"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


-тарау. "Орыс әдебиеті" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет7/61
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#82866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61
Байланысты:
v1900018382.07-03-2019.kaz (1)

2-тарау. "Орыс әдебиеті" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. "Орыс әдебиеті" пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына – 68 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. "Орыс әдебиеті" оқу пәні бойынша бағдарламаның мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер күтілетін нәтижелер түріндегі сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады: дағды немесе білік, білім немесе түсінік.
6. Әрбір бөлімше ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары, мұғалімдерге өз жұмыстарын жоспарлауға және білім алушылардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
7. Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады: "Түсіну және мәтін бойынша жауаптар", "Мәтінді талдау және интерпретациялау", "Бағалау және салыстырмалы талдау".
8. "Түсіну және мәтін бойынша жауаптар" келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) терминдерді түсіну;
2) көркемдік шығарманы түсіну;
3) жатқа оқу және цитата келтіру;
4) жоспар құру;
5) мазмұндау;
6) сұрақтарға жауаптар.
9. "Мәтінді талдау және интерпретациялау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) жанр;
2) тақырып және идея;
3) композиция;
4) эпизодттарды талдау;
5) кейіпкерлерге мінездеме;
6) түрлі түсінік формасындағы шығарманың көркемдік әлемі;
7) автордың қатынасы;
8) әдебиеттік тәсілдер және бейнелеу құралдары;
9) шығармашылық хат.
10. "Бағалау және салыстырмалы талдау" келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркемдік туындыны бағалау;
2) көркемдік туындыны өнердің өзге түрлеріндегі туындылармен салыстыру;
3) әдебиет туындыларын салғастыру;
4) пікірді бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет