Жалпы видеомен жұмыс жасағанда мынадай жаттығулар қолдануға болады: Дауыссыз көру- әр топта кейіпкерлердің не айтып жатқанын болжау, содан кейін дауысын шығарып көріп тексеру.
Маңызды жерінде тоқтату - әрі қарай не болатынын болжап, пікірлерін айтып болған соң, тексеріп көру.
Экранды көрсетпей, дауысын есту арқылы оқиғаның қай жерде өтіп жатқанын немесе кім кіммен сөйлесіп жатқанын айту керек.
Экранды көрсетпей музыкасын тыңдап, не болып жатқанын болжау.
Көру және біреуге айту қабілетін дамытуға арналған жаттығу, сынып екі топқа бөлініп, бір топ теріс қарап отырып тыңдайды, ал екінші топ экранға қарап тұрып, әрең естіліп тұрған мәтінді жеткізеді.
Не дұрыс емес? Клиптің бірнеше жерінің мәтінін жазбаша түрде, біраз дұрыс емес деректерді қосып, оқушылардың бір тобына беріңіз. Екінші топ клипті көреді. Бірінші топ екінші топқа әңгімені оқиды, ал екінші топтағылар дұрыс емес деректерді түзетуі керек.
Үш адамнан тұратын топта клипті кезек-кезек көріп, бір біріне айту.