«Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту» Мақсаты:
Білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;
Шығармашылық топтардың жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.
білім беру ортасының қоғамның ағымдағы сұранысына бейімделуі;
оқыту сапасының артуы, мұғалімнің өз пәні саласында білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі әдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті компьютерлік технология көмегімен ұйымдастыруы;
дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесінде олимпиада, ғылыми жоба, түрлі байқаулар жеңімпаздарының санының артуы
1. Ғылыми –әдістемелік қамтамасыз ету, ұйымдастыру Мақсаты: Мектептің әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырып, ғылыми жұмыстарға басшылық жасау.
Мектебіміздің әдістемелік жұмысы- жаңаша оқытудың жолдарын тауып және оны дамыту мен қалыптастырудың алғы шарттарын жүзеге асыру мақсатында жұмыстың үлгісі мен әдіс –тәсілдері басшылыққа алынды.
Мектептің әдістемелік жұмыс жоспары бойынша 5, кезектен тыс 1 әдістемелік кеңес және ӘБ отырыстары болып өтті, онда қаралған мәселелер: Жаңа тенология негізінде оқу процесін жетілдіру, пән апталықтарын өткізу, мұғалімдерді аттестациялау жұмыстары, оқушыларды мектепішілік, қалалық пән олимпиадаларына дайындау,жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату, білім беруді нәтижеге бағыттау арқылы білім сапасын арттыру жолдары, оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе алмасу жұмыстары,нормативті құжаттар мен педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге шолу, тағы сол сияқты мәселелер, қажетті тақырыптарда әдістемелік баяндамалар тыңдалып, пікір алысулар жүргізілді. Қалалық магнит мектептер үшін «Лицейдің бір күні» семинарлары тоқсан сайын өтті.
Кадрлық құрам Лицей әрқашан педагогикалық кадрлардың жоғары деңейімен ерекшеленеді. 2022-2023 оқу жылында 39 мұғалім (жыл аяғында) жұмыс істеген, олардың ішінде:
Білім ағарту ісінің үздігі-1
«Ы.Алтынсарин» төс белгісі иегері – 1
Үздік педагог—1
«ҚР ОАМ Құрмет Грамотасы» иегері-12
Облыс әкімі грантының иегері – 2
«Жыл мұғалімі -2022» конкурсының жүлдегері -1
Пән мұғалімдерінің делегаты- 3
Жоғары білімді – 39 (100%), олардың ішінде педагогикалық – 39 (100%).
Әрдайым ізденіс, эксперимент, шығармашылық режиміндегі жұмыс, мұғалімнен педагогикалық шеберлік пен білімді талап етеді.
Жалпы мұғалімдер аттестаттаудан :
педагог-шебер – 5;
педагог-зерттеушіге тағайындалғандар - 15;
педагог-сарапшыға тағайындалғандар - 3 ;
Педагог-модераторлар-2