Жакаева к. А. Жакаева с. А «музыка пəнін оқыту əдістемесі»



бет44/47
Дата13.09.2022
өлшемі149,31 Kb.
#149337
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Жакаева К.А. Музыка пәнін оқыту әдістемесі

Құрманбек Жандарбеков (1905-1973 ж.ж.) – қазақтың тұңғыш ұлттық музыка театрының (1934 ж.., қазіргі Қазақтың Абай атындағы опера жəне балет театры) ірге тасын қалаушылардың бірі.
Күлəш Байсейітова (1912-1957 ж.ж.) – қазақтың əйгілі (лирикалық- коларатуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері.
Манарбек Ержанов (1901-1966 ж.ж.) – қазақ кеңес əншісі (тенор), актер, мелодист-сазгер. Қазақ ССР халық артисі. Қазақтың Абай атындағы опера жəне балет театрын ұйымдастырыушылардың бірі.
Музыкалық білім беру тарихы – музыканы оқытудың теориясы мен əдістемесінің мəселелерін тарихи аспектіде қарастырытын пəн.
Музыкалық тəрбие – ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең жəне тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында музыкалық іс-əрекетте жинақталған тəжірбиені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мəдениетін қалыптастыру.
Музыкалық білім – музыка өнерін танып-білудің негізін музыкал- дық білімнің келесі екі негізі құрайды: музыка өнері жөніндегі біртұтас ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін білімдер; нақты музыкалық шығармаларды қабылдауға көмектесетін білімдер.
Музыканы оқыту – екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұ- нын меңгерту бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдас- тырылып, мақсатты бағытталған өзара əрекеттестігі. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.
Музыкалық іскерлік – меңгерілген білім мен өмір тəжірбиесі негі- зінде музыка саласындағы теориялық жəне практикалық əрекеттерді сана- лы түрде нақты, дəлме-дəл орындауға даяр болу. Музыуканы оқытуда жалпы іскерліктер музыкалық шығарманы эстетикалық тұрғыдан қабыл- дауға байланысты анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет