Зерттеудің міндеттері:
-ғылымдардың интеграциялануы мен бастауыштың жаңартылған
білім мазмұны бойынша оқыту мәселесіне арналған нормативті-құқықтық
құжаттарды, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау арқылы
«пәнаралық байланыс» ұғымын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу,
анықтама беру;
-бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұнына көшуде
пәнаралық байланыс ұйымдастыру мен өткізудің бүгінгі жағдайы мен
мүмкіндіктерін айқындау;
-бастауыш білім беру кезеңінде жаңартылған білім мазмұны аясында
ұйымдастырылатын пәнаралық байланыстың педагогикалық шарттарын
айқындау, құрылымдық-мазмұндық нобайын құру, ұсыну;
-жаңартылған білім мазмұны жүйесімен бастауыш сыныптардың
педагогикалық үдерісінде ұйымдастырылатын пәнаралық байланыстың
тиімділігін тәжірибелік-эксперименттер арқылы дәлелдеп, ғылыми-
әдістемелік нұсқаулар беру.
Достарыңызбен бөлісу: |