«Жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық шарттары» тақырыптағы



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата06.06.2020
өлшемі210,23 Kb.
#72541
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1.ТҮЙІНДЕМЕ Сауркова Ж қазақша-converted

3-ші  шарты:  Пәнapaлық  бaйлaныc  жaн-жaқты  танымдық  білім  мен 

тәpбие  беpyде  жеке  пәндерді  топтастыруда  ортақ  тақырыптардың  болуын 

жүзеге  асыру  –  бұл:  оқушылардың  ақыл-ойы  және  күш-қуаттық 

қабілеттерінің,  дүниеге  көзқарасын,  моралін,  жүріс-тұрысын,  қоғамдық 

өмірге  және  еңбекке  даярлығының  меңгеруін  қамтамасыз  ететін  ғылыми 

білімдердің, біліктердің, дағдылардың, қатынастардың және шығармашылық 

іс-әрекеттің  барыстары.  Білім  беру  және  тәрбиенің  көзі  болып  мәдениеттің 

бүкіл көп түрлілігі қызметін шиыршықтық жүйемен  оқу-тәрбие жұмысында 

теория мен тәжірибенің байланысын жүзеге асыру жолы, оқушыларды өмірге 

даярлаудың маңызды шарты.

 

4-ші шарты: Пәнаралықты ұйымдастырудың әдістемелік-жаңашылдық 

жүйесін  қолдану,  оқушыларға  біліми-танымдық  және  тәрбие  беру 

барыстарының барлық салаларын кешенді жүзеге асыруға ықпал жасау – бұл: 

нақты  міндеттерді  шешуге  бағындырылған,  шындықты  меңгерудің 

тәжірибелік  немесе  теориялық  салыстырмалы  біркелкі  тәсілдері  мен 

амалдарының  жиынтығы.  Педагогикалық  жаңалықтарды  жасау,  қабылдау, 

бағалау,  меңгеру,  қолдану  барысын  басқару  мен  жеке  пәндерді  оқыту 

саласының  тәсіл,  айлаларын  жақсы  және  білікті  қолдану,  соның  негізінде 

оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін орынды шеше алу. 



5-ші  шарты:  Пәнapaлық  бaйлaныcтағы  білім  беру  мен  оқыту  және 

тәрбиелеу  барыстарын  ізгілендіру  /гуманизациялау/  –  бұл:  оқытудың 

мазмұнына,  формасы  мен  әдістеріне  рухани-адамгершілік  пен  ізгілендіру 

идеяларын  тарату;  білім  беру  үдерісімен  тұлғаның  еркін  және  жан-жақты 

дамуын,  оның  қоғам  өмірінде  анық  әрекетті  қатысуын  қамтамасыз  ету. 

Оқытуда  әрбір  білім  алушы  оқушыға  рухани  бай,  технократия  мен 

адамгершіліксіздікке қарсы тұра алатын дамыту мақсатында жаратылыстану-

математика,  гуманитарлық  және  эстетикалық  білім  мен  тәрбие  беру  пәндер 

циклдері арасында үйлесімді тепе-теңдікті орнату. Оқушы тұлғасының берік 

және  үйлесімді  дамуын  қамтамасыз  ететін  өмірге  құндылық  қатынастарды 

қалыптастыру.  Оқушы  болмысының  істері  мен  ойларына  жоғары  сипат 

беруге  қабілетті  борышын  сезіну,  әділдікті,  шындықты,  жауапкершілікті 

және т.б. тәрбиелеу.  

6-шы  шарты:  Пәнаралық  байланыста  әр  оқушының  тұлғалық  жеке 

ерекшеліктерін  дамыту  мен  оқыту  және  тәрбиелеудегі  бірлескен  ұжымдық 

әрекетті ұйымдастыру – бұл: педaгoгикaлық үдерісте орын алған пәнаралық 

байланыстарды  жүзеге  асыруға  қатынасушылардан  өзара  келiciм  мен 

ынтымақтастық,  бірлескен  іс-әрекетті  үйлестіру,  тұрақты  өзара  әсер 

жағдайында болу біліктерін талап ететін жеке, ұжымдық және топтық жұмыс 

болып  табылады.  Оқу-тәрбие  үдерісінде  әлеуметтену,  өзара  әрекет,  оқушы 

тұлғасының жеке және ғылыми-танымдық мүдделерін біріктіреді.   



7-ші  шарты:  Пәнаралық  байланыс  -  мұғалімнің  кәсіби  қызметіндегі 

шығармашылдық  және  педагогикалық  әрекетті  ұйымдастыру  мен 

белсенділігі  –бұл:  жеке  пәндердің  оқу  материалдарын  өзара  кіріктіру 

жағдайындағы  оқу-тәрбие  үдерісіндегі,  оқушылармен  қарым-қатынастағы 

тиімді  және  қалыпты  жағдайдағы  емес  педагогикалық  шешімдерді 

мұғалімнің  жасап  шығаруы  және  жүзеге  асыруы.  Кәсіби  шығармашылық 

педагогта  терең  және  жан-жақты  білімдер,  оларды  сын  көзбен  қарау,  өңдеу 

және  мағыналы  ұғынудың  бар  екендігімен  сипатталау;  педагогикалық 

әрекеттерге  теориялық  және  әдістемелік  қағидаттарды  бірінен-біріне 

ауыстыру  білігі;  өз  бетімен  білім  алу  және  өзін-өзі  жетілдіру,  жаңа 

әдістемелерді,  формаларын,  тәсілдер  мен  құралдарды  және  олардың  түп 

нұсқалы  біріктірілуін,  іс-әрекет  жүйелерінің  диалектілігі,  өзгергіштігі,  жаңа 

жағдайларда  қолда  бар  тәжірибені  қолдану  тиімділігі;  өз  іс-әрекетін  және 

оның  нәтижелерін  рефлективтік  бағалауға  қабілеті;  білімдер  мен  алдын  ала 

сезінуге негізделген түрлендіруге қабілеті; көп мәнділікті көре білуі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет