Тәрбие үрдісінің мақсаты: адамгершілігі жоғары, ертеңгі күннің экономикасы талап ететін экономикалық перспективаларды алдын ала болжап, IT саласында қолданатын, ҚР азаматтарының игілігі үшін қызмет етуге дайын, идеяларын дамыта алатын елінің ұлтжанды азаматын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже – IT мектеп-лицейін бітіруші түлек тұлғасының моделі:
Өз оқуына жауапты, зерттеу үстінде, сараптаушы, табанды, ресурстар мен IT технологияларды мақсатына тиімді пайдаланатын жеке тұлға;
Сыни ойлау қабілеті бар, айналасындағылармен қарым-қатынасы жақсы, ауызша және жазбаша коммуникациясы дамыған, өз-өзіне сенімді адам;
Қоғамдастықтың өмірін жақсартатын, түсінетін, қатысатын, сыйлайтын және басқаның қамын ойлай білетін қоғамның белсенді мүшесі;
Бәсекеге қабілетті, тәуекелге баратын, икемді, креативті, тұрақты қамқор азамат.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және Білім» кіші бағдарламасының «Туған жер» жобасы негізінде өңірлік жер-су атауларына байланысты мектеп-лицейінде 7 шаңырақ оқушылары қауымдастығы құрылды.
Шаңырақтар
|
Сыныптар
|
Қоғамдық іс – шаралар
|
«Zeren»
|
5 «Г», 10 «А», 11
|
Ұстаздар күні , Жаңа жылғы маскарад
|
«Жұмбақтас»
|
7 «А», 7 «В», 9 «А»
|
Халықаралық әйелдер күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні
|
«Turan»
|
5 «А», 5 «Ә», 10 «Ә»
|
Түлектер күні
|
«Бурабай»
|
5 «Б», 6 «Б», 9 «Ә»
|
Отан қорғаушылар күні , Жеңіс күні
|
«Оқжетпес»
|
6 «В», 8 «Ә», 8 «Б»
|
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні, Наурыз мейрамы
|
«Көкшетау»
|
7 «Ә», 7 «Б», 5 «В»
|
Қазақстан халқының бірлігі күні
|
«Жеке Батыр»
|
6 «А», 6 «Ә», 8 «А»
|
Алғыс айту күні
|
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының түрлері
Шаңырақ жиындары
Дүйсенбі
08:55-09:00
|
Сейсенбі
15:00-15:20
|
Сәрсенбі
15:00-15:20
|
Бейсенбі
15.00-15:20
|
Жұма
15:00-15:20
|
Жалпы мектеп-лицейішілік сап түзеу
|
IT day
|
«Қазақтың 100 әні»
|
«Дара тұлға»
|
«Reading time»
|
Кураторлық сағат
Шаңырақ сағаты
Бірыңғай тәрбие сағаты (жалпымектепішілік шаралар, жиналыстар, форумдар)
Әлеуметтік жобалар мен тәжірибелер
Аптаның әр күнінде мектеп – лицейінде шаңырақ балалар қауымдастығының жұмысы жүйелі жүргізіледі. Лицей оқушылары өзін – өзі басқару ұйымының жұмыс жүйесіне дағдыланған.
2018 – 2019 оқу жылының 1 қыркүйек күні «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында облыс әкімі және өңірлік құрметті азматтардың қатысуымен «Білім күніне» орай жаңа оқу мекемесі ашылды. IT мектеп – лицей мәртебесі – болашақ интелектісінің өзіндік фабрикасы ретінде жұмыс істейді. Ақмола облысының әкімі М.М.Кеңесбайұлы мектеп – лицей ұстаздарын, оқушылар мен ата-аналарын білім күнімен құттықтап , жаңа білім ордасының материалдық – техникалық базасын нығайтуға арнап 18 млн.теңгелік сертификат тарту етті.
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы – жоғары және орта буын сынып оқушылары арасында өзара сыйластық, ынтымақтастық, сенім, қамқорлық сезімдерін қалыптастыруға негізделген жоба. Оқушылар қауымдастығының мақсаты – бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбіршілікке, біртұтастыққа бейімдеу, оқушылар арасында бауырмалдық , қамқорлық қарым – қатынас қалыптастыру. Мектеп – лицейінде «Zeren»,«Turan», «Көкшетау», «Жұмбақтас», «Оқжетпес», «Бурабай», «Жеке батыр» сынды 7 шаңырақ ұйымы құрылды. Аптаның әр күніне жоспар бойынша қойылған жобаларды шаңырақ қауымдастығы жақсы жұмыс атқаруда. Елбасының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен әл – ауқаты» тармағында «Азаматтардың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажет» деген үндеуін қолдайтын мектеп – лицей оқушылары салауатты өмір салтын үнемі насихаттауда. Себебі – денсаулық тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру – сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдату – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді. Осы негізде лицей оқушылары мектепішілік «Мен – чемпион» спорттық жарысына белсене қатысты. Іріктелген жеңімпаздар ақмола облысының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында өткізілген «Мен – чемпион» облыстық спорттық балалар ойыныныа жарысқа қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. 5 «Г» сыныбының оқушысы Курмангалиев Нұрхан Астана қаласында өткен «Детский фестиваль танца» атты байқауында жүлделі 1 орынға ие болды. 7 «В» сынып оқушысы Еркін арсен 7-ші Республикалық «Шабыт жұлдызы» жас орындаушылар байқауының «Аспапта ойнау ФЛЕЙТА» номинациясы бойынша қатысып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Дәстүрлі түрде күз мерекесі мектеп – лицейінде де өз ерекше күнін өткізді. Бастауыш сынып буындары 19 қазан күні «Күз – береке, күз – мереке» атты сыныптан тыс іс-шарасы ұйымдастырылды. Балалар күзгі еңбек туралы көрініс қойып, бақша өнімдері мен түсті жапырақтардан дайындағантүрлі сән үлгілерін де ұсынды. Балаларыды ң асыға күткен «Алтын күз-2018» мерекелік кеші 5-11 сыныптарда да жақсы өтті. Аптаның әр жұма күні «100 кітап» жобасын іске асыру аясында «Көп оқып, көп біл» - «Reading time» жобасы ұйымдастырылды. Рухани және интелектуалды серпілісінің қажетті құралы ретінде оқуға баулу, кітап оқуды дәріптеу мақсатында мектеп – лицей қызметкерлері мен ұстаздары, оқушылар, келген ата-аналар да өздерінің бұрын-соңды оқып жүрген оқулықтарын алып оқиды, бір-бірлерімен ақпарат бөліседі. Әр аптада бұл жоба түрлі формада өтеді, көрініс көрсету, рөлдік ойын, мазмұнын суреттеу, т.б. 26 қазан күні «Reading time» жобасы күні 7 сынып оушылары Александр Гриннің «алқызыл желкендер» шығармасын талқылады. Сондай – ақ лицейде READx жобасы ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушыларға кітапты жарнамалау, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Жобаға 9 «А» сынып оқушысы Турумбаева Мадина және Омаргалиева Алуа қатысты. Спикерлер Джон Бойнның «Мальчик в полосатой пижаме», Мари Бренанның «Естественная история драконов» атты кітаптарын оқырмандарға ұсынды. Бұндай қызықты іс – шаралар өз жалғасын табуда. ҚР қоғам қайраткері , жазушы, драматург, «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Жабал Ергалиевпен Елбасының Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды. «100 әннің тарихы» атты жоба негізінде әр шаңырақ ән айтып, презентация көрсетіп, түрлі формада жұмыс атқарады. 27 қараша күні «Достар» МҮ қала мектептері арасында өткен «Жайдарман – 2018» ширек финал ойынға «IT құрамасы» қатысып, сәтті ойын көрсетіп жартылай финалға жолдама алды. 28 қараша күні мектеп – лицейінде қалалық «Ертегілер еліне саяхат» атты сайыс өтті. Лицейіміздің 2 сынып оқушылары»Тауықтардың басынан кешкендері» атты ертегісін сомдап, жүлделі 1 орынға ие болды. 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент» күніне орай «Оқжетпес» шаңырағы мерекелі концерт ұйымдастырылды. Патриоттық – азаматтық , рухани – адамгершілік тәрбие беру мақсатында ҚР Тәуелсіздік күніне орай бастаыш сынып оқушылары арасында «Мен – тәуелсіз елдің өренімін» атты тағлымдық – өнеге іс – шарасы ұйымдастырылды. «Жұмбақтас» шыңырағы меркелік концертті жоғары деңгейде ұйымдастырды.лицей оқушыларының асыға күткен «Қош келдің , Жаңа жыл – 2019» атты шырша мерекесі өзін – өзі басқару ұйымының ұымдастырылуымен жақсы өтті.
Қысқы демалыс кезінде қала мектептері арасында өткен спартакиадада үстел теннисінен жүлделі 1 орын алды. Сондай-ақ қалалық ұлттық ойына асық атудан мектеп-лицейінің ұстаздар қауымы 1 орынды қанжығасына байлады. Жұмыс жоспарға сәйкес қысқы демалыс уақытында балалардың бос уақытын қамту мақсатында «Көкшетау шаңырақ» қауымдастығы мектеп-лицей ауласында қысқы ойынның түрі конькимен сырғанауға шықты. «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық бастамасы аясында ата-аналар қамқоршылық кеңес мүшелерінің, «Шаңырақ» балалар қауымдастығы және мектеп – лицей оқушыларының қатысуымен қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциясында жиналған барлық қаражат Богданов Русланның есеп шотына аударылды. «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық бастамасы аясында әр жұма күні «Reading time» жаппай кітап оқу жобасында оқушылар оқыған қызықты оқулықтарын насихаттап, оның тәрбиелік маңызын көрсете білді. Бір – бірлеріне оқып біткен кітаптарын сыйлады. Осы республикалық акция аясында «Той дастархан» асхана қызметкерлері 1 сынып бүлдіршіндеріне ұлы ақын «Абай Құнанбаев туралы» естелік кітапша мен тәтті сыйлықтар тарту етті. «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасы негізінде «Үміт шаңырақ» қарттар мен мүгедектерге арналған «Зерен» шаңырағының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламасы қойылды. Өзін – өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен лицейде Әспет Абылайқызының еміне арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
2019 жылдың 23 қаңтар – «Жастар жылы» ресми түрде өз бастауын алды. Осы негізде IT мектеп-лицейінде саө өнерінің зергері, Көкше өлкесінің тумасы Мерген Тоқсанбайға арналған «Дара тұлға» атты поэзиялық кеш өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырып өткізуге ат салысқан «Зерен» шаңырағының белсенділері. Мерген ағамыздың оқушылары берген жүрекке жетер сұхбаты оқушыларды баурап алды. Елбасының осындай жастарды ерекше атап өтуі – жастардың бойында жауапкершілікті арттырады. Жауапкершілікті алу – діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін бәріне де дайын болу дегенді білдіреді. Сондай-ақ «Жастар жылына» орай мектеп-лицейімізде «Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің тарихы» атты қалалық форумы өтті. 7 түрлі бағытта өткен форумда тек белсенді қала жастары ғана емес, сондай-ақ Үндістан, АҚШ мемлекетінен келген қонақтар да өз жаңашыл идеяларын бөлісе алды. М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілген күнге орай жамбы атудан оқушылар арасында өткізілген дәстүрлі ашық қалалық турнирінде «Оқжетпес» шаңырағының спортшылары жүлделі 1 орынды 8 «Б» сынып оқушысы Жұмаш Абылай және 3 орын Иртай Жантілекке бұйырды. Рухани – адамгершілік тәрбие бағытына сәйкес «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. Мектеп – психологі амандасу тренингін ұйымдастырды. Пән мұғалімі Ж.Абдыкаримова балаларға Сара Алпысқызы Назарбаеваның құрметіне жасаған бейнежазба көрсетті. «Өзін – өзі тану» пәніне өлең жолдарын арнап оқыды. 1 сыныптар арасында «Білгір бүлдіршін» атты мектепішілік сайыс өтті. Сайысқа «Дарын», «Сұңқар», «Қыран», «ITstar» топтары қатысты. Сайыс барысында оқушылар тапқырлықтарын, білімдерін, шығармашылықтарын көрсете білді. Нәтижесінде топтар «Шығармашылдар», «Жас дарындар», «Жас зерттеушілер», «Тапқырлар» номинациясына ие болды. 5-8 қазақ сыныптары арасында «Қазақ ертегілері – халық қазынасы» атты қалалық байқауында 5 «Б» сынып оқушылары жүлделі 2 орынға ие болды. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау үшін тарих пәні А.Баткалованың ұйымдастыруымен 6,9 сынып оқушылары арнайы жиналып дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге жиналған оқушылар мақалада айтылған дүниелердің мазмұнын айқындап, өздері үшін қаншалықты маңызды екеніне жан-жақты тоқталды. Қатысушының сөзінде әр қазақтың кеудесіне мақтаныш сезімін ұялатып, еңсесін тағы бір тіктеп алуға түрткі болардай серпін сезілді. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Көкшетау» шаңырғының 7 «Ә» сынып оқушыларымен ұйымдастырушы-педагог Бахтыгуль Сматовна Сыздыкова «кешегі күн, бүгінгі тарих» атты ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – рухани жаңғыру жолында болашақ ұрпағымыздың тарихын түгендеп, ұлттық сананы жаңғыртып, төл тарихымызды құрметтеу. Оқушылар тарихқа көз жүгірте отырып, елімізде болған қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғаларды, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстарды еске алып, қазақ халқына Тәуелсіздікке жету үшін оңай жолмен келмегендігін көрсетті.
«Жарқын болашақ» қалалық қазақ тілі олимпиадасында мектеп-лицейімізден «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша 3 орынға 7 «А» сынып оқушысы Мухамедияр Камила , «Әнші-бұлбұлдар» номинациясы бойынша 7 «Б» сынып оқушысы Маликова Алуа жүлделі 2 орынға ие болды. 11-15 ақпан күндері мектеп-лицейімізде Кеңес Әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында атты сынып сағаттары өтті. «Өткенді ұмыту – болашақтан қол үзу» қағидасын ұстанған лицей оқушылары аталмыш іс-шараға аса белсенділікпен қатысты. Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Тұран» шаңырағының ұйымдастырылымен «Дара тұлға» жобасы аясында «Жастығын жалын шарпыған» атты ерлік сабағы өтті. Іс-шара қонағы – лицейіміздің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, ауған соғысының ардагері, көптеген орден – медальдардың иегері, құрметті азамат Журунтаев Ербол Кайноллаұлы әскери борышын өтеп жүріп, ауған соғысына аттанады.
19 ақпан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық Филармониясында танымал тұлға Қазақастанның халық әртісі, белгілі кино және театр режиссері – Талғат Теменовпен кездесу кешіне 9 сынып оқушылары қатысты.
25 ақпан күні мектеп-лицейінде №17,№19 және біздің лицей түлектеріне арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті мен Алматы қаласы Халықаралық Бизнес Университеті (University of International Business) мекемелерінен келген білім беру мамандарымен кездесу өтті.
Көкшетау қаласының шығармашылық белсенділігін арттыру, өзін-өзі жүзеге асыру үшін егіздердің белсенді ұмтылысын дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Егіздер-2019» қалалық байқауына «Зерен шаңырағының» 5 «Г» сынып оқушылары Смагулов Алихан мен Смагулов Темірлан қатысып жүлделі 2 орынға ие болды.
«1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай мектеп-лицейімізде шығармашыл дарындылар арасында суреттер көрмесі қойылды. Оқушылар бойында сыйластық құндылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған көрмеге қатысушылардың шығармашылық жұмыстары қағазда, картонда орындалды көрмеге 30-дан аса оқушылардың жұмыстары қойылды. Және Б.С.Сыздыкованың жетекшілігімен «Көкшетау» шаңырағы «Алғыста шек болмайды» атты сынып сағатын өткізді.
«Отбасы сағаты» республикалық акциясына мектеп-лицей психологі Мадина Еркиновна Жетыбаева «Мен және Жанұям» тақырыбында бастауыш сынып ата-аналарымен тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: «Ұстаз-оқушы-ата-ана» үштік одқ қарым-қатынасын нығайту , отбасылық тәрбие мен отбасылық құндылықтар туралы тұжырымдаманы қалыптастыру, оқушылардың отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. Сондай – ақ лицейімізде 3 сыныптар арасында «Ынтымақты отбасы» атты байқау өтті. Байқауға Қабдыловтар отбасы, Жезбаевтар отбасы, Жанабергеновтар отбасы қатысты. Отбасы тәрбиесі бағытында «Ұстаз-ата-ана-бала» үштік одақ негізінде қамқоршылық кеңес үшелерінің қатысуымен өткен сайыста Қабдыловтар жанұясы «Ынтымақты отбасы» деп танылып, бас жүлдеге ие болды. «Көңілді отбасы» номинациясын Жанабергеновтар отбасы иеленсе, «Өнерлі отбасы» номинациясын Жезбаевтар отбасына бұйырды. «Отбасы сағаты» республикалық акциясы аясында «Reading time» жобасы негізінде мектеп-лицейіміздің кітапханасында 1 сынып оқушыларына «Отбасылық оқу» сағаты ұйымдастырылды. 1 «Б» сыныпның ата-анасы Жанаргуль Зейноллаевна балаларға Қазақ ертегілері кітабынан «Ешкі мен қасқыр» ертегісін оқып, талқылады. «Отбасы сағаты» республикалық акциясы аясында Гульмира Зейнулловна Ауенова «Әрбір бала-жұлдыз» атты 1 «В» сыныбында тәрбиелік сыныптан тыс іс-шара өткізді.
«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының кубогына арналған мектеп оқушылары арасында облыстық пікір-сайыс турнирінде «Зерен» шаңырағының 10 «а» сынып оқушысы Буашева Айша «Үздік спикер» атағына , Амангелді Мират 1 орын иегері атанды. «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Отаныма деген менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауында «Мен-Қазақстанның азаматымын» номинациясы бойынша «Зерен» шаңырағының 10 «А» сынып оқушысы Садвакасова Жаннұр 2 орын, «Медиа жобалар» номинациясы бойынша «Зерен» шаңырағының 10 «А» сынып оқушысы Сайранбеков Жанарыс , «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша «Тұран» шаңырағының 10 «Ә» сынып оқушысы Тулебаева Нургуль 3 орынға ие болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру асясында мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Жастар-ұлттың басты капиталы» атты қалалық «Қазақстан патриоттары» академиясы форумының ашылуы өтті. Форумның мақсаты: «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясы негізінде қазақстандық жас патриоттардың тәжірибе алмасуы, ҚР патриоттық рухта тәрбиеленген жас ұрпақтың ядросы және қозғаушы күші болатын ел элитасының басын қосу. Форум қонағы «Балдәурен» орталығы Қазақстан жас патриоттар Академиясының әдіскер-кураторы Мөржан Карбаевна Сакимовна болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастардың жылына» арналған «Сақтаймыз және көбейтеміз» атты «Жасыл» науқанына орай лицей педагогтары мен қызметкерлері тарихи өлкетану мен экология орталығының және «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат саябағының мамандарымен мектеп маңына 20 түп шаған ағаштарын отырғызды.
«8 наурыз-Халықаралық әйелдер» мерекесіне орай Б.С.Сыздыкованың жетекшілігімен «Көкшетау» шаңырағы, Н.Е.Нұрахметованың «Жеке Батыр» шаңырағы, Д.Р.Ханафинаның «Жұмбақтас» шаңырағы , И.К.Токмолдинаның «ZEREN» шаңырағы, Н.О.Мендекинаның «Turan» шаңырағы, «Тіршілік тірегі – АНА» атты меркелік сынып сағаттарын өткізді.
6 наурыз күні қала әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев мектеп-лицейінде орналасқан жылыжай мен жасыл технологиялар зертханасымен танысты. Мұнда оқушылар гидропоника , өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісін меңгеріп жатқандығын, осы бағытта зерттеп жатқан ғылыми жұмыстар жайында баяндады. Ұлы даланың кешегісі мен бүгінін жас толқынға насихаттап, жаңғыру жолында ұйымдастырылып жатқан қала мектептері арасындағы IT мектеп-лицейінің шығармашылық ұжымы «Жастар жылына» арналған «Ақмола жұлдыздары – 2019» қалалық көркемөнерпаздар байқауына қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды. Қалалық «Махамбет» оқуларынан «Ұлы арман» номинациясы бойынша «Көкшетау» шаңырағының 5 «В» сынып оқушысы Әбілмансұр Сатыбалдинов 2 орынға ие болды.
19 наурыз күні мектеп-лицейінде «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына» орай «Наурыз-Нұрлы жыл басы» атты тәрбиелік-тағылымдық мәні зор мерекелік шара өтті. Мектеп ауласында «Үкілі Ыбырай», «Ақан Сері», «Біржан сал» ауылдары (киіз үйлер) құрылды. Ақмола облысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары А.Д.Біржанов құттықтау сөз сөйлеп, өнер-жыршылар және термешілер одағының мүшесі Қуаныш Оспан арнау, 6 «А» сынып ата-аналар комитетінің төрайымы Роза Боканова жиылған қауымға ән арнап, мерекелік шараның ажарын одан әрі арттыра түсірді. Іс-шара барысында «Арқан тарту», «Қыз қуу» және т.б. қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, салт-дәстүрлер көрсетілді.
28 наурыз күні мектеп-лицейінде тарихи күндердің бірі болды. Білім және ғылым министрі Күләш Ногатаевна Шамшидинова ресми іс-сапармен мектеп-лицейімізде қонақта болды. Лицейдің жұмыс барысымен, қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктермен танысып, қала бойынша келген ұлағатты ұстаздармен кездесу өткізді. Екі сағатқа созылған кездесу барысында білім беруге қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер сөз болып, толғандырған сұрақтарға мардымды жауаптар берілді.
Оқушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Саналы азамат» базалық бағытының «Дара жол» жобасын жүзеге асыру аясындағы «Тіл парасаты» іскерлік ойынында «Көкшетау» шаңырағының 7 сынып оқушылары қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды.
2019 жылдың 5 сәуір күні мектеп – лицейімізде геология және минерология ғылымдарының кандидаты, ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы, профессор, геология – минерология академиясының корреспондент мүшесі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Қазбеков Айтқажы Қазбекұлының құрметіне арналған қала мектептері арасындағы алғашқы шахматтан турнирдің тұсау кесу салтанаты өтті. 9 сәуір күні рухани-адамгершілік тәрбие бағыты негізінде мектеп-лицейіміздің оқушылары Ш.Құсаинов атындағы Ақмола олыстық қазақ драма театрында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» атты сахналық қойылымын тамашалап қайтты. «12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне» орай» «Жеке Батыр», «Жұмбақтас» шаңырақтарының оқушыларымен «Жер кіндігі-Байқоңыр» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты – еліміздің мақтанышы «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы ақпарат бере отырып, ХХ ғасырдың 2-ші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында оқушылардың білім көкжиегін кеңейту. Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елін жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу болды.
М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Шамшырақ» балалар коворкинг орталығының ұйымдастыруымен «Халықаралық балалар кітабы күніне» орай өткен «Менің алғашқы кітабым» шығармалар сайысына қатысып, «Зерен» шаңырағының 5 «Г» сынып оқушысы Рахметолла Аққу жүлделі 3 орынға ие болды.
Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылдың 13-14 сәуір аралығында мектеп оқушылары арасында өткізілген республикалық «NIS CUP» пікірсайыс турнирінде қатысып, «Зерен» шаңырағының 10 «А» сынып оқушысы Буашева Айша жүлделі 1 орынға ие болды.
«Қазақстан - мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасы аясында «Жеке батыр» шаңырақ қауымдастығының оқушылары тағдыр тәлкегіне ұшырап, қиын күндерді бастан кешіріп келе жатқан аналарымыздың жүздеріне бір мезет болса да нұр ұялату мақстымен «Ана үйі» орталығына барды. Оқушылар аналардың құрметіне жүрекжарды өлеңдерін арнап, ән айтып, күй тартып, мың бұрала би биледі. Сондай-ақ кішкентай бүлдіршіндеріне деп алған сый-сыяпаттарын табыс етіп, аналарға гүл шоқтарын ұсынды. «Жұмбақтас» шаңырағы «Мейірім» орталығына барып «Мейірімділік – асыл қасиет» атты концерттік бағдарлама қойды. Мақстаы – балалардың мейірімділік, қайырымдылық, құндылықтары туралы түсініктерінкеңейту, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру – өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру. «Көкшетау» және «Оқжетпес» шаңырақтар қауымдастығының оқушылары «Құстарға қамқорлық жасаймыз!» атты іс-шарасын өткізді. Табиғат жанашырлары өз қолдарымен құстарға арнап ұя жасап, оны ағаштарға орнатты. Осындай тәрбиелік әні бар акциялар оқушыларың, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін көтеріп, қоршаған ортаға құрмет көрсетуге, табиғатты аялай білуге шақырады.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық зерттеу жұмыстары байқауында «Жерлестер генеалогия» номинациясында «Тұран» шаңырағының 10 «Ә» сынып оқушысы Төлебаева Нургуль жүлделі 2 орынға ие болды.
Жастар жылына арналған қозғалыс жас инспекторларының 19-ші қалалық слетіне лицейіміздің «Айбын» ҚЖИ жасағы белсене қатысып, «Оқжетпес» шаңырағының 8 «Б» сынып оқушысы «Автоқалашықта велосипед жүргізу» байқауында «Ең жақсы велосипедші» ретінде марапатталды.
«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай» 1-11 сыныптараралығында «Ынтымақ – достық кепілі» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті. Осы мерекеге орай РБЖЖҰ «Жас Ұлан» ұйымына дарынды оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өтті. Жалпы 2018-2019 оқу жылына 30 бала «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды.
«Парктер шеруі-2019» табиғат қорғау халықаралық акциясы аясында «Көкшетау» шаңырағының педагог-ұйымдастырушы - педагогы Бахытгуль Сматовна Сыздыкова 7 «Б» сынып оқушыларымен «Табиғат-адамзатқа аманат» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп, қалалық сайыста «Ең үздік сабақ» номинациясы бойынша жүлделі 2 орынға ие болды. Қазақстан еліміз бойынша барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және қолдау мәселесіне орай, оқушыларымыздың табиғатқа деген , туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында өткізілген қалалық «Парктер шеруі-2019» сайысынада мектеп-лицейіміздің 7 «В» сынып оқушысы Ерғали Арайлым «Ең үздік өлең» сайысына қатысып 1 орынды иеленді. «Ең үздік қолөнер» сайысында 7 «А» сынып оқушысы Белялова Нұрай 2 орынға ие болды.
Ақмола облыстық жастар денсаулық орталығында «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» атты кездесу өтті. Бұл орталыққа кәсіптік бағдар беру мақсатында «Жұмбақтас» және «Көкшетау» шаңырақтарының оқушылары қатысты. Азаматтық-патриоттық тәрбие бағыты негізінде «Ұлы Жеңістің 74 жылдығына» орай 2 сыныптар арасында «Жұлдызды сәт» атты интелектуалды сайыс өтті. «7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған абаттандыру-көгалдандыру жұмысы негізінде мектеп-лицей ауласына 30 түп қарағай ағашы отырғызылды. Білім алып отырған мекеменің ауласын абаттандыру-оқушылардың еңбек тәрбиесіне бейімделуіне негізделген. «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» тақырыбында салтанатты сап түзеу өтті. «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығы» мерекелері қарсаңында «Оқжетпес» шаңырағы «Дара тұлға» жобасы аясында тәжік-аудан соғысының ардагерлері Баширов Қайрат, Нуркасимов Талғат батырларымызбен кездесу ұйымдастырды. Осы мерекеге орай «Жеке батыр» шаңырағы «Ана туралы баллада» атты танымдық сағатын өткізді. «Ұлы Жеңістің 74 жылдығына» орай ұйымдастырылған ашық патриоттық акцияға «Қайсарлық пен қаһармандыққа тағзым» ұранымен мектеп-лицейінің түлектері елді жау езгісінен азат еткен ержүрек есіл ерлерді еске алып, «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
«15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне» орай арналған «Отбасы тәрбиесі – өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.
Мектеп – лицейімізде жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында «Мен – чемпион» қалалық финалдық ойыны өтті. Спорт жарысына №2 ОМЛ, №5 МГ, №16 ОМ және IT мектеп-лицейіміздің спортшылары қатысты. Біздің IT мектеп-лицейіміздің спортшылары жүлделі 1 орынды иеленді. «Мен чемпион» облыстық балалар спорттық ойынында мектеп-лицейі командасы жүлделі 3 орынға ие болды.
Көкшетау қаласы Білім бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған «Жастар жылына» арналған «Болашақ жастардың қолында» атты акциясын мектеп-лицейінің 11 сынып түлектері «Жүректен жүрекке» ұранымен «Үміт шаңырақ» қарттар мен мүгедектерге арналған орталықта өткізді.
«Жастар жылы» аясында өткен «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты сап түзеуі Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Хан Сергей Инокентевич, мектеп-лицей қамқоршылық кеңесінің төрайымы Искакова Гульнар Таласпековнаның қатысуымен өтті. «Жастар жылы» қарсаңында мектеп-лицейінің алғашқы түлектері Білм бөлімінң басшысы Бейбіт Айтымұлы Жүсіповтің қатысуымен «Түлектер аллеясын» орнатты. Мектеп ауласын көркейтуге үлес қоса отырып, түлектердің оқу ордасына деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға сыйластықпен қарауға, аялауға негіз жасау мақсатында ұйымдастырылған салтанатты ашулы рәсімінде білім бөлімінің басшысы Бейбіт Айтымұлы «Түлектер аллеясының» лентасын қиып, оқушылар мен ата-аналарды , ұстаздарды құттықтап, игі бастамаларына сәттілік тіледі.
29 мамыр күні Ақмола облысын әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлының қатысуымен мектеп – лицейімізде 2018-2019 оқу жылының Республикалық және халықаралық пәндер олимпиадасы мен ғылыми жобалар байқауларында жеңімпаз атанған Ақмола облысының дарынды оқушыларымен «Дарынды оқушы – ұлтымыздың болашағы» атты форум өтті. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында мектеп-лицейінде робототехника және STEM кабинеттері ашылды. Ақпараттық қоғамның қалыптасуы кезеңінде мектепке де ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін оқушылар өз іс-әрекеттерінде қолдана алу мақсатында ашылған сынып кабинеттері білім алушылардың ойлау қабілетін, интелектуалын дамыту үшін заман талабына сай озық технологиялармен жабдықталған.
Көкшетау қаласы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай өткен балалар мен жастар музыкалық оркестр және ансамбльдерінің қалалық шеруіне мектеп-лицейіміздің талантты, дарынды оқушылары белсене қатысты. «1 маусым – Балаларды қорғау күніне» орай «IT-ландия» мектепалды алаңының ашылу салтанаты өтті. Бастауыш сынып оқушыларының күшімен әзірленген мерекелік концертте балалар өз өнерлерін ортаға салды. Спорттық жарыстар, флеш-моб ұйымдастырылды, соңында әр балаға тәтті сыйлық таратылып, ұйымдастырушы-педагогтар бала көңілін таба білді. IT технологиясы бағытына негізделген «CODE CLUB» бағдарламаушылар клубы жұмыс істейтінін хабарланды. Маусым айының 2-ші жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық көпжанрлы фестивалінде 100-ден аса қатысқан өнерпаздар арасынан фортепиано бойынша 7 «Б» сынып оқушысы Жезбаева Аружан мен 3 «Б» сынып оқушысы Жезбаев Жансұлтан жүлделі 1 орынға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |