Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
– жаңартылған білім мазмұнын беретін оқу бағдарламалары жүйесінде
жүзеге асырылатын пәнаралық байланыстар арқылы бастауыш сынып
оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру негізінде жеке
тұлғалық болмысын дамытудың теориялық негіздері ғылыми тұрғыдан
дәлелденді.
«Пәнаралық
байланыс»
ұғымына
анықтама
беріліп,
«педагогикалық құбылыс» атаулық тіркесіне сипаттама берілді;
– бастауыштың жаңартылған білім мазмұны негізінде жүзеге
асырылатын пәнаралық байланыста оқушылардың ғылыми-танымдық
әрекеттері, олардың жеке тұлғалық болмысының қалыптасуы мен дамуының
барысы, қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктері қарастырылды;
– жаңартылған оқу бағдарламасы жүйесі негізінде бастауыш
сыныптың педагогикалық үдерісін ұйымдастыруда пәнаралық байланысты
жүзеге
асыру
арқылы
оқушылардың
ғылыми
дүниетанымын
қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық нобайы
жасалып, оның
өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері және мазмұндық, ұйымдастырушылық,
педагогикалық шарттары анықталды;
– бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үдерісінде жаңартылған білім
мазмұны арқылы оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған нобайдың
тиімділігін тәжірибелік-эксперименттен өткізілуі, ғылыми-әдістемелік
тұрғыдан дәлелденуі.
Достарыңызбен бөлісу: |