Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет172/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Ф илософия тарихы
Әдептілік діни жатсынуға тәуелді емес, себебі ол өз заңына сүйеніп, өзінше 
өмір сүреді. Ал дін - Құдайды ең жоғары идеал немесе Құдай алдындағы парыз 
ретінде түсінетін біздің барлық міндеттілігіміздің жиынтығы. Осыдан келіп, 
Кант: «Құдайға жағамыз деп сақгап жүрген діни институтгардың тіпті де қажеті 
жоқ, тек әдептілік императиві негізінде тақуалы өмір сүрсең болғаны» деген тұ- 
жырым жасайды.
Әдептілік императиві тұрғысынан Кант құқық, мемлекет, саясат мэселелерін 
де қарастырады. Оның пікірінше, қоғамдық өмірде элеуметтік қарама-қайшылық 
елеулі орын алады. Ал осындай қоғамда эркім өзінше шексіз бостандыққа ұм- 
тылғандықтан, олардың бостандықтары бір-бірімен қарама-қайшылыққа түседі 
де, әр азаматқа тэн табиғи қасиеттерінің дамуына мүмкіндік туады. Осы негіз- 
де қалыптасқан мәдени өркендеу кейбір жеке адамдарға қайғы-қасірет, жамандық 
экелуіне қарамастан, жалпы адамзат үшін ілгері басып, үдей түсуі қажет, онсыз 
прогресс болмайды. Ал мемлекет болса, қолына шогырланған билікке сүйеніп, 
адамдардың жеке түлға ретінде қалыптасуына жағдай жасай бермейді. Сондықтан 
мемлекеттік билікті әдептілік императиві негізінде қалыптасқан құқық арқылы 
шектеу керек. Осының арқасында мемлекет дами келе, онда құқықтық, азаматтық 
қоғамның қалыптасуына жағдай жасайды.
Канттың бірбеткей міндеттілік этикасының кейбір пікірлері XIX жэне 
XX ғасырлар философиясының дамуына зор эсер етгі. Ал XIX ғасырдың орта- 
сынан бастап Францияда, Германияда Кант ілімін жаңартып, дамытқан ілімдер 
пайда болды.
Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814 
ж.) - философиялық ілімдер ғылымдар 
теориясы (ғылымдар туралы гылым) ретінде қандай да болмасын білімнің негізін 
көрсетулері керек деген пікірді өз ілімінің басты қағидасы етіп алған ойшыл. Не- 
гізгі еңбектері: «Ғылым туралы ілім» 
(1794), 
«Адамның міндеті» 
(1800), 
т.б.
Фихте «өзіндік затты» танып-білуге болмайды деген пікірді мойындамайды 
жэне оны сынға алады. Оның пікірінше, алгашқы бастама барлығын қамтитын, 
анықтаушы нақтылық - абсолюттік «Мен». «Мен» өзінің дамып отыратын іс- 
әрекетінің арқасында өзінің алғашқы бастама кезеңіндегі (сана - субъект) ақыл- 
ойдың нақтылығына қарама-қарсы жағдай - «басқа Менге» (табигат - объект), 
одан кейін өз дамуының үшінші сатысы - екеуінің өзара қарым-қатынасына 
айналады. Бүл жердегі «Мен» - рух, жігер, әдептілік, сенім үғымдары, «басқа 
Мен» табигат жэне материя ұғымдары болса, олардың өзара қатынастары син­
тез - бүрмалаушылыққа қарсы күресіп жатқан адамның жігерін көрсететін 
ұғым. «Басқа Мен» (табигат - объект) нақты өмір сүріп қана қоймай, «Менге» 
эсер етіп, кейбір жағдайларда оның іс-әрекетін де айқындайды. «Басқа Меннің» 
(табиғаттың, объектінің) әсерімен болтан іс-эрекетті біз танып-біле алмаймыз, 
бірақ бұл «әсерді» тікелей сезінеміз. Сөйтіп, теориялық іс-әрекеттің негізін- 
де бейсаналық іс-әрекеттің жатқандығын көреміз. Ал «Меннің» іс-әрекеті деп 
Фихте субъектінің «эдептілік мінез-құлқын» айтады. Демек, адамның іс-эрекеті- 
нің мақсаты - әдептілік зандары мен парызыңды орындау. Бүл мақсатгы жүзеге 
асыруда қоршаган ортамен тығыз байланысты адамның тэн табиғатынан туын- 
дайтын оның табиғи қабілеттері қарсы болады. «Менге» қарсы түрып, оны іс-әре- 
кетке итермелейтін «басқа Мен» дегеніміз айналып келгенде осы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет