Жакаева к. А. Жакаева с. А «музыка пəнін оқыту əдістемесі»


Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар



бет41/47
Дата13.09.2022
өлшемі149,31 Kb.
#149337
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
Байланысты:
Жакаева К.А. Музыка пәнін оқыту әдістемесі

Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар

  1. Д. Б.Кабалевскийдің«Музыка» бағдарламасы бойынша сабақты ұйым- дастыру жəне жоспарлау кезінде ескерілуі керек негізгі ережелерді кеңейтіңіз.

  2. Д. Б. Кабалевский əзірлеген оқыту жиынтығын сипаттаңыз.

  3. Музыкадағы оқу бағдарламаларының тақырыптық құрылысына автор- лық топтардың жалпы жəне нақты тəсілдерін кеңейтіңіз.

  4. Өзіңіздің таңдалған тақырыптарыңыздың біреуі үшін таңдалған музы- калық оқу бағдарламаларының бірі үшін музыкалық сабақ жоспарын жасаңыз.

8 ТАРАУ. Шетел зерттеулеріндегі музыканы оқытудың əдістемелік мəселелері




Шетел мемлекеттерде, музыка тəрбиесіне көзқарастары халықтар арасында бірдей болды. Сонмен қатар əр мемлекеттің өзіндік ерекшелік- тері бар, спификасы, толық ұлттық мəдениеттілік ерекшеліктер. Мектеп балаларының музыка тəрбиесі басты мəселе болып, мемлекеттік іс болған жəне адам, жаңа тұлға дайындау мəселесі болып шешілді.
Музыка тəрбисінде барлық мемлекеттер мен қарым – қатынас жасау (конкуренциялар, əдістемелер мен алмасу, балалар ұжымымен барып орындау, оқытушылардың) жеке қарым-қатынастары үлкен орын алған.
Теориямен практикада музыка тəрбиесінде Золтон Кодай мен Карл Орфтың жасап шығарған əдістемелері үлкен міндет атқарды.Үлкен жұмыс нəтижесін Венгрия халқы алды.Венгрияның жалпы білім беретін мектеп- терінде əр аптада екі сағаттан музыкадан сабақ беріледі. Сонымен қатар 90 шамалы мектепте музыка сабақтары басым, музыкалық бағытта жүр- гізіледі.
2-8 сыныптарда күн сайын екі сағат музыка сабағы баріледі, ал бі- рінші сыныпта аптасына алты сағат. Бесінші сыныптан жоғары атасында төрт сағат беріледі де оқушыла бірінші сыныптан бастап, кішкене келген флейтада ойнауды үйренеді. Үшінші сыныпта түрлі басқа музыкалық аспаптарды ойнады үйретеді.
Төртінші сыныптан бастап, балалар ансамбльдерде, оркестрлерде ойнай бастайды. Бұл мектептердегі ерекшелік мұндағы барлық балалар музыкалық аспаптарды үйренуі қамтамасыз етеді, оқушылардың сабақ үлгеруі басқа мектептердің сабақ үлгерімінен анағұрлым артық екендігі көрінеді.
Жастарға музыкалы-эстетикалы тəрбие беру ісіне көп еңбек сіңірген оқулықтар, ғылыми-методикалы нұсқаулар жазған венгер композиторы профессор Золтан Кодай. Музыкалық қабілетті тəрбиелеуде венгерлік системаның өзіндік бағыты бар. Мұнда музыкалы тəрбиенің өзегі болып өзгермелі-До тоникасы алынған.
Бастапқы кезде оқушылар тек До-мажордан басқа ештеңе үйретіл- мейді де, басқа биіктіктегі мелодиалардың дыбыс қатары, жоғары-төмен болғанымен, До-мажор дыбыс қатарымен айтылады. Өзгермелі До-тұрақ- ты дыбыс системасы алғашқы музыка əліппесін үйренерде пракиткалық пайдасы мол. Өзгермелі жоғарылықтан дəл жоғарылықққа көшу аса қиындыққа соқпайды. Европа елдерінің біразында музыкалық дыбыстар тек əріпті аттарымен аталып жызылады да С,Д,Е,Ғ,С,А,Н. Ал До,Ре,Ми, Фа,Соль,Ля, Си, деп жеті қатарлы дыбыстарды ғана айтады. Сонымен қатар əр дыбысты сол қимылмен көрсетеді. Венгер мектептерінде де
біздің музыкалық тəрбие секілді музыкалық саздық биіктеріне тəрбиелеу жағына баса көңіл бөлінеді. Қорытып айтқанда венгер мектептерінің жастарға музыкалы эстетика саласында тəрбие беру мəселесінде үлкен жетістіктерге жеткені мəлім.
Болгарлық жолдастардың да музыкалы тəрбие жағы соңғы 35 жыл- дың ішінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың музыкалық тəрбие мəселесінде негіз етіп қолданылатын белгілі музыканты Борис Тричков- тың «Столбицы» – «сатылау» деп атайтын система бойынша жүргізеді.
«Столбица» – сатылау деп музыкалық сауаты жоқ жастарға арнап шығар- ған көрнекті құралды айтады. «Столбица» – системасының мақсаты музы- кадан алғашқы сауат беріп, нота сауатын тез таныту. Бұл система бойын- ша нота сызығының қажеті шамалы,басқыштардың биіктігіне сызықтар жəне нотаның аттары жазылады.
Болгария мектептерінде, оқушылар сарайында əн-музыканың жоға- ры сатыда екені 1968 жылы Москвада өткен одақтық музыкалы-эстетика жөнінде болған конференцияда байқалған еді. Осы конференцияда жаса- ған баяндамаснда халық артисі, Георгий Дмитриев атындағы Пионер Сарайының «Бодрая смена» атты балалардың қорстудиясының бас дирижері Бонцо Боцев. Бұл жөнінде едəуір тиімді пікір айтты. Оның алып келген оқушылар мен жастардан құралған төрт дауысты хор ұжымының орындалуындағы халық əндері, болгар композиторларының шығармала- рымен Моцарттың «Бесік жырын» асқан шеберлігімен орындаған шығар- маларын бүкіл конференцияға қатысушылар шын ниетімен тыңдап үлкен ризалығын білдірді. Бұл балалардың жас өнер коллективі өзінше жеке гастрольге шығып, Москва, Варшава, Дюселдорф, Берлин, Прага, Буда- пешт қалаларында болып өз таланттарын танытқалы 20-30 жылдар бо- лыпты. Жастар арасында əнді, музыканы насихаттау жағынан «Бодрая смена» үлкен қызмет атқаруда.
Чехославакиялық достардың мектептерінде өздеріне тəн айтарлық- тай музыкалы методика жоқ деуге болады. Оларда жоғарыда айтылғандай, түрлі музыкалы тəлім-тəрбие, методикалы əдістерді қолдана келіп,бала- ларды жастайынан əнге, биге, музыка тыңдауға, əн музыкалық жұмбақ түрлі көрсеткіш, дыбыс құралдарын пайдалана отырып, олардың музыка- лық қабілетін адмытып, эстетикалы талғамын, музыкаға деген талға- мын,құмарлығын, құштарлығын бір бағытта тəрбиелеуде. Нота сауатыны мен нотаны оқу, білу оларды əндетіп айту мен тығыз байланыста жүргізі- леді екен.
Чехославакияда мектептерінің оқу мерзімі 12 жыл, балалар 6 жастан бастапбірінші сыныпқа барады. Музыка сабағы 1-9 сыныптарды арнаула пəн ретінде бір сағаттап барілгенде 10-12 сыныптарда біздегі секілді фа- лултативті жүргізіледі. Чехия мектептерінен бір ерекшелігі, оларды му-
зыка сабаының арнаулы программасы жоқ. Сабақты жоспарлау, оның ме- тодика жақтарын оқытушының өздері қарастырады. Музыка сабағын бе- ретін оқушыларға жыл сайын өткзілетін методикалық семинарлар мен конференцияларда жалпы методикалық нұсқаулар беріліп отырады. Бірін- ші бесінші сыныптарға музыка сабағын өз сыныбының оқытушысы береді де, алтыншы сыныптан жоғары арнаулы білімі бар оқытушылар жүргізеді. Музыка сабағын үлгене алмаған балаларды арнаулы мектепке көшіріп, онда екі-төрт жыл оқытып, өзінің бұрынғы сыныбымен мектебіне қайта отырғызады. Себебі əн айтуға дауыстары жоқ сыныптағы екі-бес оқушы- лардың əнлді айтып үйрену қабілеті нашар болғандықтан оларды басқа оқушылармен бірге қалдырып бір программамен жүргізу оқытушы үшін көп еңбек.
Батыс европа туысқан елдермен біздің Балтика бойындағы туысқан республикамыздың мектептеріндегі – музыка сабағының барысында, оқы- тылу методикасында көтеген жетістіктердің бар екендігінде күмəн жоқ. Оларда мектептің алдында отбасын балабақшадан бастап балалардың музыкалы қабілетін дамыту мəселесі қойылады. Мұның төңірегінде көп- теген арнаулы мамандар еңбектерінің жетістіктерін методикалы нұсқау- ларға, арнаулы, көмекші музыкалық оқу құралдаарына жазылған, бүгінгі күндері нотамен əн, хор айту халық музыкалы аспаптарда ойнау бір салта- натты музыкалы дəстүрге айналып кеткен.
Жапония мектептерінде музыка сабағын беру жайы басқа елдерден айтарлықтай ерекшелігі бар, олардың бірінші сыныбында музыка сабағы аптасында үш рет болса, екі мен сегізінші сыныптарда аптасына екі рет, ал тоғызыншы сыныпта аптасына бір рет берілген.
Музыка сабағын орта немесе жоғары білімдері бер мамандарағ бару жіктелеген. Мектептерде оқушылардың ырғақты қабілетін дамыту ісі алға қойылған сол мақсатпен оларға: балалар бақшасынан бастап тамбурин, кастаньэта, бубна, кіші барабан, ұшбұрыш əрі тарелка тəрізді ұрмалы соқ- пылы аспаптарда түрлі ырғақты соғып үйретеді. Сонымен қатар оқушы- ларды металлафон, ауыз гармоны, физгармония секілді музыкалы аспап- тарда, өздерінің айтып үйренген əндерінің үзіндісін осы аспаптарда ойнап, игеру жағына үлкен көңіл бөледі жапония мектептерінің барлығында хор үйірмелері бар, олар аптасында екі рет дайындығын жүргзеді. Ал, балалар бақшасында музыканың ролі күшті. Онда музыкалы тəрбие сабағы күн сайын бір сағаттан өткізіліп тұрады.
Балалардың музыкалық тəрбиесінде орындалатын тапсырма бойын- ша, есту, екпін, музыка тыңдаумен, əн айту, аспапта ойнаумен шектелмеу керек, музыкалық тəрбиенің мақсаты-шығармалық орпозиясын өсіріп оты- ру керек, жан-жақты дамып, өздігінен теріп ойнай білу, өзі ойлап шығара білу керек. Мұндай жұмысты сөзбен, қимылмен, бимен, портопианомен
іс-əрекетпен көрсете білу қажет. Тығыз шығармашылық достық компо- зиторлардың əрқайсында халықтар арасында шығармашылық ұжымдар- мен, əнші-солистермен, көрші мемлекеттермен арақатынасты ұлғайтып шығармаларының өсуге көмектесті. Шығармашылық жетістіктер, түпкі идеямен дүниежүзімен байланыс жасап дүниежүзінің прогресивтік өнерде алғашқы оранда тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет