"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


-тарау. "Орыс әдебиеті" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет9/61
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#82866
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61
Байланысты:
v1900018382.07-03-2019.kaz (1)

2-тарау. "Орыс әдебиеті" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. "Орыс әдебиеті" пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. "Қазақ әдебиеті" пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бөлімдер біліктілік немесе қабілет, білім немесе түсінік күтілетін нәтижелер түрінде сыныпты оқыту мақсаттары бар бөлімшелерден тұрады.
6. Әрбір бөлімшеде реттік тәртіпті сақтап ұйымдастырылған оқыту мақсаттары мұғалімдерге өз жұмыстарын жоспарлауға және оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оларды келесі оқу кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.
7. Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады: "Түсіну және жауап беру", "Анализ және интерпретация", "Бағалау және салыстыру".
8. "Түсіну және жауап беру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) терминдерді түсіну;
2) көркем әдебиет шығармаларын түсіну;
3) жатқа оқу және цитата келтіру;
4) жоспар құру;
5) мазмұндау;
6) сұраққа жауап беру.
9. "Анализ және интерпретация" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жанр;
2) тақырып және идея;
3) композиция;
4) эпизодтарды талдау;
5) кейіпкерлерді сипаттау;
6) әр түрлі формасындағы шығарманың көркем әлемі;
7) автор көзқарасы;
8) әдеби тәсілдер және көрнекі құралдар;
9) шығармашылық жазу.
10. "Бағалау және салыстыру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем әдебиет шығармаларын бағалау;
2) көркем әдебиет шығармаларын басқа өнер туындыларымен салыстыру;
3) әдеби шығармаларды салғастыру;
4) сөйлеуді бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет