«Жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық шарттары» тақырыптағы



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата06.06.2020
өлшемі210,23 Kb.
#72541
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1.ТҮЙІНДЕМЕ Сауркова Ж қазақша-converted

8-ші  шарты:  Оқушылардың  білімділік,  дамушылық  және  тәрбиелік 

деңгейін  анықтау,  пәнаралық  байланыстағы  оқушылардың  әрекеттерін    іске 

асыру,  диагностикалау  –  бұл:  педагогикадағы  пәнаралық  байланыс 

құбылысын  талдау 

  өзінің  оқу-тәрбие  жұмысының  нәтижесін,  жағдайын 



мұғалімнің  өзі  зерттеуі,  педагогикалық  құбылыстардың  құрамалары 

арасындағы  себеп-салдарлық  байланыстарды,  оқушыларды  оқыту  мен 

тәрбиелеудің  жетілдіру  жолдарын  онан  әрі  анықтау.  Педагогикалық 

талдаудың  қызметтері:  /диагностикалық,  танымдық,  түрлендіргіштік,  өз 

бетімен  білім  алушылық/.  Педагогикалық  үдерістегі  пәнаралық  байланыс 



жағдайларын  объективті  және  жан-жақты  зерттеуді  қамтамасыз  ететін 

оқытудың  өлшенетін  көрсеткіштерін  есепке  алу  тәсілі;  танымдық  барыста 

орын  алып  отырған  барлық  өзгерістерді  анықтау  тәсілі.  Диагностика 

бақылаудан 

(тексеру), 

бағалаудан, 

статистикалық 

деректердің 

жинақталуынан,  олардың  талдауынан,  серпін  мен  беталысты  айқындаудан 

және одан әрі дамудың болжамын құру. 

Пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында білімдер жиынтығын 

кешенді  игертуде  оқушының  тұлғалық  болмысын  дамыту  стратегиясын 

белгілеу  үшін  оның  техникалық,  әлеуметтік,  экономикалық  дамуы 

тенденциясын  зерделеу  әдісін  де  басшылыққа  алу  қажет  екендігі  заңдылық 

болып  табылады.  Сондай-ақ,  пәнаралық  байланыста  кешенді  білімдерді 

оқушыларға  тасымалдауда  орын  алатын  «педагогикалық  құбылыс» 

жоспарлылық, мерзімділік, кезектік /ортақ бөлімдер мен тақырыптар, пәндік  

мазмұндардың  жақындығы  т.б./,  үйлесімділік  пен  шиыршық  жүйесімен іске 

асырылуы тиімді болып табылады. Пәнаралық байланыстар барысында орын 

алатын осындай педагогикалық құбылыстардың негізгі міндеті оқушылардың 

меңгерген  түсінік-ұғымдары жайындағы  білімін  жүйелеу,  жаңғырту 

немесе  алғашқы білім бөлшектерін  беру болып табылады. 

Бастауыш  сыныптарда  оқытылатын  жеке  пәндердің  бөлім,  ортақ 

тақырыптарға  негізделген  материалдары  арқылы  оқушыларға  пәнаралық 

байланыс  жүйесімен  ғылыми  дүниетанымын  қалыптастыру  құралдары  мен 

педагогикалық  үдеріске  пайдаланылатын  жаңашыл  әдіс-тәсілдер  олардың 

жеке тұлғалық бітіміндегі ой мен қиялды және шығармашылық қабілеттерді 

дамытуға  бағытталған  мұғалімнің  педагогикалық  кәсіби  іс-әрекеттерін 

ұйымдастыру  мен  өткізудегі  белсенді  жұмыстарының  нәтижесін  көрсетеді.  

Пәнаралық байланыстардың неғұрлым тоғысатын жері – ол бастауыш сынып 

оқушыларының 

ғылыми 


дүниетанымын 

қалыптастырудағы 

оқу 

материалдарының  «тік»  (тігінен)  /вертикальді/  және  «көлденеңінен» 



/горизантальды/  етіп  бөлу  және  ішкі  заңдылықтарын  сақтай  отырып 

педагогикалық тәжірибеде ұтымды пайдалану. 

Жаңартылған 

білім 


мазмұны 

негізінде 

бастауыш 

сынып 


оқушыларының  пәнаралық  байланыс  арқылы    ғылыми  дүниетанымын 

қалыптастыру мен олардың тұлғалық болмыс-бітімінің дамуына ықпал етуші 

әдіс-тәсілдерінің  мақсат-міндеттері,  оқушылардың  жеке  пән  сабақтарында 

жинаған білімдерін жетілдіру, дамыту, кеңейту және дүниеге, қоршаған орта 

заттары  мен  құбылыстарына  ғылыми  көзқарастарын  қалыптастыру;  оқыту-

тәрбиелеу  үдерісінің  өмірмен,  еңбекпен,  өнермен,  өмірлік  тәжірибемен 

байланысын 

арттыру; 

оқушылардың 

шығармашылық 

қабілеттерін, 

эмоциялық  көңіл-күй  сарайының  сезімдерін,  танымдық  күштерін,  ой-өрісін, 

қиялын,  оқуға,  өмірді  танудағы  ғылыми  білімдерге  қызығушылықтарын, 

жауапкершілік,  белсенділік,  тапқырлық  қабілеттерін  дамыту;  эстетикалық 

талғамдары  мен  қажеттіліктеріне  қарай  білім  алу  мен  өзін-өзі  тәрбиелеу, 

дамыту  іс-әрекетіне  машықтандыру;  туған  елге,  табиғаттың  сұлулығы  мен 

көркемдігіне,  халқы  мен  тарихы  туралы  білімдерді  пәнаралық  байланыс 

арқылы кеңейтуге көмектесу. Сондай-ақ, ғылыми дүниетанымдыққа қатысты 




1.«Тіл  және  әдебиет»,  2.  «Математика  және  АКТ»,  3.  «Жаратылыстану»,  4. 

«Адам және қоғам», 5. «Өнер», 6. Дене шынықтыру циклдерінің топтамалық 

пәніндегі жалпы ұғымдар жөнінде тереңдетілген түсініктер беру. 

Тақырып бойынша зерттеу жұмысына қатыстырылған мұғалімдер - 42 

бастауыш сынып мұғалімдері, оның 22-сі – эксперименттік топ сыныбының 

мұғалімдері, 20-сы – бақылау тобындағы сынып мұғалімдері.  

 Жаңа  білім  мазмұнды  бағдарлама  негізінде  және  сараптау  барысында  

оқушылар  теорияны  игеріп,  тәрбиелеудің  міндеттерін  анықтауға  және 

шешуге  үйренді,  соның  негізінде  пәнаралық  байланысқа  негізделген 

педагогикалық үдерістің әдіс-тәсілдері мен формаларын игерді. Жаңартылған 

бастауыштың  білім  мазмұны  аясында  пәнаралық  байланысты  жүзеге 

асырудың  педагогикалық  шарттарын  анықтау  негізінде  оқушылардың  жеке 

тұлғалық  болмысының  қалыптасуы  мен  дамуының  мүмкіндік  нәтижелілігін 

тәжірибелік-педагогикалық  жұмыстар  барысында  жүзеге  асырылды. 

Педагогикалық- тәжірибе жұмысының құрылымы: 

–  экспериментік тәжірибелердің басталуы (2016-2017ж) 

–  экспериментік тәжірибелердің аяқталуы(2018-2019ж) 

Жобаланған    тәжірибелерді  жүргізу  бастауыш  білім  беру  кезеңіне 

енетін 1,2,3,4 – сыныптардан әр түрлі мектептен  342 оқушы  қатысты. Оның 

172-оқушысы  эксперименттік  сыныптар  тобын  құраса  ал,  170-оқушы 

бақылау сыныптар тобын құрады.  

Жүргізілген 

тәжірибелік-экспериметтік 

жұмыстарда 

мынадай 

мәселелер қамтылған: Жаңартылған білім мазмұнындағы бөлімдер мен ортақ 

тақырыптар  арқылы  бастауыш  сыныптағы  сабақтарда  пәнаралық  байланыс 

материалдарын  пайдалану  әдістері  мен  түрлерінің  жүйесі;  пәнаралық 

байланыс  материалдары  туралы  бастауыш  сынып  оқушыларының  ғылыми 

түсініктерінің  негізін  қалау;  оқушыларлың  ғылыми  дүниетанымын 

қалыптастыру  үшін  қолданылатын  тиімді  әдістер  мен  жаңашыл  тәсілдерді 

оңтайлы пайдалану. 

Диссертациялық  жұмыстың  мaқсaт-мiндеттеpiне,  ғылыми  болжaмынa 

негiздей  отыpып,  жүpгiзiлген  ғылыми-зерттеу  жұмысымыздың  бapысындa 

жинaқтaлғaн мәлiметтеpдi тaлдaй келе, қоpытынды жaсaймыз. 

1.  Зеpттеу  барысында  философиялық,  педaгогикaлық,  психологиялық, 

ғылыми-әдiстемелiк  еңбектеpдi  талдап,  бастауыштың  жаңартылған  білім 

мазмұны жүйесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық 

шарттарының ғылымы-теоpиялық негiздеpi aйқындaлды. 

2.  Жаңартылған  білім  мазмұны  жүйесінде  пәнаралық  байланысты 

жүзеге 

асырудың 

жолдарын  бөлімдер 

және  оқулықтардың  оқу 

материалдарын  топтастыруға  негізделген  ортақ  тақырыптар  арқылы  жүзеге 

асырудың нобайы жасалды. 

3. 

Тәжipибелік-экспериметтік  жұмыстapдың  нәтижесі  бойынша 



жаңартылған  білім  мазмұны  жүйесінде  пәнаралық  байланысты  жүзеге 

асырудың  педагогикалық  тәжірибедегі  тиімділігі  дәлелденіп,  негiзгi 

бaғыттapы, жолдapы жайында әдістемелік қорытындылар жасалды.   



4. Эксперименттік жұмыстың нәтижелері өңделді, зерттеу жұмысының 

болжамы расталды. 

5. Бүгінгі бастауыш білім беру кезеңіндегі оқушылардың жаңартылған 

білім  мазмұны  негізінде  жүзеге  асырылатын  бөлімдер  мен  оқулыққа 

бағытталғын  ортақ  тақырыптар  аясында  жеке  пәндердің  сабақтарында 

пәнаралық байланыс пайдалану – оқушының білім алуға деген ынта-ықыласы 

мен  қызығушылығын  арттырады,  олардың  өзіндік  құзыреттіліктерінің 

дамуына  өзек  болып,  ықпал  жасайтын  тиімді  жолдардың  бірі  ретінде 

маңыздылығы ашылды, дәлелденді.  

Қорыта  келгенде,  білім  берудің  қазіргі  таңдағы  пәнаралық 

байланыстың  педагогикалық  тәжірибеде  тиімділігі  мен  артықшылығы  бар 

және  жаңартылған  білім  беруді  жүзеге  асыратын  бағдарламада  толығымен 

қамтылған,  ал  оның  жүзеге  асырылуындағы  әрекеттерге  мұғалімнің  жеке 

шығармашылдық ізденістері мен ғылыми-әдістемелік дайындығының кәсіби 

деңгейде  жоғары  болуын  талап  ететін  педагогикалық  құбылыс  деп 

негіздегіміз келеді.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет