Жакаева к. А. Жакаева с. А «музыка пəнін оқыту əдістемесі»



бет43/47
Дата13.09.2022
өлшемі149,31 Kb.
#149337
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Жакаева К.А. Музыка пәнін оқыту әдістемесі

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ





  1. Балалар дауысының тəрбиесі» еңбегінің авторы

А.А.Жұбанов

    1. С.Ұзақбаева

    2. М.Балтабаев

    3. Ə.Нұғманова

    4. Ө.Байділдаев
  1. Қазақстанда Д.Б.Кабалевскийдің бағдарламасы бойынша эксперименттік жұмыстың жүргізілген жылы


A. 1977
B. 1974
C. 1980
D. 1979
E. 1978
  1. Бастауыш сынып оқушыларына тəн психологиялық-педагоги- калық ерекшеліктер


  1. Зейінділік, ынталылық

  2. Халық музыкасына қызығушылық

  3. Өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылыс

  4. Теңеуге, салыстыруға бейімділік

  5. Анық қиялдауы, ойынға бейімділігі
  1. Қазақ мектептеріне арналған музыка бағдарламасының авторла- ры (Д.Б.Кабалевскийдің жүйесі бойынша)


  1. Б.Ғизатов, Р.Жəрдемəлиева, Г.Қарамолдаева

  2. М.Балтабаев, Т.Дауметов жəне т.б.

  3. С.Ұзақбаева, Ө.Спанов

  4. Т.Қышқашбаев жəне т.б.

  5. Ш.Б.Құлманова, Б.Р.Сүлейменова, М.А.Оразалиева



  1. 5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Негізгі музыкалық аспап (фортепиано, баян, домбыра, қобыз)» пəнінен I- ші Республикалық студенттік пəндік олимпиадасының өткен жылы


A. 1989
B. 2009
C. 2003
D. 1990
E. 2015
  1. «Музыка туралы əңгіме» еңбегінің авторы


  1. Л.Арчажникова

  2. О.Апараксина

  3. Д.Кабалевский

  4. Б.Асафьев

  5. И.Ветлугина
  1. Жалпы білім беретін қазақ мектептеріне арналған


«Мұрагер»музыка бағдарламасының авторлары

  1. Ш.Құлманова

  2. М.Балтабаев, Б.Өтемұратова, Т.Дауметов

  3. Ө.Байділдаев

  4. Р.Жəрдемалиева, Г.Қарамолдаева

  5. А.Райымбергенов, С.Райымбергенова
  1. Мектепте сыныптан тыс музыкалық жұмыстар бойынша ұйымдастырылатыншаралар


  1. Хор, əн, оркестр үйірмелерін

  2. Музейге саяхат

  3. Еңбек ардагерлерімен кездесу

  4. "Ертегілер елінде" атты кеш

  5. "Менің сүйікті кейіпкерлерім" диспут
  1. «Балаларға эстетикалык тəрбие берудегі халық дəстүрі» еңбегінің авторы


  1. А.Райымбергенов

  2. С.Ұзақбаева

  3. К.Қуатбаев

  4. Ə.Еспаев

  5. Ə.Нұғманова
  1. «Қазақтың əншілік өнері» еңбегінің авторы


  1. И.Нүсіпбаев

  2. Н.Тілендиев

  3. Р.Дүйсембінова

  4. А.Жұбанов

  5. Ə.Нұғыманова
  1. Ш.Б.Құлманованың басшылығымен жасалған бағдарлама бойынша музыка сабағының ІІІ-ші сыныбының ІІ-ші тоқса- нының аты


  1. Аққу

  2. Ақыл, нақыл өсиет

  3. Музыканың күші

  4. Айтыс өнері дегеніміз не?

  5. Тұлпар
  1. «Қазақ халық композиторларының өмірі мен творчествосы» кітабының авторы


  1. И.Нүсіпбаев

  2. А.Жұбанов

  3. Ө.Байділдаев

  4. М.Əуезов

  5. Н.Тілендиев
  1. «Өміршең өнер өріс» еңбегінің авторы


  1. Ө.Байділдаев

  2. Н.Тілендиев

  3. С.Ұзақбаева

  4. А.Жұбанов

  5. М.Маңғытаев
  1. Оқушылардың музыкалық тəрбиесімен айналысқан Қазақстан- дағы жаңашыл-педагог


  1. С.Ұзақбаева

  2. А.Райымбергенов

  3. У.Бекенов

  4. Ө.Спанов

  5. Б.Ғизатов
  1. «Музыкалық тəрбие – музыкантты тəрбиелеу емес, ең алдымен адамды тəрбиелеу» деген қанатты сөздің авторы


  1. Ю.Б.Алиев

  2. В.Сухомлинский

  3. Э.Б.Абдуллин

  4. К.Д.Ушинский

  5. Д.Б.Кабалевский
  1. «Бастауыш сынып оқушыларын қазақ халық аспаптық музыка- сына қызығу-шылығын қалыптастыру» еңбегінің авторы


  1. Б.Сүлейменова

  2. М.Оразалиева

  3. Р.Дүйсембінова

  4. С.Ұзақбаева

  5. К.Қуатбаев
  1. Ш.Б.Құлманованың басшылығымен жасалған бағдарлама мазмұнының ортақ тақырыбы


  1. Елім-ай

  2. Күй тартыс

  3. Аққу

  4. Қос арна

  5. «Əн-күй – халық қазынасы»
  1. 5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Негізгі музыкалық аспап (фортепиано, баян, домбыра, қобыз)» пəнінен ҮІI-ші Республикалық студенттік пəндік олимпиадасының олимпиадасының өткен жылы


A. 1989
B. 2009
C. 1990
D. 2003
E. 2015
  1. Балалар музыкалық аспаптарын сабаққа енгізудің мақсаты


  1. музыкалық іс-əрекет түрлерінің əртүрлігі

  2. оқушылардың музыкалық қабілеттерін арттыру, олардың музыкалық талға-мын байыту

  3. аспаптардың дыбысталуымен танысу

  4. суырыпсалмалыққа үйрету

  5. өнердің жақын түрлері, өзара араласуы
  1. «Мектепте музыка тəрбиесін беру əдістемесі» оқу құралының авторлары


  1. Жəрдемалиева Р.Р.

  2. Меңдіаяқова Қ.М., Қарамолдаева Г.Ж.

  3. Ахметова А.Қ.

  4. Бекмұхамедов Б.М.

  5. Исағұлова А.Ш.

ГЛОССАРИЙ




Анкета – бұл арнайы сұрыпталған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының логикалық құрылымы.
Абстракциялау (дерексіздендіру) – Оның екі түрі бар: Талдап қоры- ту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетін бөліп алу процесі.
Абай Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.) – қазақ əдебиетінің классигі, ұлы ғұлама ақын, ағартушы-педагог, композитор,өнерді аса жоғары бағалап, ерекше құдірет тұтқан адам.
А капелла– музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылатын көп дауысты хор немесе жеке əн.
Аспаптық музыка – жеке аспаптар – фортепиано, скрипка, виолон- чель, кларнет, домбыра, қобыз, гармонь, мандолинаға арналып жазылған концерт, вариация, фантазия, этюд, полонез, күй немесе вальс, полька, мазурка сияқты би музыкасы.
Ария – опералық музыкада əрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылатын əуен. Орыстың классиякалық опера музыкасында шығарманың идеясын ашып, бас кейіпкердің бейнесін беретін ұлттық тамаша ариялар бар.
Ахмет Жұбанов (1906-1968 ж.ж.) – қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, əйгілі сазгер, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнетану ғылымының докторы (1943), профессор (1948).
Əміре Қашаубаев (1888-1934 ж.ж.) – қазақтың атақты əншісі, өмірі- нің соңына дейін театрда əнші-артист болған.
Əн – үнділік, көркемдік қасиеттері бар əуеннен құралады.
Балет– көркемөнер жанрларының бір түрі. Балеттің идеялық жəне эмоциялық мазмұны бидің түрлі пластикалық қимылдары мен оркестрге арналған музыка арқылы ашылады.
Баркаролла– (италия тілінен қайық) қайықшылардың, балықшы- лардың əні.Өте салмақты, өлшемі көбінесе 6/8 (мысалы: «Венецианская ночь» М.Глинки, «Спит безмятежно моря», Моцарттың «Идоменей» деген операсынан алынған.
Би – өнердің бір түрі. Би əр халықта бар. Биді сүйемелдейтін музыка болады. Оны би музыкасы дейді. Би музыкасының əуені мен ырғағы биге лайық болады. Би концерттерде, мерекелерде, жиын- тойларда, сауық кештерінде биленеді.
Вариация – құбылту деген сөз. Вариацияда алынған негізгі əуен сақ- талады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отрады.
Вокалдық музыка – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке əншіге, хорға арналып жа- зылған музыкалық шығармалар.(Əн, романс, ария, опера, оратория, кан- тата т,б).
Вокализ – дауысты дыбыстардың көмегімен əуенді айту.
Жұмат Шанин (1892-1938 ж.ж.) –режиссер, драматург, актер, ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам жəне театр қайраткері, Қазақ ССР халық артисі (1931).
Жүсіпбеков Елебеков (1904-1977 ж.ж.) – қазақ кеңес əнші-артисі (тенор),қазақ ССР Халық артисі, Қазақ əдебиеті мен өнерінің онкүндігіне (1936-1949, 1958), сондай-ақ концерттік сапармен қытай халық республи- касында (1950, 1955), Монғол Халық республикасында (1960), Үндістанда (1967) болды. 1967 жылдан бері қазақ эстрада студиясында (Алматы) педагог.
Елубай Өмірзақов (1899-1974 ж.ж.) – қазақ кеңес актері, домбыра- шы-əнші, киноактер, ұлттық кəсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР халық артисі.
Қалибек Қуанышбаев (1893-1968 ж.ж.) – сахна өнерінің саңлағы, Кеңес Одағының халық артисі, қазақ жас кино өнерінің өсуіне үлес қосты. Кантата – (латын тілінен аударғанда Kantate – өлең айту). Ең басында аспаптық сүйемелдеу жалғыз дауысты айтылатын пьеса түрінде пайда болады. ХҮ–ХҮІ ғ.ғ. басқа еуропалықтар сияқты италияда кəсіби музы- калық қалыпта, үлкен полифониялық стильде дамыды. Контатада опера- дан кейін дамып кең ауқымды тарала бастады. Ол өзіндік ерекшелігімен қалыбы жағынан арниялық, мінезі жағынан речитативтік жағынан операға
жақын болады.
Камералық музыка – кішкене вокальдық немесе бірнеше музыкалық аспаптар ансамбльдері мен жеке аспаптарға немесе дауысқа арналып жазылған музыкалық шығармалар. Камералық музыкаға асапатық дуэт, трио, квартет, квинтет, сексетет, септет, октеттер жатады.
Композитор– өз жанынан музыкалық шығарма (опера, балет, əн, күй, т.б.) шығаратын адам.
Концерт– 1. алдын-ала жасалған программа бойынша музыкалық, əдеби, хореографиялық жəне сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау. 2. жеке музыкалық аспап пен оркестр үшін жазылған музыкалық шығарма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет