Жаңа өнімнің бағасын қалыптастырғанда қандай стратегиялар қолданылуы мүмкін?


Жаңа тауарды өткізгенде қандай өтім жүйелері мүмкін?



бет40/43
Дата13.11.2022
өлшемі127,54 Kb.
#158019
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
УП БАЗА все вопросы

68.Жаңа тауарды өткізгенде қандай өтім жүйелері мүмкін?
Жаңа тауар дегеніміз-қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиеттері-мен ерекшеленіп рынокқа ұсынылған жаңа өнім.
Жаңа тауарды жасау 7 кезеңнен тұрады. Олар: идея жинау кезеңі, өнімді бағалау, тұжырымдаманы тексеру, экономикалық талдау, өнім шығару, байқау маркетингісі, коммерцияға енгізу.
Тауар қозғалысының негізгі құрылымына жататын элементтер: фирманың жалпы және нақты бағдарламасына кіретін: жарнама, ақпарат, өнімді өткізу, өнім өткізуді ынталандыру.
Фирманың ұзақ мерзімге немесе жақын арада орындалатын тауар жайлы ақпарттар тарату мақсаттары да болады:
- түсіну;
- біліп ұғыну;
- мейірімділікпен қатынас жасау;
- сендіру;
- сатып алу.


69.Паттентік ақпарат қандай кезде қолданады?
Патент дегеніміз - ұсынылған басымдылық өнертабысты, өнертабысқа авторлықты және патент иеленушінің өнертабысқа ерекше құқығын өнертабыс екендігін куәландыратын құжат.
Патенттік құжаттама соңғы 150-200 жыл аралығында адамзатпен шығарылған ғылымитехникалық шешімдер туралы ақпараттың ең толық және жүйеленген жиынтығы болып табылады.
• Техникалық сипаттағы мәліметтермен қатар, патенттік құжаттама патент иеленушінің құқықтары, шетелдік патенттеу бағыттары мен көлемі, құқықтардың әрекет ету мерзімі және тағы басқалар туралы маңызды құқықтық және экономикалық ақпаратты қамтиды. Негізгі өнертабыс сипаттамасы прототиптерді критикалық бағалау мен толық сипаттаумен бірге нақты техникалық шешімдер туралы деректерді қамтиды. Патенттік
құжаттама жарнамалық немесе тексерілмеген деректерден тұрмайды,
өйткені жаңашылдығының ақиқаттылығы көптеген жағдайларда патенттік сараптамамен тексеріледі. Патенттік құжаттаманың маңызды ерекшелігі мазмұнын бірыңғай баяндау болып табылады. Оған өнертабыстар мен патенттік бюллетендердің библиографиялық сипаттамалары мен басқа элементтерінің сипаттамаларын стандарттау және унификациялау жұмыстары әсер етті.
Патенттік құжаттамада ақпараттың екі түрі болады: 1.Библиографиялық 2. Техникалық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет