«Жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбек» пәнін оқыту әдістемесі» пәні



Pdf көрінісі
бет3/41
Дата15.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#131825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Жаңарт мазм Көркем еңбек лекция. docx

 
Лекция мақсаты: 
Бастауыш мектептегі «Кӛркем еңбек» пәнін оқытудың 
мақсаты мен міндеттері, мазмұнымен танысу, оқыту әдістері, құралдары, 
ұйымдастыру формаларына шолу жасау.
 
Қарастырылатын негізгі сөздер: «
Кӛркем еңбек» пәнінің мақсаты, 
міндеттері мен әдістері, құралдары, оқу-әдістемелік кешен. 
 
Бастауыш мектепте «Кӛркем еңбекті» оқытудың мақсаты – баланың 
ӛзінің пәндік шығармашылық іс-әрекеті арқылы әлемді тану үдерісінде ӛзін-
ӛзі дамытуға ұмтылатын тұлғаны дамыту.
Міндеттері: жалпы мәдени ой-ӛрісін кеңейту, шығармашыл тұлғаны 
дамыту, оның сапалық та біліктілік қасиетін қалыптастыру, алдына мақсат 
қоя білетін, мұғалім қойған не туындаған проблемаларды табатын және 
шешетін, ӛзінің ойын іске асыру үшін тиісті құралдарды таңдай алатын, 
ӛзінің тәжірибесін түсінетін және бағалайтын, ӛзінің сӛйлеу мәнері мен 
эстетикалық талғамын үйлестіре білетін, адамның материалдық бейнесіндегі 
әлеуметтік-эстетикалық 
арман-мұратының 
жетістігі 
ретінде 
ӛнер 
туындыларымен 
жалпы 
таныстыру, 
эстетикалық 
тәжірибесі 
мен 
технологиялық білімін, білігі негіздерін баланың түпкі ойының практикалық 
түрде іске асыру негізінде қалыптастыру. Бұл міндеттер баланың кӛркем 
шығармашылық іс-әрекеті арқылы ӛз бетінше дамуын және жеке тұлға 
ретінде дамуын қамтамасыз ететін жалпы мәдени білімін іске асырады.
―Кӛркем еңбек‖
 
пәнінің мазмұны бағдарлама арқылы жүзеге асады. Оқу 
бағдарламасы – ол мемлекеттік құжат. Осы құжатты басшылыққа алып, 


мұғалім жылдық, тоқсандық, апталық және жеке сабақ жоспарларын 
жасайды.
Бастауыш сынып оқушылары кӛркем еңбек сабақтарында үлгі, 
техникалық суреттер, эскиз, сызба, техникалық карталарды пайдаланып, 
түрлі бұйымдар жасайды. Әуелде, олар жазық сонан соң кӛлемді бұйымдар 
жасап үйренеді. Тақтаға ілінген кӛрнекі құралдарды мұғалім оқушылармен 
бірге талдайды. Мұғалім тек еңбек операцияларының ретпен орындалуын 
ғана кӛрсетіп қоймай, сонымен бірге еңбек операцияларының қалай 
орындалу әдіс-тәсілдерін түсіндіреді. 
Жаңартылған білім беру аясында дүниеге келген «Кӛркем еңбек» пәнін 
оқытуда білім беру ұйымдары оқушылардың қалай «білім алуды үйрену» 
керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, 
зерделі, дамыған шығармашыл тұлға болу қағидасын ұстанады. 
Құндылыққа бағдарланған тәсіл: 
1) оқу іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру, оның нәтижелерін алу 
мен пайдалану белгілі бір құндылықтар тұрғысынан іске асырылады; 
2) 
құндылыққа 
бағдарлану 

бұл 
белгілі 
құндылықтарды 
ӛзінің белсенділігіне бағдарламалық сапа ретінде таңдаған тұлғаның қабілеті 
(құндылықтарды 
бағдарлай 
алатын) 
сондай-ақ, 
ӛзінің 
жеке 
әлеуметтік мағыналы құндылығы ретінде сезіну және қабылдау қабілеті. 
Құндылықтың мағынасы белгілі қошаған ортада нәтижелі қызмет атқару 
үшін норманы қалыптастыру ортасында дағдысы, ӛмір салты және мінез-
құлықтың қалпы айқындалады; 
3) орта білім берудегі құндылықтардың идеялық негізі – «Мәңгілік ел» 
ұлттық идея құндылықтары болып табылады. Орта білім беру 
құндылықтары: қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, 
құрметтеу, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, ӛмір 
бойы білім алу болып айқындалған. 
Іс-әрекеттік тәсіл: 
1) 
оқушылар 
білімді
дайын
күйінде
емес, 
белсенді танымдық әрекеттің процесінде ӛздері меңгеру арқылы алады. 
Бұл оның ізденуін, интерпретациялауын, сараптауын, әртүрлі ақпарат 
кӛздерін жинақтауын және бағалауын, графикалық деректер және басқа да 
оқыту ресурстарын жобалайды; 
2) ұлттық дәстүрлерді, туған ӛлкенің тарихы мен табиғаты, 
қоршаған әлемнің түсінігін, оқушылардың заманауи материалдарын, 
техникаларын және технологиялары негізіндегі әртүрлі кӛркемдік 
түсініктерін шығармашылық жұмыстардың ӛзара әрекетінде білім берудің 
кіріктіру тәсілін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, оқушылар ӛзінің оқу іс-
әрекетінің мазмұны мен пішінін, оның нормалық жүйесін түсінеді, 
қабылдайды және сезінеді, жетілдіруіне белсене қатынасып, оның нәтижелі 
білімді, икемділігі мен дағдысының кеңінен қалыптасуына ықпал етеді.
Тұлғаға бағдарланған тәсіл: 
1) тұлғаға-бағдарланған тәсілдеменің мақсаты- оқу үдерісінің 
дараландырылуы, 
үйлесімді 
қалыптасқан
және
жан-


жақты дамыған оқушының тұлғасы болып табылады. Оқу үдерісінде, 
жекелеген 
ерекшелігінің 
даму 
әлеуеті
мүмкіндігінде
оның 
шығармашылық қабілеті ашылады. 
Деңгейлеп оқыту тәсілі: 
1) 
оқушылардың 
ерекшеліктерінің 
негізінде 
оқу 
топтарына 
әртүрлі мүмкіндіктер туғызатын мамандандырылған оқу үдерісі болып 
табылады. Деңгейлеп оқыту тәсілдемесі арнайы дайындалған құралдардың 
кӛмегімен және деңгейлеп оқыту белсенділігінің әртүрлі топтағы 
оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдісі кіреді; 
2) деңгейлеп оқыту жұмысын ұйымдастырудың шарты күрделілік 
жағынан, 
танымдық 
қызығушылығы 
жағынан, 
оқытушының тарапынан кӛмек кӛрсету жағынан айырмашылығы 
бар деңгейлік тапсырмаларды қолдану болып табылады. 
Білім алудағы коммуникативті тәсіл
 
- екі немесе одан да кӛп адамдардың 
арасындағы сӛйлесім әрекетінде, қабілеті және дағдысы процесіндегі ақпаратты 
хабарлау және білімдерімен алмасуы. Басқа қатысушылармен сұхбаттасу қарым-
қатынасы үдерісінде тіл арқылы ойларымен және идеяларымен алмасу 
жолында сұхбаттасуды жүргізу қабілеті болып есептеледі. Оқушылардың 
сын тұрғысынан ойлау және ӛз бетімен жұмыс істеу мақсатында оқу барысында 
алдын ала таңдалып алынған байланыс құралдарын пайдалану. Жеке және 
топтық жұмыс барысындағы оқу үдерісінде коммуникативтік тәсілге қатысты 
сұхбаттасу дағдысын қалыптастыратын, ӛзінің және ӛзгелердің шығармашылық 
жұмыстарына сараптау және бағалау жұмыстарын жүргізетін тапсырмалар 
енгізіледі.
Кӛркемдік-технологиялық тәсіл: 
1) Оқушылардың немесе оқушылар тобының оқу-танымдық іс-әрекеті 
құралдармен материалдардың қасиеттері, композициялық заңдылықтары, 
түстану негіздері, құрастыру және модельдеу, кӛркем еңбек нысандарын 
дайындаудың технологиялық реттілігі туралы білімдерін шығармашылық 
ӛнімге айналдыру үшін бастапқы материалдарды қайта ӛңдеп қолдануға 
бағытталған; 
2) үйлесімді 
әдістермен 
және кезеңдік 
әрекеттерде, нақты 
тәсілдермен безендіріліп айқындалған шешімдері және нәтижелері жалпы 
мақсатпен сипатталады. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану: 
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану 
құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және 
қарым-қатынаста технологияларды сенімді және шығармашыл түрде қолдана 
білуін қамтамасыз етеді; 
2) оқушылар ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, 
мәліметтерімен, ой түйіндерімен бӛлісе және алмаса отырып, құрал-
жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану, ӛз жұмысын 
жүзеге асыру арқылы білім беру бағдарламаларының барлық пәндері 
бойынша ӛздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады; 
3) «Кӛркем еңбек» пәні бойынша оқу бағдарламасында: 


кӛркем 
жұмыстарын 
жасауда 
компьтерлік-сандық 
технологияларды қолдану; 
Интернеттен және дерекқордан ақпараттар іздеу (сандық және 
интернеттен алынған дәйектерді маңызына қарай табу, таңдау, ӛңдеу);
белгілі мақсаттар және нақты аудитория үшін түрлі дереккӛздерінен 
алынған материалдар кіретін слайд презентацияларын жасау дағдыларын 
дамыту;
басқа оқушылармен шығармашылық жұмыс жасау үшін ақпарат алмасу, 
хабарлама жіберу, ынтымақтастық құру; 
белсенді оқытуға техникалық қолдау жасау үшін интерактивті тақтаны 
пайдалану. 
Берілген тәсілдерді жүзеге асыру: 
1) олардың әрі қарай дамуы мақсаты үшін әр оқушының
ойын
құрметтеу
және
осыған
дейінгі 
алған
білімі 
мен түсінігінің маңыздылығын мойындау; 
2) 
мұқият
таңдалған
тапсырмалар
мен
іс-
әрекет түрлерінің кӛмегімен оқушылардың уәждік және дамыта 
оқытылуы; 
3) 
оқушыларға 
түсінікті 
мысалдардың 
негізінде 
стратегиялық мәселелердің шешімдерін моделдеу; 
4) 
оқушылардың 
жеке, 
топтық 
және 
ұжымдық 
іс-
әрекеттерін ұйымдастыру; 
5) 
«оқыту 
үшін 
бағалау» 
арқылы оқушылардың білім алуына қолдау кӛрсету; 
6) шығармашылық орта құру мақсатында әртүрлі тәсілдермен оқытуды 
дифференциациялау; 
7) пәнаралық байланыстарды дамыту және қолдау; 
8) 
оқушылардың зерттеушілік әрекеттеріне негізделген белсенді білім алуын
мадақтау; 
9) шығармашылық іс-әрекеті үдерісіне белсенді қатысу: оқу іс-әрекеті 
процесіндегі шығармашылық жұмыстарын бағалау және талдау, құру, 
бақылау зерттеу, жүргізу;
10) оқушылардың бойындағы сын тұрғысынан ойлау, ӛзін-
ӛзі бағалау және бір-бірін бағалау қабілетін дамыту; 
11) оқушылардың шығармашылық әрекеттерін одан әрі ынталандыру 
үшін идеялары мен жұмыстарына презентация жасау (ұсыну) арқылы іске 
асырылады. 
3.
Бастауыш сыныптардағы «кӛркем еңбекті» оқытуды ұйымдастыру
Оқушыларды еңбекке политехникалық негізде дайындау. 
Бастауыш сыныптарда еңбекке баулу және политехникалық дайындық 
процесінде білік үшін негізгі топтардан қалыптасады: 
-политехникалық білік /ӛлшеу, есептеу, графикалық, техникалық / 
-жалпы еңбек білігі / ұйымдастыру, констукторлық, болжамдық / 


-арнайы еңбек білігі, ӛлшеу, ӛңдеу, жинақтау, дайындау т.б. 
Оқушылардың білігін қалыптастыру, практикалық /сарамандық/ іс-
әрекеттер түрлеріне байланысты. Сондықтан біліктің негізінің әдістемесін 
қалыптастыру, олардың іс-әрекеттерін және түрлерін білу қажет. 
Еңбек процесінде оқушылар политехникалық біліктерді игереді: ӛз 
жұмыс орнын дұрыс жабдықтау, белгілеу, ӛлшеу, ӛңдеу операцияларын іске 
асыру. Ӛз жұмысын ӛздігінен бақылай алу. 
Кӛркем еңбек сабақтарында оқушыларға кӛбіне нақтылы тапсырма беру 
қажеттігін байқатты, бұл ерекшелікті ұдайы естен шығармау керек. Басқа 
пәндермен байланыстыра отырып, ана тілі сабағында олар шығарма жазса, 
математика сабағында үйдің бӛлшектерінің санын біледі. Сӛйтіп кӛркем 
еңбек сабағында оның суретін салып, тапсырма басқа пәндер арқылы 
интеграцияланады. 
Кейбір бастауыш сынып мұғалімдері кӛркем еңбек сабақтарының 
күнтізбелік-тақырыптық жоспарын блок жүйесімен құрады. Кӛркем еңбек 
сабақтарында біз түрлі материалдармен жұмыс жасағанда олардың ӛңдеу 
әдіс-тәсілдерін, құралдармен тиімді жұмыс жасай алуларына аса кӛңіл 
бӛлеміз. Сондықтан кӛркем еңбек жоспары алмастырылып берілгені 
ыңғайлы. Жұмысты сапалы атқару үшін баланың орны ӛз жас ерекшелігіне 
сәйкес болады. 
Кӛркем еңбек сабағын дұрыс ұйымдастыру үшін ең әуелі оқушыны ӛз 
жұмыс орнын дайындауға дағдыландыруға кӛңіл бӛлінеді. Сабақтың сапасы 
түгелімен мұғалімнің құрған жоспарына байланысты.
Кӛркем еңбек пәні политехникалық бағытта пәнаралық байланысқа 
негізделуі керек. Оқушылар басқа пәндерден алған білім, іскерлігін кӛркем 
еңбек сабақтарында пайдаланады, елес, түрлі образ, түсінік, басқа 
сабақтарды талдау, қорыту процесі кезінде негіз болады. Қорыта айтқанда 
«Кӛркем еңбек» пәні дерлік барлық пәндермен байланыста жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет