Қорғалжын қорығының мақтанышы, визит
карточкасы, қорық эмблемасы
Түсі – ақ, қызғылт
Тұмсығы – ұзын,
төмен қарай иілген, екі жақ жиегіндегі тілімделген «тісшелері» қоректену кезінде сүзгіштік қызмет атқарады.
Биіктігі – 1,5 метр
Салмағы – 1,9 кг-4,4 кг
Қанатының ұзындығы – 160-170 см
Бір қанатының ұзындығы – 39 см
Құйрығы – 14 см
Ұясы –
конус тәрізді, тұнба саздан немесе құмнан жасалады
Көбеюі – 1-2 жұмыртқаны қоразы мен мекиені 1 айдай кезектеп басады
Қоректенуі – шаянтәрізді, ұлулармен,балдырлар, су
өсімдіктері
Тіршілігі – суы таяз, әрі тұзды су айдындарында
Қоныстануы – Қазақстанға наурыз-сәуір
айларында ұшып келіп, қазан-қарашада Иран, Ауғанстан, Пәкстан
аумағына қоныс аударады
Мекені – Қазақстанда Теңіз, Шалқартеңіз көлдері мен Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Үлкен
және Кіші қаракөлде мекендейді, шет елде АҚШ-тың, Ұлыбританияның,
Швейцарияның, Германияның зоол.бақтарында қолда өсіріліп көбеюде.
Қорғалуы – Қорғалжын қорығында, «Қызыл кітабына» енгізілген.