Осы «Оқушы ережесін» орындап жүрсең, еліңе елеулі, халқыңа қалаулы Адам болатыныңа біз сенеміз.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды
(2019 жылғы 14маусымдағы №5 хаттамасы)
2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының
жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін
ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқаухат
Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2019ж.
Оқушылардың күнделіктерін тексеру туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Күнделік – оқушының мектептегі негізгі құжаты.
1.2. Күнделік 2 – 11-сыныптарда жүргізіледі.
1.3. Күнделіктің негізгі міндеті – ата-аналарды және оқушыларды келесі мәліметтер туралы хабардар ету болып табылады:
- мектеп әкімшілігінің құрамы;
- сыныпта сабақ беретін педагогтер;
- аптадағы және тоқсандағы сабақ пен қоңырау кестесі;
- үйірмелер, секциялар, факультативтер кестесі;
- үйге берілген тапсырмалар;
- оқушылардың ағымдық және қорытынды үлгерімі;
- босатылған сабақтар және кешігулер;
- ескертулер мен марапаттар.
Достарыңызбен бөлісу: |