Жаѕа сґздерді енгізу



бет4/31
Дата05.02.2022
өлшемі437,17 Kb.
#13461
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Қараша айында 2010 жыл.
2 - Speaking Activities. – Ауызша айту немесе сөйлеу қабілетін дамытатын жаттығулардың түрлері.

Сөйлеу қабілеті қай түрге жатады? - Productive skill (writing and speaking) or receptive skill (listening and reading). Шығармашылық қабілет пе әлде Қабылдаушылық қабілет пе?


1. Үш топқа бөлінейік. Біздің оқушыларымыз қазақша жақсы сөйлеуі үшін олардың қабілеті болуы керек. Сол қабілеттер қандай қабілеттер болуы керек? Осы сұрақтың жауабын жазыңыздар.
Әрине тілді жақсы білу үшін алдымен сөздік қор бай болуы тиіс, сол сөздік қорды іс жүзінде қолдана білу керек, өз ойыңды басқаларға жеткізе білу керек, басқалардың ойын түсініп, оған жауап қата білу керек.
2. Ауызша айту не сөйлеу жаттығулары ойдан шығу үшін олар қандай жаттығулар болуы керек? Осы сұрақтың жауабын жазыңыздар.
Мысалы, мына екі әңгімені алайық .

      1. Марстан әкелінген метеоритті Англияда аукционда бір жарым миллион фунтқа сатып жатыр екен. Соны сатып алу пайдалы ма жоқ па деген сұрақ туындайды. Сіз сатып алар ма едіңіз?

      2. Англиядан бір топ оқушылар Қазақстанға Таразға келеді екен. Олар бідің қаламыз туралы, біздің салт дәстүрііміз туралы білгілері келеді екен. Сол қонақтарды қыдырту үшін жоспар құруымыз керек.

Осы екі жаттығудың қайсысы қызықты және көп сөйлеуге ыңғайлы? Не үшін?
Себебі 1ші әңгіме бәріне қызық емес, аз адам сөйлейді, сөйлеуге себеп жоқ, тек кей осы салада қызығушылығы барлар ғана сөйлейді, иә не жоқ деген жауап беріледі, бұл жаттығудың мақсаты неде?
2ші әңгіме барлық оқушыға қызық, сөйлеуге себеп бар, ортақ тақырып, өмірмен байланысты, деңгейге сәйкес, оқушылардың дайындығы бар.
Сөйлеуге үйрету үшін арналған жаттығулар оқушылардың дайындығына, деңгейіне сай, өмірге жақын, қызығушылық тудыратын, өз пікірін айтатындай болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет