«Абайтану» курсы қазақ және орыс тілде оқытатын білім беру ұйымдарда (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) мемлекеттік тілде вариативтік сағат есебінен жүргізіледі. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Кіріспе. Абайтану курсының маңызы. Абайтану курсы, мақсат- міндеттері, өзектілігі. Бағдарламадағы ұлы ақын шығармаларын терең түсіну арқылы халқымыздың салт-дәстүрін, қазақ тілінің құдіретін таныту арқылы жетілген, толысқан ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ әдебиетінің дарынды өкілдерінің ішінде асқан талантты, көркем сөздің зергері, не жазса да жүрегінің әмірімен жазатын ақын, сазгер, философ Абайдың есімін айшықтап көрсету. (1 сағат.)
І бөлім. Абайдың өскен ортасы ( 8 сағат)
Абайдың өмірбаяны («Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша). М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы» «Қайтқанда» тарауы. Абайдың туған жері мен өскен ортасы, отбасы. Бала Абай бойындағы ерекше қасиеттер. (2 сағат.)
Абайдың тәрбие алған ортасы. Абайдың отбасы туралы тарихи деректер. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан, әжесі Зеремен арасындағы қарым-қатынасты көрсететін
үзінділер. (2 сағат)
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясындағы жас Абай бейнесі. «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша жас Абай бейнесінің сомдалу ерекшелігі. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді, Абайдың балалық, жастық шағы. (2 сағат.)
Абай ұрпақтарының шежіресі. Ұлы ақынның ұрпақтары, олардың тағдыры. Абай ұрпақтары туралы естеліктер, зерттеулер. Абай ұрпақтарының
бүгінгі тынысы. (1 сағат.)
ІІ бөлім. Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары ( 8 сағат)
Абай және қазақ халық ауыз әдебиеті. Ақынның халық даналығын танытуы. Туған әдебиетінің даналығы, сөз өнері. Қорқыт баба, Асан қайғы, Қазыбек, Әйтеке, Дулат, Бұқар Ауыз әдебиеті – Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы. (1 сағат.)