Видеоны қолданудың кейбір әдістері: Алдымен сөйлеу қабілетін тақырып бойынша дамыту үшін керекті жаңа сөздерді енгізіп, олармен жаттығу жұмыстарын жүргізіп, бекіту жасау керек.
Оқушылардың видеоны дұрыс түсініп қабылдауы үшін қандай қабілеттері болуы керектігін алдын ала білуіміз үшін мынындай жаттығу жасаймыз:
Бір-біріне түсінгенін айту.Үш адамнан топқа бөлінеміз. Бірі А, екіншісі Б, үшіншісі С болады. Экранды теріс қаратып қоямыз. Бір минут А тобындағылар клипті көреді. А тобындағылар Б және С тобындағыларға көргендерін айтады. Б тобындағылар мен С тобындағылар да кезекпен клипті көріп түсінгенін айтады. Дұрыс түсінгенін тексеру үшін оқушыларға сұрақ қоюға болады.