Жағдаят тақырыбы «Шындық» Жағдаят мәтіні


Жағдаятты шешудің негізгі жолдары



бет7/8
Дата06.09.2022
өлшемі32,17 Kb.
#148804
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Педагогикалық кейстер 7

Жағдаятты шешудің негізгі жолдары



1. Баланың мұндай мінез-құлқының пайда болу себептері мен деңгейін анықтау үшін эмоциялық тұлғалық ерекшелігіне психолого-педагогикалық диагностика жүргізу;
2. Тұрмыстық ойындар ұйымдастырып оның мінез құлқын сырттай бақылау;
3. Ата- анамен баланың өзара қарым- қатынасын жақсарту үшін баланың тұлғалық ерекшелігін есепке ала отырып төмендегідей ұсыныстар беру: отбасындағы талаптарды бірдей сақтау; тәрбие беру стратегиясын бір ізділікте таңдау және сақтау; отбасында жағымды эмоциялық ахуал орнатып және ұстап тұру; балаға өзінің ашу ызасын әлеуметтік қолайлы амалдармен жеткізе білуге үйрету; физикалық, эмоциялық жазалау тәсілдерін доғару; бала тәрбиесі мен отбасы мүшелерінің ролі жайында әжесімен әңгіме жүргізу;
5. Тәрбиеші баланың бойында әлеуметтік қолайлы формадағы мінез құлқын қалыптастыруда кейбір жағдайларда оның да ұтылып қалатын ойындарды ұсына отырып, мінез құлықтың басқа да рекациялары бар екендігіне көз жеткізіп, өзінің қателігін сезінуге ықпал ету.


Кейс №7

Жағдаят тақырыбы

«Ата- ана және бала»



Жағдаят мәтіні

Асылзат, 13 жаста, 7 сынып оқушысы. Анасы оның тыңдамайтынын, демонстративті мінез құлық көрсететінін айтып шағымданды.
Анасы мен әңіме барысында әкелері бір жыл бұрын отбасынан кетіп қалған екен (кездесуге әкесі онша ынтызарлық танытпайды). Болып жатқан жағдайға анасын кінәлайды. Басында анасымен қарым - қатынасы өте жақсы болатын, бірақ 1,5 жыл бұрын анасы мен қызының арасына сызат түсті. Асылзат өзіне жақсы орта тауып алғанымен анасы олардың жүріс - тұрысы мен іс – әрекеттерін ортаға жағымсыз деп есептейді. Сол ортасындағылар сияқты киім үлгілерін киіп, анасын тыңдаудан қалды (көше биімен де айналыса бастады).
Мектеп бағдарламасына үлгереді, жақсы оқиды. Анасы оның көше биін үйренуіне қарсы ол қыз балаға лайық емес деп есептейді.
Сынып жетекшісінің жазған мінездемесі бойынша жауапкершілігі зор болғанымен күмәншіл: өзінің ой пікірін қорғай алмайды, басқалардың сөзіне еріп кетеді. Әкесі отбасынан кетіп қалған соң оның оқуға деген мотивациясы төмендеп, көңіл күйі де бәсеңдеп қалды. Ұстаздарымен сыныптастарымен жанжалға түспейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет