Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Дәстүрлілік пен жаңашылдьп^ философиясы



Pdf көрінісі
бет264/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Дәстүрлілік пен жаңашылдьп^ философиясы
2 9 3
айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективтік өмір сүретіндігін мойындай- 
ды, сонымен бірге дүниені жаратушы Қүдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің 
дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. Кейбір зерттеушілер Ыбырай- 
ды стихиялық материалист, дінге қарсы болған деп айтып жүр. Мәселені нақты 
қарасақ Алтынсарин Шоқан сияқты татар және Бұқарадан келген молдалардың 
уағыздайтын діннің озбыр түріне қарсы болтан. Н.И. Ильминскийге 1882 жылы 
12 қыркүйекте жазған хатында татар жэне Бұқара молдаларынан оқыған жастар өз 
діні жағынан толық мешеу, оның есесіне мұсылман еместің бэріне өшпенділікпен 
қарайтын болып шығады деп көрсетеді. Мұндай дүние молдалардың барлық 
ақыл-парасатты тек Мухаммед дінінен тапқысы келетінін қатты сынайды.
Қай идеология болмасын ресми жэне монополиялық түрге айналса, ерте ме, 
кеш пе оның тоқырауға ұшырайтыны занды. Ыбырай мұсылман дінінің моно- 
полиялық, ресми идеология болып тұрған кезіндегі озбыр түріне қарсы шықты. 
Мұнымен қатар Алтынсарин қазақ балаларына христиан дінін зорлап үйрету- 
шілерге де үзілді-кесілді қарсы болды. В.В. Катаринскийге 1888 жылдың 20 ақ- 
панында жазған хатында А.Г. Бессонов деген мүғалімнің оқушы қазақ балалары­
на інжіл мен оның парыздарын уағыздағаны туралы қатты ренжіп жазады. Ыбы­
рай: «...мұнымен, тек оқытушылар мектебінің келешегін ғана емес, онымен қабат, 
жалпы орыс-қазақ мектептерінің бэрінің де келешегін мүлде бүлдіріп алуымыз 
мүмкін ғой!»112 - дейді.
Алтынсариннің этикалық жэне эстетикалық көзқарастары қүндылығы жэне 
маңызы жағынан ерекіне орын алады. Мысалы, «Жаз», «Өзен» деген өлеңдерде 
табиғатгың сұлулығы, көкорай шалғынды көркі, күмістей сылдыраған суы, көк 
жиектің мұнарланған сағымы шебер тілмен суреттеледі. Бұл шығармалар жастар- 
Ды сүлулықты, ғажайып табиғатты сүйе білуге, құрметтей білуге тэрбиелейді. 
Ағаріушылық жөніндегі көптеген хатгары мен жазбаларында қазақ балаларына ән- 
күйден, сурегген сабақ беру керек екендігін мәселеетіп қояды. Бүдан Ыбырайдың 
жастарға эстетикалық тэрбие берудің маңызын жоғары бағалағандығын көреміз.
Этикалық тэрбие жөніндегі пікірлердің ой тұжырымдарын бағалы асыл мұра 
деуге болады. Ең алдымен, Ыбырайдың өз басы өте жоғары дәрежелі мәдениет 
иесі болғандықтан айта кету керек. Оның достары мен көңілдестеріне жазған 
хаттарында кішіпейілділік пен ізгіліктің белгісі айқын көрінеді. Ұстазы болған 
Н.И. Ильминскийге жазған хаттарында үлкен құрмет пен ілтипат сезімдерін біл- 
діріп, ал өзінің шәкірті есебінде болған А.А. Мозохинге жазған хаттарын үдайы 
«сүйікті досым» деп бастап жазады. Кейбіреулерге ағарту жүмысындағы кемші- 
ліктері үшін қатгы сөз айтып, реніш білдірсе, артынан артық кеткеніне кешірім 
сұраған көңілін білдіреді.
Жастарды инабатгылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары 
ерекше орын алады. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейірімділік, кішіпейілділік 
сияқты қасиеттерді қырда өскен балаларға түсінікті болатындай әңгіме, мысал- 
дар арқьілы жеткізе білді. Ыбырай элеуметтік мэселелерді көптеген еңбектерінде 
талқылайды. Ресей оқу орьшдарынан білім алып, өркениеттен нэр алған Алтын­
сарин демократиялық, ағартушылық идеяларын қазақ елінде жүзеге асыру үшін
112 Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. - Алматы, 1988.-306-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет