Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі диссертациялық
зерттеудің теориялық негізде дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми
аппаратқа сәйкестілігімен, қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес қажетті әдіс-
тәсілдерді кешенді пайдаланумен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының
жоспары жүйелілігімен, алынған зерттеу нәтижесінің нақтылығымен,
дәйектілігімен, сенімділігімен сипатталады.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен енгізу: Зерттеу
нәтижелерін сынақтан өткізу педагогикалық эксперимент жұмысын
жүргізу барысында жүзеге асырылды. Зерттеудің негізгі бағыттары мен
нәтижелері Республикадағы халықаралық конференцияларда – екі (2), ал,
шетелдік халықаралық конференцияларда – екі (2), 4 (төрт) мақала –
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі туралы Ереженің 16 – тармағының 121 тармақшасына сәйкес
уәкілетті орган бекітетін ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау
үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми
басылымдарда жарық көрсе, екі (2) мақала – халықаралық ақпараттық
компаниясының деректер базасында индекстелетін Scopus (Скопус)
журналында жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |