Байланысты: Жакаева К.А. Музыка пәнін оқыту әдістемесі
Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыкадан бағдарлама. (құрас: Ш.Б. Құлманова, Б.Р. Сүлейменова, М.А. Оразалиева).
Музыканы қабылдайтын, басқа халықтардың өнеріне аса құрметпен қарайтын жəне классикалық музыканы түсінетін рухани бай, творчест- волық белсенді жетік жеке тұлғаны тəрбиелеу. Музыка өнер құралы ретінде эстетикалық тəрбие берудің маызды жолдарының бірі болып табылады. Ол көркем бейне арқылы оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңа ой-өрісін байытып, өмірлік тəжірибесін кеңейтеді. Ғылыми еңбектерге талдау жасау: өнертану, қазақ музыкасының та- рихы, музыкалық-педагогикалық жұмыстар жəне бастауыш мектеп оқу- шыларының физиологиялық, психологиялық даму жөнінде əдебиеттер, шет елдің алдыңғы қатарлы мзыкалық практикалық ойлары, сол сияқты бағдарлама авторларының көп жылдар бойы əн-күй пəн мұғалімі жұмысы барысында жинақтаған мол тəжірибелері бастауыш буыны баласының бі- лім дəрежесін анықтауға, қазақ халық музыкасына жəне дүние жүзілік му- зыка өнеріне оларды баулып, бейімдеуге ең сəтті де дұрыс жол табуға мүмкіндік береді. Бағдарлама мақсаты – музыка өнері арқылы рухани бай, творчества- лық белсенді, музыкалық дамыған, халық музыкасын өмірдің бейнесі ре- тінде түсініп жəне оны сүйетін,халқымыздың əдет – ғұрыптары мен салт- дəстүрлерін, қастерлеп класикалық музыканы жəне басқа халықтардың өнерін сыйлайтын жеке түлғаны тəрбиелеу. Бағдарламаның тəрбелік жəне білімділік міндеттері Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дəстүрлеріміз бен əдет -ғұрпымызды қастерлеуге тəрбиелеу, қазақ музыкасымен өнерінің өз ара байланысын ашып көрсету.
Классикалық музыкаға жəне дүне жүзінің музыка өнеріне жақын- дастыру, белгілі композиторлардың, музыканттардың орндаушылардың шығармашылғымен таныстыру, солардың үлгілеріне тəрбиелеу.
Музыка тыңдау жəне орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тəрбиелеу, қызғушылғы мен қиялын дамыту өмір құбылыстары мен музыканың өзара тығыз байланысың түсіндіру.
Орындаушылық жəне тыңдаушылық біліктілігін дамыту, музыканы түсінуге, дұрыс музыкалық талғамын қалыптастыру
Музыкалық қабілеттілігін дамыту жəне музыкалық білім беру.
Бағдарлама тақырыптық жүйемен құрлып, ондағы берілген жылдық жəне жарты жылдық немесе тоқсандық материяладарда бірізділік сақталған. Авторлардың негізгі ойы барлық сыныптарға ортақ бір тақырыпты қалдыру “ Əн-күй-халық қазынасы”. Осы тақырып 1-4 сыныптардың əрбі- рінің музыкалық матералдарынан көрініс тауып отыр, сол сияқты мақса- тымен міндеттері сəйкестендірілген. Сонымен қатар тоқсандық, жарты жылдық, жылдық өз алдына тақырбы белгіленген . жүйелікпен бірізділікті сақтап, келесі тоқсан жəне сыныппен байланыстыра отырып, негізгі атал- ған тақырыпты ашады. Бағдарламадағы музыкалық материал педогогиканың дидактикалық принциптері негізінде жəне музыкалық педагогикалық ескере отырып - алынды музыкадағы оқытудың тəрбелеушілік, білім берушілік, дамыту- лық принципінің бірлігі, ғылымилық принципі, музыкалақ оқытудың про- цесіндегі тиімді жолдар принципі, музыкадағы оқытудың беріктігін мен нəтижеге жету принципі. Бағдарлама күйлер мен əндерді таңдауда халық педогогикасына сүйенеді . Музыка сабағы музыкалық іс-əрекеттің негізгі түрлерін ескеріп бірлестік құралған, əн айту, музыка тыңдау музыкалық сауаттылық жəне басқа қосымша іс-əрекеттер, музыкалық ырғақтың, суырып-салмалық, суреттар суреттер салу т.б. Олардың тақырыптың жүйе бар. Бағдарлама- дағы музыкалық материалдар балалардың тереңірек жəне жан-жақты білуі, олардың өзара байланысын көріп, өмір бинесінің мəнін түсіну үшін таңдап алынған. Барлық сынып бағдарламасында əрбір сабаққа үлгі жоспар мен əдісте- мелік нұсқаулар берілген. Оның өзі мұғалімнің жұмысын жеңілдету үшін көмегін тигізеді. Бағдарламаға қоса хрестоматия, фоно хрестоматия беріледі. Сабақтың жоспары мен нұсқауларын бір сағатқа ыңғайланып құрыл- ған. Өйткені, мектептің көпшілігшінде жалпы оқу жоспары бойынша музыка сабағына аптасына бір сағаттан берілген. Бірақ осы бағдарлама мен екі сағаттың да өткізе беруге болады. Жылдық, тоқсандық жəне сабақ- тардың тақырптарын өзгеіссіз қалдырғанымен, сабақта үйретілетін əндер мен таңдалатын музыканы басқа мысалдармен ұлғайтатын мүмкүндігі бар.