Жайсан орта мектебі «Бекітемін» «Келісілді» Мектеп директоры: дтіжо: Е. Н. Абуев С. С.Үмбетова



бет4/15
Дата11.09.2020
өлшемі109,96 Kb.
#77761
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2-сынып тәрбие

Ата – аналармен жұмыс



Ата-аналар кеңесін құру

Сабақтарға қатысуларын ұйымдастыру

Оқушылардың отбасымен байланыс жасау



Оқушылар арқылы хабарласу

Ата – аналар жиналысы

Ата – аналарға арналған семинар, сауалнамалар, т.с.с


Отбасындағы тәрбие – мектеп айнасы

Ата–аналардың бала тәрбиесіндегі міндеттері


  1. Балалар бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды жақсы сіңіруі үшін ең алдымен ата-ананың өзінің үлгі болуы.

  2. Оқушы мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге және өзге оқушыларға құрметпен қарауы керек, мұғалімдердің талаптарын мойындамау қоршаған ортасы мен айналасындағыларды сыйламау, ақылға сыйымсыз қылықтар көрсету, ұжым ынтымағын бұзу, тағы басқа келеңсіздіктер оқушыны тәртіпке шақыруға негіз болады.

  3. Отбасында салауатты өмір салтының қатаң сақталуы - бала жүрегінің жастай жаралануына жол бермеу.

  4. Бай әдеби мұраларды пайдаланып ата-баба салтының ең ұтымды тұстарын бала тәрбиесінде кеңінен пайдалану.

  5. Мектеп мүлкін таза ұстау, сағыз, шемекі, қағаз, тағам қалдықтарын шашу сияқты жат қылықтардан бас тартқызу. Әр оқушының мектепке екінші үйіндей көзқараспен қарауына екі жақтан бірігіп тәрбиелеу.

  6. Балаларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету.

  7. Оқушының себепсіз сабақты қалдыруына жол бермеу, жіберген жағдайда тәртіпке шақыру қажет.

  8. Баланы сабақтан сұрап алуға, не болмаса сабақ үстінде шығарып алуға тиым салынады. Ал белгілі себептерге байланысты оқушыны сұрап алатын жағдайда мектеп директорының атына арыз жазып тапсыру міндеттеледі.

9. Бала ауырып, не басқалай себептермен сабаққа бара алмайтын жағдайларда қоңырау шалып, сынып жетекшісіне, не болмаса мектеп әкімшілігіне хабарласуы керек, кейіннен себебін анықтайтын дәрігерлік анықтама алып, сынып жетекшісіне тапсыру қажет.

  1. Жіберген сабақтарды оқушы өз бетімен оқып меңгеруі тиіс. Меңгеру қиындық келтірген жағдайда мұғалімнен қосымша көмек сұрауға болады.

  2. Балаларының сабаққа кешікпеуін қадағалау.

  3. Баласының сабақтарына, тәрбиелік іс-шараларға қатысып тұру.

  4. Балаларының жеке бас тазалығына қамқорлық жасау.

  5. Баласының денсаулығына жете көңіл бөлу, қажет болса нығайту.

  6. Мектеп асханасында ыстық тамақ ішуіне қаражат бөлу.

  7. Түнгі уақытта көшеде жүруге жол бермеу.

  8. Жолда жүру ережесін жиі ескертіп, сақтықтың қажеттілігіне назар аудару.

  9. Мәдени демалыстар үшін қаражатпен қамтамасыз ету.

  10. Оқу жылы бойында балалармен бірге жүргізілетін қоғамдық жұмыстарға қолдан келгенше араласу.

  11. Сынып жетекшісімен жиі байланыс жасап, балаларының күнделіктерін тексеріп, пікірлесіп, сабаққа дайындалуына көмектесіп біріккен ынтымақта жұмыс жасау.

  12. Балалардың жеке басын сыйлау, отбасында түсініскен атмосфера орнату.

  13. Үйде баланың оқуына қажетті жағдай туғызу.

  14. Оқушының мектеп ережесіне сай киім үлгісінде киінуін қамтамасыз ету, қадағалау.

  15. Мектеп қабырғасында оқушыларға қымбат ұялы телефон және қымбат бұйымдар (алтын алқа, жүзік, сырғалар) алып келуге болмайтынын түсіндіру және қадағалау. Жоғалған жағдайда мектеп ұжымы жауап бермейтінін ескерту.



Тәртіптілер қор болмайды,

Тәртіпсіздер ел болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет