Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.)



бет10/76
Дата23.10.2016
өлшемі12,18 Mb.
#77
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76

45. 4-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.).



Сабақ тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Сағат саны

І-тарау. Өзін-өзі тану бақыты

1

Өзін-өзі тану – өмірді тану

«Өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктер. 4 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінің мазмұны; адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылық.

1

2

Білімге құштарлық

Білім құндылығы туралы түсінік. Білім, даналық ұғымдары туралы мағұлұмат; Білімге, оқуға қызығушылық.

1

3

Ойлы бала озар

Ой ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Терең ойдың, ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығы; ойлай білу іскерліктері.

1

4

Менің сыныбым – менің ұжымым

Ұжым, достық құндылықтары туралы түсінік. Ұжымның адам өміріндегі маңыздылығы; өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастары.

1

5

Менің арманым

Жақсы ниетпен армандай білу және оған қол жеткізуге ұмтылу. Арман ұғымы туралы түсінік.

1

6

Ата-баба өнері

Өнер құндылығы туралы түсінік. Ата-баба өнері, соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығы;

1

7

Тілім менің тірегім

Тіл, Отан құндылықтары туралы түсінік. Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығы.

1

8

Мен елімнің азаматымын

Оқу, Отан, ел, махаббат құндылықтары туралы түсінік. Туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығы.

1

ІІ-тарау. Адами қарым-қатынасқа үйренейік

9

Жақсы сөз – жанға қуат

Сөз, бақыт құндылығы туралы түсінік. Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығы; жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктері.

1

10

Адал достық

Достық құндылығы туралы түсінік. Адал достықтың мәні; өзара сыйластық қарым-қатынастары.

1

11

Ашу – дұшпан, ақыл – дос

Ұстамдылық, сабырлылық адами қасиеттер туралы түсінік. Ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәні; өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.

1

12

Қуаныш – жан шуағы

Бақыт, сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсінік. Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәні; өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.

1

13

Кешірім мен келісім

Достық құндылығы және татулық, кешірімділік адами қасиеттері туралы түсінік. Кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығы; шынайы достық қарым-қатынастар жасау іскерліктері.

1

14

Ортақ іс табысы

Еңбек, сыйластық, ынтымақ құндылықтары туралы түсінік. Ынтымақ, бірліктің адам өміріндегі маңызы; бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктері.

1

15

Құрметтей білейік

Құрмет, сыйластық құндылықтары туралы түсінік. Құрмет, сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығы; ізетті қарам-қатынас жасау іскерліктері.

1

16

Жақсылық жасай білейік

Қайырымдылық, қамқорлық, жақсылық құндылықтары туралы түсінік. Жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігі; жақсы істер жасай білу іскерліктері.

1

ІІІ-тарау. Адам болам десеңіз...

17-18

Талаптыға нұр жауар

Білім, өнер құндылықтары туралы түсінік. Талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығы.

2

19

Ақылды тыңдай білу де өнеге

Сыйластық құндылығы туралы түсінік. Ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығы.

1

20

Өзімшілдік пен көпшілдік

Бірлік құндылығы және көпшілдік адами қасиет туралы түсінік. Көпшілдік, өзімшілдік ұғымдары туралы түсінік; өзара сыйластық қарым-қатынастары.

1

21

Батылдық пен өжеттік

Халық, Отан, махаббат құндылықтары туралы түсінік. Батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік; шешім қабылдай білу іскерліктері.

1

22

Еңбекқорлық пен еріншектік

Еңбек құндылығы туралы түсінік. Еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсінік.

1

23-24

Төзім мен табандылық

Төзімділік, табандылық тәрізді адами қасиеттер туралы түсінік. Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығы.

2

25

Сабыр түбі – сары алтын

Сабырлылық, ұстамдылық тәрізді адами қасиеттер туралы түсінік. Сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығы; жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.

1

26

Жақсылықтан жақсылыққа

Жақсылық құндылығы туралы ұғымдар. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы; жақсылық жасау іскерліктері.

1

IV- тарау. Әсемдік әлемінде

27-28

Табиғатқа қамқорлық

Табиғат құндылығы және қамқорлық адами қасиеті туралы түсінік. Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы; табиғатқа қамқорлық жасау түсінігі.

2

29

Жер-Ана

Жер ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Жердің адам өміріндегі маңыздылығы; жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастары.

1

30

Су – өмір көзі

Су ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Судың адам өміріндегі маңыздылығы; суға қамқорлық жасау іскерліктері.

1

31-32

Таза болса табиғат, аман болар адамзат!

Табиғат, денсаулық құндылықтары және табиғатқа қамқорлық адами қасиеттері туралы түсінік. Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсінік; денсаулығын күту іскерліктері.

2

33

Денсаулық өмір негізі

Денсаулық құндылығы туралы түсінік. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығы; денсаулығын күту іскерліктері.

1

34

Үйренгенім көп менің

Адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы түсінік. «Өзін-өзі тану» пәнінен 4-сынып бойынша алған білімдерін жинақтау.

1

      46. 4-сынып оқушыларының білімін бағалау.
      47. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 4-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
      48. Оқушы 4-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
      49. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.

3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      50. Оқушылар 1-сыныптың соңында:


      1) адамгершілік құндылықтар мен өзін-өзі тану, білім, елжандылық, еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, сүйіспеншілік сияқты жаңа ұғымдар, құндылықтар туралы алғашқы түсініктерді біледі;
      2) балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді;
      3) қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, Отан, денсаулық, әдептілік, өзара түсіністік, сыйластық құндылықтарын меңгереді;
      4) мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, шыншылдық сияқты адами қасиеттердің мәнін түсінеді;
      5) табиғатқа қамқорлық, денсаулықты сақтау, жасампаздық жарасымы туралы түсініктері қалыптасады;
      6) денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінеді, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және қолдана алады;
      7) өз ойын, сезімін, алған әсерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;
      8) Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтары туралы түсініктерді біледі;
      9) шынайы достық және қарым-қатынас қуанышының мәнін сезінеді, құрбыластары мен үлкендер арасындағы достық пен сыйластықты бағалай біледі;
      10) оқушы құқығы мен міндеттерін біледі және оларды қолдана алады.
      51. Оқушылар 2-сыныптың соңында:
      1) бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар мен білім, ой, сөз, іс, татулық, махаббат, шындық, ар, ұят, обал, сауап сияқты жаңа ұғымдар туралы кеңейтілген түсініктерді біледі;
      2) оқуға құштарлыққа талпынуды, ұстаздарын сыйлауды, халық даналығын бағалауды, отбасылық дәстүрлерді сақтауды, туған өлкені аялауды, ана тілін құрметтеуді үйренеді;
      3) адамның өзіне және өзгелерге деген махаббат, мейірімділік, сенім, шыншылдық, адалдық, әділдік, батылдық, құрмет сияқты жағымды қасиеттері, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер мен эмоциялардың көрінісі туралы түсініктері болады;
      4) қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достық қарым-қатынас жасай алады;
      5) адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы бастапқы түсініктері болады, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым-қатынас жасайды;
      6) адамдармен қарым-қатынаста достаса білуді, өзара келісімге келуді, түсінісуді, тіл табысуды, кешірімді, кішіпейіл, көпшіл бола білуді, көңіл күйін басқара алуды біледі;
      7) денсаулығын күтуді және сақтауды біледі;
      8) өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алады, мектепте, үйде, қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін қолдана алады.
      52. Оқушылар 3-сыныптың соңында:
      1) бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді және өзін-өзі тануға құштарлық, білім, іс, қиял, сөз, бірлік, Отан, ризашылық пен алғыс, өнер, ақыл, еңбек, мақтаныш, мейірімділік, жақсылық, адамгершілік, адамшылық сияқты жаңа ұғымдар туралы терең түсініктер алады;
      2) адами сезімдер мен эмоцияларды, өзінің эмоциялық күйін ажырата біледі;
      3) мораль, этика мәселелерін талқылау барысында өзінің пікірін білдіріп, өз сөзіне және ісіне жауапкершілік таныта алады;
      4) адамның жағымды және жағымсыз сезімдері мен әрекеттерін ажыратып, олардың себеп-салдарын талдай алады;
      5) шаңырақ сыйластығы, ұл бала мен қыз бала достастығын біледі;
      6) денені шынықтыру қажеттігін түсінеді, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алады;
      7) топта, сыныпта, отбасында өзіне және өзге адамдарға көңіл бөліп сыйлайды, сондай-ақ бейтаныс адамдармен өзара жағымды, достық қарым-қатынас жасай алады;
      8) өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет көрсете алады;
      9) табиғаттың өмір сүрудің негізі ретіндегі маңызын түсінеді;
      10) қоршаған ортаға қамқорлық танытып, табиғи көздердің тазалығын сақтай біледі;
      11) оқу кітаптарын саналы түрде таңдай біледі, өз мінез-құлқын әдеби кейіпкерлердің әрекеттері арқылы бағалай алады.
      53. Оқушылар 4-сыныптың соңында:
      1) адамгершілік құндылықтар мен өмірді тану, білімге құштарлық, ойлылық, ұжымшылдық, арман, ата-бала өнері, тіл, туған ел, жақсы сөз, адал достық, қуаныш, ашу мен ақыл, кешірім мен келісім, ортақ іс, құрмет, жақсылық жасау, талаптану, тыңдай білу, өзімшілдік пен көпшілдік, батылдық пен өжеттік, еңбекқорлық пен еріншектік, төзім мен табандылық, сабырлылық сияқты жаңа ұғымдар туралы терең түсініктер алады;
      2) өзінің сезімдері мен талпыныстарын көрсете алады, жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерін тежей алады;
      3) өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;
      4) этика ережелерін біледі және іс жүзінде қолдана алады;
      5) табиғатқа, жер-анаға, суға қамқорлық жасай алады;
      6) денсаулықты сақтау және нығайтуды біледі;
      7) адам мен табиғаттың үйлесімділігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсерін сезіне алады, табиғатқа қамқорлық жасайды;
      8) өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінеді, ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатысты екенін біледі, қоғамға қызмет етудің мәнін түсінеді.
      54. Мектептің бастауыш сатысына арналған рухани-адамгершілік білім беру мазмұны «Өзін-өзі тану» пәні бойынша БМЖМС-да қабылданған рухани-адамгершілік білімнің жалпы мақсаттарына және оларға сәйкес күтілетін нәтижелер жүйесіне қол жеткізу құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасы    


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі   
№ 115 бұйрығына      
9-қосымша         

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін
«Музыка» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


      2. Бастауыш сыныптардағы «Музыка» пәні оқушылардың рухани және адамгершілік тұлғасын қалыптастыратын негізгі пәндердің біріне жатады. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін оятып, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелейді.
      3. Музыка оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың қиялын, есте сақтау қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігін арттыруына ықпалын тигізеді.
      4. Оқыту мақсаты:
      1) оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру;
      2) көркемдік талғамын тәрбиелеп, шығармашылық қабілетін дамыту.
      5. Оқыту міндеттері:
      1) оқушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейту, музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастыру;
      2) музыкалық шығармаларға өзінің көзқарасын білдіре білу;
      3) музыкалық-шығармашылық әрекет барысында, тәжірибелік дағдыларын іске асыру;
      4) музыка тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, мәнерлі қимылдар жасау, суырып салу.
      6. Бағдарлама мазмұны қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері және республикамыздағы өзге халықтардың музыкалық мұрасымен танысады. Бағдарлама музыка өнерінің даму заңдылықтарын түсінуге бағыталып, өмірімен байланысын көрсетеді.
      7. Музыкалық білім беру мазмұнының негізінде келесі ұстанымдар іріктелген:
      1) түсініктілік ұстанымы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, музыкалық қабілетінің дамуына ықпал ететін тиімді әрі қолайлы оқу материалдарын қолданады;
      2) үздіксіздік ұстанымы барлық сыныптар арасындағы сабақтастықты, мазмұн, шығармашылық жағынан жүйелілік пен бірізділікті білдіреді;
      3) тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айту және аспапта орындау тәсілін бойына сіңірудегі басты әдіс болып табылады;
      4) шығармашылық ұстанымы оқушының бойындағы қабілетін аша түсіп, өнермен араласу барысында жетістікке жетуіне ықпал етеді.
      8. Музыка сабағындағы негізгі әрекеттердің түрлері:
      1) музыка тыңдау – музыка талғамын қалыптастыру: мәнерлі де көркембейнелі ырғақтар, аңдар мен құстардың үні, адамның сөйлеу дауысы, табиғаттың үніне еліктеу сияқты музыкалық қиялын дамыта түседі; музыканы мән беріп, аса ұқыпты тыңдап, музыкалық аспаптардың тембрлік бояуын ажырату;
      2) білімділік әрекеті музыка мәнерлігінің негізгі белгілерімен танысу; музыка сауаты: жоғары, орта және төмен дыбыстар; дыбыстың қатты немесе ақырын естілуі; тез, орташа және жай екпіндер; музыканың көңілді – мұңды, салмақты – үрейлі сипаты; музыканың мәнерлеу белгілері мен түрлері туралы қарапайым түсінік: екпін, ырғақ, дыбыс күші, ән шумағы, күйдің буыны, аяқталған шығарма;
      3) ән орындау орындаушылық әрекеттің негізгі түрі болып табылады; мұғалімнің негізгі міндеті: әр түрлі сипаттағы әндерді көркем әрі мәнерлі орындауға машықтандыру; балаларды күш салмай табиғи дауысымен айтуға дағдыландыру;
      4) музыкалық аспаптарда орындау топ болып домбыра және ұрмалы аспаптарды меңгеруге негізделген; домбыра үйрену тәсілдері халық әндерінің негізінде жасалған жаттығу – тұғыр орындау түрінде жүргізіледі; музыка сабағында таяқшалар, ағаш қасықтар, қоңырау, сылдырмақтар сияқты тағы да басқа ұрмалы аспаптарды қолдану ырғақтық сүйемел жасауға көмектеседі; музыка аспаптарында орындау және музыкаға сәйкес би қимылдарын жасау оқушыға шығарманың жалпы мінезін және екпіні мен бояу ерекшеліктерін сезінуге көмектеседі; жұмыстың бұл түрі баланың музыкаға деген сезімі мен ынтасын арттыра түседі.
      9. Шығармашылық тапсырмалар баланың қиялы мен фантазиясына негізделген; шығармашылық импровизация музыка сабағында алған білімін пысықтаудың бірден-бір тәсілі болып табылады; сабақта төмендегідей жұмыс түрлерін пайдалануға болады: ырғақтық ойындар мен ырғақтық сүйемел, музыкаға сәйкес қимылдар жасау, музыканың мазмұнына сай сурет салу, әндерді, ертегілерді, аңыз-күйлерді сахналау.
      10. Музыканы оқыту барысында мынандай пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:
      1) «Қазақ тілі»: сөздің және музыкалық интонацияның байланысы; тілдік және музыкалық есту қабілетін дамыту; ойдың толық, түсінікті болуына, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына мән беру;
      2) «Әдебиеттік оқу»: тілді дамыту; әннің мәтініне көңіл бөлу;
      3) «Бейнелеу өнері»: музыкадағы табиғат құбылыстарын бейнелеу (су ағысы, аттың шабысы, құстардың ұшуы, жайлау көрінісі); музыка тыңдауға көркем сурет туындыларын пайдалану; тыңдаған шығармаларына сурет салып келу;
      4) «Дүниетану»: табиғат бейнесін музыка тілімен сабақтастыру; музыка шығармаларында кездесетін жан-жануарлар атаулары мен жер атаулары;
      5) «Математика»: қарапайым математикалық ұғымдарды, музыка шығармаларын талдауда қолдану (ырғақ, өлшем, екі-төрт буынды, т.с.с);
      6) «Еңбекке баулу»: оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарын көрнекілік ретінде пайдалану;
      7) «Дене шынықтыру»: ритмикалық қозғалыстарға музыка сүйемелін пайдалану; музыкалық ойындар.
      11. Оқу жылындағы барлық сағат саны:
      1) 1 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат;
      2) 2 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;
      3) 3 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;
      4) 4 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.

Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны

      12. «Музыкалық аңыз әлеміне саяхат» – 9 сағат:


      1) музыка суреттейді;
      2) музыка бейнелейді («Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Тепеңкөк», «Жетім бала»);
      3) музыка сөйлейді;
      4) әсем әнге билейміз.
      13. «Ғажайып сырлы аспаптар үні» – 7 сағат:
      1) дархан даланың үні – сыбызғы;
      2) табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз;
      3) саздан туған сазсырнай;
      4) аңыздан жаралған аспап – жетіген;
      5) аспаптардың атасы – қобыз;
      6) жақсылыққа жол ашқан сиқырлы аспап.
      14. «Ән көңілдің ажары» – 9 сағат:
      1) көңілді әндер;
      2) музыкалық жанрлар жайлы түсінік: ән, би, марш;
      3) музыканы кім шығарады;
      4) менің сүйікті мерекем.
      15. «Отан от басынан басталады» – 8 сағат:
      1) бесік жыры;
      2) ақ мамам;
      3) асыл әже;
      4) менің әліппем
      5) мұғалім ол біздің;
      6) қазақы дастархан;
      7) ҚР Гимні.
      16. Ән орындау кезінде:
      1) 1-сынып оқушысына ән айту дағдысын қалыптастыруға ұқыптылықпен қарап, дауыс диапазонының мүмкіндігіне лайық жұмыс жасау;
      2) әннің мазмұнын ұғынып, сөзін дұрыс орындауға машықтандыру;
      3) дауыс аппаратын дұрыс пайдаланудың алғашқы жолдарын үйрету;
      4) сөйлеу және дикция тазалығына аса мән беру, ән айту мәдениетінің алғашқы жолдарын қалыптастыру талап етіледі.
      17. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», «Бесік жыры», Н.Тілендиев «Ақ мамам», Н.Тілендиев «Әжеме», Б.Ғизатов, Ж.Нәжімеденов «Әліппе», Б.Ғизатов «Мұғалім ол біздің», М.Омаров «Қазақы дастархан», халық әні «Еркем-ай», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Ана», И.Нүсіпбаев, Х.Талғаров «Домбырасыз ән қайда», Б.Байқадамов «Айгөлек», М.Оразбаев «Бала уату», Г.Гусейнли, Т.Муталибов «Шөжелерім», А.Еспаев, А.Дүйсенбиев «Ақтайлақ», Е.Өміров, К.Елубаев «Қаздарым», К.Қуатбаев, А.Тоқмағамбетов «Ақша қар», Б.Аманжолов, Е.Утетлеуов «Наурыз – тәуір қыз».
      18. Аспапта орындау кезінде:
      1) ұрмалы аспаптарды меңгеру арқылы ырғақтық есту қабілетін қалыптастыру;
      2) домбыра аспабын орындаудағы әдістәсілін меңгеру (халық әндерінің негізінде).
      19. Музыка тыңдау:
      1) 1-сыныпта музыка тыңдау оқушының ең басты жұмыс әрекетінің жетекші түрі ретінде ұсынылады, оқушы музыка тыңдау арқылы пәннің негізгі мазмұнын игеруге талпынады;
      2) яғни, бұл жұмыс әрекеті оқушының музыканы түсініп қабылдауына, ішкі терең сезімін оятып, музыкаға деген көзқарасының қалыптасуына және қоршаған ортаны суреттеп, бейнелей алуына бағытталады, музыка тыңдау – оқушының музыкалық әсерінің қалыптасуында ұзақ уақыттар бойына жинақтайтын маңызды процестердің бірі болмақ;
      3) бұл арқылы әр түрлі музыкалық иірімдермен сусындап, мазмұны мен ерекшеліктерін ажырата біледі, халық әндері мен балаларға арналған түрлі әндердің ырғақтық ерекшелігі, күйаңыздарының мазмұнымен сабақтасқан музыка тілі, би және марштық ырғақ т.б.;
      4) тыңдауға арналған шығарманың ұзақтығы бір немесе екі минуттан аспайды.
      20. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», халық күйі «Ақсақ құлан», халық күйі «Нар идірген», халық күйі «Тепеңкөк», халық күйі «Жетім бала», халық күйі «Аңшының зары», халық күйі «Қасқыр», халық күйі «Сыбызғы сыры», халық күйі «Қос мүйізді Ескендір», халық күйі «Салкүрең», халық күйі «Бозінген», халық әні «Қара жорға», халық әні «Қамажай», халық әні «Елім-ай», Б.Жамақаев «Махаббат вальсі», А.Жұбанов «Би күйі», Т.Сарыбаев «Наурыз-думан», С. Майкапар «Бирюльки» («Полька», «Менуэт», «Маленький командир»), С.Прокофьев «Балалар музыкасы: 12 жеңіл пьеса» («Вальс», «Шегірткелер шеруі»), П.Чайковский «Балалар альбомы» («Вальс», «Мазурка», «Марш деревянных солдатиков»), Ғ.Жұбанова «Балалар мен жас өспірімдерге арналған 12 пьеса» («Күй аңыз»), М.Омаров, К.Қазыбекұлы «Әнші, күйші, биші балапан».
      21. Музыкалық сауаттылық: дыбыс – төменгі, ортаңғы, жоғарғы; ұзақ, қысқа, қатты, жай; ырғақ – сөйлеу, музыкалық; динамика – қатты, жай, форте, пиано; екпін – жай, орташа, тез; алғашқы жанрлық ерекшеліктерді білу – ән, күй, би, марш; композитор орындаушы (жалпы мағлұмат беру) музыкалық аспаптар – домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, скрипка, труба, фортепиано, барабан; тембр – адамдар дауысы, музыкалық аспаптардың дыбысы, қоршаған ортадағы «музыкалық бояулар».
      22. Шығармашылық тапсырмалар:
      1) музыкадан оқушының алған әсерін әңгімелеп айту, суретпен бейнелеу, қимыл әрекет арқылы бағдарлау;
      2) ертегі тыңдау; ән-күйдің шығу тарихы жөнінде әңгімелесу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет