Зерттеудің практикалық мәнділігі: жаңартылған білім беру
бағдарламасы негізінде пәнаралық байланыс сабақтарының оқу-тәрбие
үдерісіне ендірілуі тексерістен өткізілді, сондықтан, зерттеу жұмысының
нәтижесінде алынған теориялық және тәжірибелік білімдер жиынтығын
бастауыш сыныптардың педагогикалық үдерісінде, болашақ бастауыш
сынып мұғалімдерін дайындайтын бөлімдер мен факультеттерде,
мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру мен жетілдіру институттарында және
осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады. Өйткені
зерттеу жұмысынан жиналған теориялық және тәжірибелік мәліметтер
өміршеңдік маңызға ие.
Достарыңызбен бөлісу: |