бірін жақсылыққа, 
адами құндылықтарды сақтауға шақырып, 
бір-бірін арсыздықтан, жаман әдеттерден ау-
лақ болуға үндеуі – құптарлық іс. Адами құн-
дылықтарға ата-ананы сыйлау, үлкенге құр-
мет, кішіге ізет көрсету, елдің мүддесі үшін 
қызмет ету, уәдесінде тұру сынды ұғымдарды 
жатқызамыз. Ал қоғамда белең алған жаман 
әдеттерге қарсы тұрып, олармен күресіп оты-
рмасақ, ол індет сияқты бүкіл елге таралуы 
мүмкін. 
Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю-
дың өзіндік методикасы бар. Қандай да бір 
істе жұмсақтық болса, оның оған сән беретіні 
сияқты, елді ізгілікке шақыруда мейірімділік 
танытудың алар орны ерекше. Жақсы істі 
жеңіл етіп көрсете білу – нағыз дана адамның 
сипаты. Ізгі амалдың пайдасын айтып наси-
хаттап, сауабын айтып сүйіншілеген дұрыс. 
Ұрпақ тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерді 
бойына сіңірген жаңа нәсіл жетілдіру және 
қоғамды игі істерді істеуге шақыру оңай ша-
руа емес екені белгілі. Дегенмен бұл істі үл-
кен ғұламалар, кемеңгер даналар, шынайы 
ағартушалар ұсынған әдіс арқылы қолға алуға 
болады. Елді дүрліктіріп қорқытпастан, олар-
ды әбігерге салып, шамасы келмейтін істер-


111
ге шақырғанша, әсте-әсте болса да олардың 
шамасы келетін, ұнамды тәсілді қолданған 
дұрыс. Біреуді қорқытып адам қылу қиын іс. 
Тіпті әлгі кісі кері кетіп, екіжүзділік, өтірік 
айту сынды жаман қасиеттерді тауып алуы 
мүмкін. Одан қалса бұған іштей қатты наразы 
болып, қырсығып істеп жүрген ісінен де со-
рақысын жасауы ықтимал. 
Адам баласының дағдысына айналған істерді 
бірден тәрк етуі қиын. Сонымен қатар дағ-
дыланбаған жақсы амалдарды әдетке айнал-
дыруы да жеңіл емес. Жаңа нәрсеге тез бей-
імделе қою кейде ауырлау істер қатарынан 
көрінеді. Әсіресе бұл белгілі бір жастан асқан 
және басқа ортаға бейімделу қабілеті азай-
ған жандарға қатысты. Бұл мәселеде жақсы 
қасиеттің жақсы екенін, арсыздықтың жаман 
екенін ұғыну мен оны амалға асырудың ара-
сын бөліп қарастыру керек. Кейбір адамдар 
құндылықтарға құндылық ретінде қарамай-
ды. Оны ескінің қалдығы немесе жай ғана 
халық арасында қалыптасқан әдет деп санай-
ды. Енді бірі маңыздылығын түсінгенімен, 
күнделікті өмірде қолдануға асыға қоймайды. 
Мұның әрқайсысына бөлек ем, бөлек дауа 
қолдану керек.
Ал енді адамның өз-өзін өзгертуіне келсек, 
тура жоғарыда айтылған методика бұл жерге 
де жарамды. Адам жақсы қасиеттерді бойы-


112
на дарытуды жеңіл іс әрі оны іске асыру оңай 
деп қарауы керек. Оны қиындатпай, шама-
сы келетін бөлігін істеуден бастағаны жөн. 
Үнемі оның оған тигізер пайдасы мен маңы-
здылығын ойлап, өзіне еске салумен болуы 
ләзім. Ал егер бұл процесс ұзап кеткен сыңай-
лы болып, көп еш нәрсе өзгермей жатқан сын-
ды болып көрінсе, еш қам жеп, мұңаймаңыз. 
Өзіңізбен жұмыс істеуді жалғастырыңыз. Се-
бебі сіз сәби кезіңізде қарапайым ғана тамақ 
ішудің өзін қанша уақытта үйренгеніңізді 
білесіз бе?! Тура сол сияқты көркем мінез 
қалыптастыру немесе жетістікке ұмтылған 
жандардың бойына тән әдеттерді өзіңіздің 
ажырамас бөлігіңіз ету уақытты талап етері 
сөзсіз.


113


114


115


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет